Ырғыз ауданының 2016-2020 жылдарға арналған аумақты дамыту бағдарламасы


Қоғамдық қауіпсіздік және қылмыстың алдын алу



бет22/31
Дата12.10.2020
өлшемі0,54 Mb.
#65912
түріБағдарламасы
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   31
Қоғамдық қауіпсіздік және қылмыстың алдын алу

2014 жыл ішінде Ырғыз аудандық ішкі істер бөлімі бойынша 2014 жылы құқық бұзушылықтардың, қылмыстардың алдын алу, орын алған қылмыстарды ашу мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылды.

2014 жылы аудан көлемінде 130 қылмыс тіркелген, /2013 ж. 107/, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 23 қылмысқа, яғни 21,5 пайызға өскен.

Криминалдық полиция саласы бойынша 2014 жылы 122 қылмыс тіркеліп, 2013 жылмен салыстырғанда 27 қылмысқа өскен.

2014 жылы аса ауыр қылмыс тіркелмеген. 2013 жылы 3 қылмыс тіркелген. 2014 жылы топ болып жасалған 11 қылмыс тіркелген, 2013 жылы 31 қылмыс тіркеліп, өткен жылмен салыстырғанда 20 қылмысқа, немесе 64,6 пайызға кеміген. Қоғамдық орында 11 қылмыс, көшеде 8 қылмыс тіркелген, 2013 жылы қоғамдық орында 11, көшеде 8 қылмыс тіркелген, немесе өткен жылғы деңгейде. 2014 жылы мас күйінде жасалған қылмыс18, 2013 жылы 23 қылмыс тіркелген, өткен жылмен салыстырғанда 5 қылмысқа, немесе 21,7 пайызға кеміген.

Жыл ішінде тонау бойынша 1 қылмыс тіркелсе, 2013 жылы 2 қылмыс тіркелген, өткен жылмен алыстырғанда 1 қылмысқа немесе 50 пайызға азайған.

Ұрлық бойынша 58 қылмыс тіркелсе, 2013 жылы 69 қылмыс тіркеліп, өткен жылмен салыстырғанда 11 қылмысқа немесе 16,0 пайызға кеміген.

Пәтер ұрлығы бойынша 6 қылмыс тіркелсе, 2013 жылы 5 қылмыс тіркелген, немесе 1 қылмысқа 16,7 пайызға өскен.

Мал ұрлығы бойынша 11 қылмыс тіркелсе, 2013 жылы 27 қылмыс тіркелген, немесе өткен жылмен салыстырғанда 16 қылмысқы, 59,3 пайызға кеміген.

Бұзақылық бойынша 2014 жылы 9 қылмыс тіркелсе, өткен жылы 13 қылмыс тіркеліп, 4 қылмысқа, немесе 30,8 пайызға кеміген.

2014 жылы 2 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Сыбайлас жемқорлық пен экономикалық, нашақорлық және есірткіге қатысты қылмыстар болған жоқ.

Жол-көлік оқиғасының алдын алу, жол қозғалысы ережелерін сақтау мақсатында 2014 жылы «Пешеход» алдын алу шарасы 4 рет, «Назар аударыңыз-балалар» алдын алу шарасы 6 рет өткізілді.

Әкімшілік полиция бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторларымен селолық округтерде қылмыстарды болдырмау және алдын алу мақсатында ай сайын халық алдында есеп беру жиналыстары өткізілді. Сонымен қатар, халықпен жиірек кездесу, халықты кез келген уақытта қабылдау жұмыстары жолға қойылды.

Есірткі заттарын тұтынуды және таратуды анықтау мақсатында жастар көңіл көтеретін орындарда рейдтік тексерулер жүргізіліп, аудан мектептерінде және мекемелерде есірткінің зияны жөнінде 38 рет лекциялар оқылды. 2014 жылы «Есірткі-2014» «Допинг» жедел алдын алу шараларының 4 кезеңі өткізілді. Жүргізілген алдын алу шаралары кезінде есірткіге қатысты қылмыстар анықталған жоқ.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет