Ішек инфекциялары кезінде қолданылатын медбикелік күтім стандарттары



бет10/21
Дата26.10.2023
өлшемі263,8 Kb.
#188267
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   21
Байланысты:
Ішек инфекциялары кезіндегі медбикелік үрдістер
Тұмау, Акушер қызметіндегі психологиялық білім
Орындау алгоритмі:

  1. Асептика ережесін сақтап шприцтерді жинау;

  2. Шынтақ пен иық бөлігін жалаңаштап, көйлек жеңін түру;

  3. Шынтақ астына жастықшаны қою;

  4. Жгутты иықтың үшінші бөлігіне ілгіші төмен қарайтындай етіп, ал бос ұшын жоғары қаратып байлау;

  5. Науқасты қолын ашып-жұмып жұмыс істеуін және жұдырық түюін сұрау;

  6. Егетін жерін спиртке малынған мақтамен екі рет ауыстыра отырып сүрту;

  7. Сол қолдың үлкен саусағымен венаны анықтау;

  8. Иненің кесігін жоғары қаратып 45о та тері бетіне енгізу, сосын көктамырды пунктирлеу.

  9. Поршеньді өзіңе қарай тарту;

  10. Науқастан көктамырға түскеніңізге көз жеткізгенде жұдырығын ашуды сұраңыз;

  11. Поршеньді 5-10мл қан жинағанша тарта беріңіз, жгутты шешпеңіз;

  12. Жгутты шешіп, инені көктамырдан алыңыз;

  13. Еккен жерді спиртке малынған мақталы шарикпен басыңыз;

  14. Науқастан шынтағын бүгіп мақталы тампонды 5-7мин ұстауын сұраңыз;

  15. Шприцті қаныменен стерильді лотокқа қойыңыз;

  16. Спиртовканы жағыңыз;

  17. Сол қолыңызбен қорек ортасы бар флаконды түбінен ұстап басын спиртовка жалынында қыздырамыз;

  18. Жалын үстінде оң қолыңыздың 4-5-саусағымен флаконның тығынын ашыңыз;

  19. Сұқ саусағыңыз поршеньннің рукояткасында тұратындай етіп қаны бар шприцті оң қолыңызға алыңыз;

  20. Инені алып, тастайтын лотокқа салыңыз;

  21. Флаконды сәл қисайтып қабырғасы бойымен шприцтен қанды баяу шығарыңыз;

  22. Шприцті тастайтын лотокқа салыңыз;

  23. Флаконның басы мен тығынның түбін жағамыз;

  24. Флаконды тығынның сыртқы қағаздалған жағын ұстап жабамыз;

  25. Флаконды нөмірлеу;

  26. Гемокультурасы бар флаконға жолдаманы жапсыру;

  27. Науқастан қолын жазуын сұрап, мақталы тампонды дез.ертіндісі бар ыдысқа лақтыруын сұраймыз;

  28. Науқастың тұруына көмектесу;

  29. Маска мен қолғаптарды шешу;

  30. Қолынды жуып, кептіру;

  31. Қолданылған шприц пен инені дез ертіндісі бар ыдысқа салу;

  32. Флаконды бикске мақтамен немесе поролонмен нығыздап салу;

  33. Материалды бак.лабораторияға жеткізу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет