Ырғыз ауданының 2016-2020 жылдарға арналған аумақты дамыту бағдарламасы


БАҒЫТ: Ауылдық аумақтарды дамыту, экология



бет25/31
Дата12.10.2020
өлшемі0,54 Mb.
#65912
түріБағдарламасы
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   31
2.2.4. БАҒЫТ: Ауылдық аумақтарды дамыту, экология

Ауылдық аумақтар

Физико-географиялық жағдайларды, экономикалық әлеуеті мен халықты қайта көшіру жүйесінің қалыптасуын ескере отырып, Ырғыз ауданы ауылдық елді мекендерден тұрады. Ауданда халықтың шоғырлануы 0,3 коэффициентті құрайды. Аудан тұрғындары 100% село халқына жатады.

Тұрғындардың Ырғыз селолық округінде 45,1%, Аманкөл селолық округінде 12,9%, Қызылжар селолық округінде 15,6%, Құмтоғай селолық округінде 8,1%, Нұра селолық округінде 8,6%, Тәуіп селолық округінде 6,3%, Жайсаңбй селолық округінде 3,4% шоғырланған. Оның ішінде аудан орталығы Ырғыз селосында барлық тұрғындардың 38,2% орналасқан.

Ауданда 19 ауылдық елді мекен (бұдан әрі - АЕМ) бар.Ауыл шаруашылығы және Экономикалық даму және сауда министрліктерінің бірлескен бұйрығымен бекітілген, Ауылдық елді мекендердің әлеуетін анықтау әдістемесіне сәйкес жүргізілген талдау нәтижесіне сәйкес, 19 елді мекен орташа әлеуетті АЕМ ге жатады.

Ауылдар негізінен мал шаруашылығына маманданған. Тірек есебінде - 2 АЕМ айқындалды.
Қатты тұрмыстық қалдықтарды жою

Ырғыз ауданы бойынша 19 елді мекенде 15,1 мың халық тұрады. Жыл сайын 5400 тонна тұрмыстық қатты қалдықтар әр селолық округтер бойынша арнаулы, белгіленген (34,6 га) алаңдарға шығарылады. Осы алаңдарды қалпына келтіру жұмыстары жылда жүргізіліп айналасы қалыпқа кетіріліп отырады.

Алайда аудан бойынша коммуналдық қалдықтарды бөлек жинау, сұрыптау, залалсыздандыру, қоймалау, қайта өңдеу және т.б. жаңа типпен салынған түрлі қалдықтарды орналастыратын полигон жоқ.

Алдағы уақытта ауданда қоршаған ортаға және адам денсаулығына зиян келтірмейтін типтік жобада полигон салуды қажет етеді. Бұл коммуналдық қалдықтарды полигондарда орналастыру бойынша қажетті инфрақұрылымын құру бөлігіне, орта және кіші кәсіпкерлікті тартумеханизімі ұйымдастырылады және коммуналдық қалдықтарды орналастыру бөлек жинау, сұрыптау, залалсыздандыру, қоймалау, қайта өңдеу экологиялық проблемалары шешіледі.

Аудан бойынша жасыл желектендіру мақсатында жыл сайын түрлі ағаш және бұталар көшеттері отырғызылып, оны күтіп баптауға бюджеттен қаржы бөлініп отырады. Елді мекен орталықтарына көгал алаңдары, гүлзарлар отырғызылып күтімге алынады.

Ауданда орман шаруашылығымен айналысатын мекеме жоқ, алдағы уақытта жасыл желектендіру және орман алқаптарын жыл сайын кеңейтіп, дамыту үшін орман шаруашылығымен айналысатын мекеме ашу қажет.

Жыл сайын ауданның елді мекендер аумағында көгалдандыру санитарлық тазарту және абаттандыру бойынша санитарлық тазалық айлығы өткізіліп жергілікті жолдардың жан- жағы, өзен жиектері, көшелер, мәдениет орындары тазартылып қалыпқа келтіріледі.

Даму проблемасы:

-аудан мүлдем газбен қамтылмаған;

-сапалы ауыз сумен толық қамтылуы-63,1%

-жергілікті маңыздағы автожолдардың жарақтылығы-8,1%

- канализация құбырлары жүргізілмеген;

- мектептердің бейімделген ғимараттарда орналасуы-68,2%




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет