Ырғыз ауданының 2016-2020 жылдарға арналған аумақты дамыту бағдарламасы



бет24/31
Дата12.10.2020
өлшемі0,54 Mb.
#65912
түріБағдарламасы
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   31
Жолдар және көлік

Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 233 шақырымды құрайды, автомобиль жолдарының қызметін қамтамасыз ету жұмыстарына, жылма-жыл бюджеттен қаражат бөлініп жолды қалыпты жағдайда ұстау жұмыстары жүргізіліп келеді.

2014 жылы бюджеттен 14028,0 мың тенгеге жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының қызметін қамтамасыз ету мақсатында жаз айларында автомобиль жолдарын тегістеу, бүлінген жерлерін қалыпқа келтіру, көпірлерді, су ағар трубаларын тазарту, өрт қауіпсіздігі шараларын жүргізу және қыс айларында жолдарды қар басудан тазартып отыру жұмыстарын жүргізіліп, автомобиль жолдары қалыпты жағдайға келтірілді.

Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының төлқұжатын жасақтауды, сонымен қатар,Ырғыз-Құтикөл бағытында- 21, Ырғыз-Нұра- 90, Ырғыз-Құйлыс- 90 шақырым аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын қалыпты жағдайда ұстау үшін, күрделі жөндеу жүргізуді қажет етеді.

Автомобиль көлігімен жолаушылар тасымалдауды жақсарту мақсатында Ырғыз-Ақтөбе бағытында тендерден жеңіп алған «Жібек Жолы 21 ғасыр» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тұрақты жүргізіп келеді. 2010 жылдан бастап республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының жақсаруына байланысты «Ырғыз-Ақтөбе» бағытында үлкен автобустар жолаушыларды тасымалдауда. Ырғыз ауданы бойынша автомобиль көлігімен жолаушылар тасымалдау бағыттары бойынша тұрақты жүргізілуде.

Алайда, 4 елді мекендер автомобиль көлігімен жолаушылар тасымалдау маршрутымен қамтылмаған.

Жоспарланған іс-шараларды жүзеге асыру нәтижесінде жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы облыстық және аудандық маңыздағы жолдардың үлесі 52,0 %-ға немесе 1997 шақырымды құрады (2011 ж. - 44%).

Сумен қамту

Ырғыз ауданы бойынша 20 елді мекеннің жетеуі орталықтандырылған су құбыры арқылы ауыз сумен қамтылған, қалған 13 елді мекен тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтуды қажет етеді. 2014 жылы Қалыбай ауылына сумен жабдықтау обьектісінің құрылысы, Құмтоғай ауылына селоішілік су құбырының құрылысы салынды.



Жылумен қамту

Ырғыз ауданы бойынша 2014-2015 жылға күзгі-қысқы маусымға жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мекеме кәсіпорындарға 1206 тонна қатты отынға, 1027 тонна дизел отынына барлығы 160,7 млн. тенге бөлініп, толық игеріліп 49 нысан қажетті отынмен қамтамасыз етіліп, қалыпты жылу берілді.

Сонымен қатар аудан тұрғындарына жыл сайын 3000 тонна қатты отын қажет етеді. Жылда жеке кәсіпкерлер аудан халқын қатты отынмен қамтамасыз етіп отырады.

Газбен қамту

Аудан газбен қамтылмаған. Ырғыз селосына тартылатын «КС-13-Шетырғыз-Ырғыз» жоғарғы қысымды газ жеткізу құбырының құрылысы жүргізілуде. Жоба бойынша 2015 жылы аяқтау көзделген. Жобаның жалпы құны 6133,7 млн.теңге. 2012-2014 жыл аралығында 64,9 км газ құбыры құрылысы жүргізілді.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет