Пәннің мақсаты: Инклюзивтік білім беру ортасында балаларды оқыту мен тәрбиелеудегі инновациялық әдістердің негізгі мәселелерін оқып-үйренуге және шығармашылықпен болашақ қызметін атқаруға бағыт-бағдар беруге көмектесу.
«Инклюзивтік білім беру ортасында балаларды оқыту мен тәрбиелеудегі инновациялық әдістер оқытуды ұйымдастырудың әдістемесін меңгертіп, кәсіби дағдыландыру қалыптастыру.
Пәнді оқытудың міндеттері студенттердің инклюзивтік білім беру ортасында балаларды оқыту мен тәрбиелеудегі инновациялық әдістердің теориялық негіздері бойынша білімін қалыптастыру:
Балалардың инклюзивтік білім беру ортасында балаларды оқыту мен тәрбиелеудегі инновациялық әдістер білім берудің мазмұны және әдістерімен таныстыру әдістемесі:
инклюзивтік білім беру ортасында балаларды оқыту мен тәрбиелеудегі инновациялық әдістер білім беруде оқыту процесін ұйымдастырудың жолдарын үйрету
Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың негізгі бағыттары ретінде, келесілерді бөліп көрсетуге болады: арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың нормативтік- құқықтық және ұйымдастырушылық-экономикалық негізі мен механизмдерін жетілдіру;
инклюзивті білім беруді дамытудың әдіснамалық, оқу-әдістемелік негізін жетілдіру;
білім алушыларды жекелеген түзету-педагогикалық және әлеуметтік- психологиялық қолдауды іске асыру, білім алушыларға мектептік қауымдастықтың маңызды және белсенді қатысушысы болуына мүмкіндік беретін жайлы білім беру ортасын құру, өзі-өзі бағалауға, оқуға және әлеуметтенуге уәждемені арттыру;
қолжетімді «кедергісіз орта» құру және білім алушыларды теңгерушілік құралдармен қамтамасыз ету, инклюзивті білім беруді іске асыратын білім беру ұйымдарын кадрлық қамтамасыз етуді жақсарту;
ерекше оқытуды қажет ететін тұлғалардың келешекте мамандықты меңгеруде техникалық және кәсіптік, жоғары білім беру деңгейіндегі оқуын жалғастыру үшін жағдай жасау;
Мүмкіндігі шектеулі балаларды әртүрлі деңгейлеріне инклюзивті білім беру ұйымдарының шарттары
Инклюзивті кеңістік құрудың педагогикалық шарттары
Мазмұнды-ұйымдастырушылық және бағалаушылық компоненті (кесте құру).
Жалпы білім беру үрдісіне эмоциональды-еріктік ортасы бұзылған балаларды қосу және ұйымдастыру шарттары
Жалпы білім беру үрдісіне тірек - қимыл аппараты бұзылған балаларды қосу және ұйымдастыру шарттары