Құқықтану және жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері пәнінен дәріс жұмысы Дайындаған: аға оқытушы, заң ғылымдарының магистрі


Құқықтық мемлекет. Қазақстан Республикасы құқықтық және әлеуметтік мемлекет



бет3/6
Дата16.01.2022
өлшемі27,06 Kb.
#112294
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
1-Тақырып. Дәріс. Құқықтану және жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері. Ақпанбаев 3b01c85b18acea84ddaa8283e036c0c3
1-дәріс 3931cf2f993a8284d453995f02ab17c2, Formula 7 8 9 10 11
2. Құқықтық мемлекет. Қазақстан Республикасы құқықтық және әлеуметтік мемлекет

     Құқықтық мемлекеттің идеясы мен мұраттарының жаппай тарату қазіргі уақыттың құбылысы болады, адамдар бұл құбылыспен мемлекеттік және қоғамдық өмірдің демократияландыру перспективасын , әділдік пен адамгершіліктің жетістіктерін байланыстыруда.

Осыған байланысты  құқықтық  мемлекет ұғымын ашу  ,оның ерекшеліктері  мен ерекше сипаттарын  баяандау , қоғам өміріндегі ақиқат ролін  көрсету үлкен теориялық және практикалық мәнге ие болады.

      Құқықтық мемлекет мемлекеттік басқарудағы  құқықтық басымдығы  идеясынан шығып отыр , сондықтан  да тек қана ресми оргындар  мен  лауазымды  тұлғалардың  ниетін емес , сон-дай-ақ азаматардың және қоғамдық өмірдің басқа субъектілерінің құқықтарын , бостандықтары мен  мүделерін қамтамасыз  етіп , кепілдік беру  қажеттігін де  ескеретін  құқықтық  нысандар  мен әдістерге  басымдық  береді .  Құқықтық мемлекетке барлық экономикалық  ,  әлеуметтік  және рухани  процестерге , сондай-ақ  жеке тұлғалар арасындағ  өзара  қарым – қатынас  саласында кірісу жат құбылыс . Ол  қоғамдық қатынасқа түсушілердің арасындағы әрекетке айтарлықтай автономия  мен бостандық  бере отырып  , олардың  құқықтық  мәртебесінің нығаюына айырықша қаморлық  көрсетеді және  он сақталуын  қадағалап отырады.

      Өзінің бүкіл  қызыметінде  барлық азаматтар мен қоғамдық қатынастың басқа  субъектілерінің міндетті түрде және сөзсіз бағынуына  есептелген қатал басқарушылық және  бұйрықты нұсқаулардың нысандары  мен әдістері  басым болып келетін  этатистік мемлект  оған  қарама қарсы  болып  табылады.  Бұдан  , басқа , аталған субъектілердің бостандығы  мен дербестігі . олардың мемлекетке қатысты автономиялығы жоққа тән. Мемлекеттің ролінің  шектен тыс,  кейде қалыптан  тыс ұлғаюынан экономиканың ,  әлеуметтік  қатынастардың  барлық салаларының ,  азаматтардың  жеке өмірін тікелей өз қарауына және бағынысына алуғ деген талпынысынан , екінші кезектегі және ұсақ – түйек  мәселелердің шешуге  араласуынан тұратын этатистік қоғамың  басқа ерекшелігі   де  осымен байланысты. Жеке  тұлғаның және  тұрақты заң  нұсқауларынан ғана  емес, олардың  күнделікті араласып  отырған мемлекеттік  оргындар  мен лауазымды тұлғалардың  субъективті қарауына да байланысты Мемлекеттің жоғарыда аталған екі тобының арасындағы  аралық типтегі түрлі мемлекеттерболады , олардың бірінші және екінші  типтің белгілері  үйлесіп жатады. Олардың кейбіреуі этатистік мемлекеттерге  анағұрлым  жақын,  алайда  сөйте тұра  жеке құқықтық  принциптер мен  бастауға тырысады. Басқалары этатизмнің  белгілерін  жоғалтпай –ақ  құқықтық  мемлекетке  жақындауда.

     Құқықтық мемлекеттердің  пайда болуы  мемлекеттік – құқықтық процестердің  ұзақ  эволюциясының  заңды  салдары,  реакциялық  институттардың  орнына  озат,  прогрессивті  және  тйімді  институттардың  өзіндік  ерекше  «селекциясы» мен  мұқият  іріктелгендігінің  нәтижесі болып табылады. Бұған мемлекеттік басқарудың құқықтық нысанының  әміршілдігі -әкімшілік және полецейлік-бұйрықтық нысандарынан басымдығын  және пайдалығын  теориялық  ұғыну негізі болады . Құқықтық мемлекеттің  теориялық  бастаулары  түбірімен өткен шаққа  айналады деуге болады. Көне заманның озық  ойшылдары (Платон, Аристотель және басқалар) 090ы0ты4 позитивті ролін ескермейінше,  мемлекеттің құрылымы  мықты,  тұрақты  және сенімді  болуы мүмкін емес деген  пілірлер айтып кеткен. Құқықтың ролі  мемлекеттің басқарушылардың озбырлығына  тепе-теңдік ретінде  қаралады: заң әлдекімнің билігінде  болмауы керек  өйткені барлық  оргындардың, лауазымды  тұлғалардың жіне азаматтардың  әректерін  бағыттап  отыруға арналған..

     Алғашқыларда  бытыранқы және кедей жекеленген болжамдар түрінде  пайда болған,  кейіннен осы  идеялардың негізінде  құқықтық мемлекеттің тұтас тұжырымдамасы  қалыптасты.  Оның негізін салушылар ретінде Дж. Локкты, И. Кантты, В. Гумбольдты, Г. Еллинекті, К. Шмитті және басқаларды  атауға болады. Жекеленген мәселелер бойынша  бұл ойшылдардың бір біріне  ерекшелігі  болғанымен , басты  мәселеде – құқықтық  нұсқаулардың мемлекет  өзі  сөзсіз  орындап  отыруы  қажет екендігінде жіне қоғамдық өмірге қатысушылардың  барлығынан  осыны талап  етуінде – олардың  ойы бір  жерден  щығып отырды.

     Құқықтық мемлекеттің теориялық  тұжырымдамасының  ережелерін  бір қаттар  елдердің  өмір  тіршілігінде  практикадан  өткізу  консервативтік  күштердің  қарсылығына  тап болды және  оны күресте жеңе отырып  мемлекеттік жіне қоғамдық  қызыметтің барлық  жағының терең  жаңғыруымен бірге жүрді – мемлекетік жүйенің  принциптері жетілдірілді , жеке адамның міртебесі  айқын   мазмұнмен толықты , құқықтық құндылықтар бірінші  дірежелі маңызға ие болады, шенеуліктердің  бассыздығы азайып , олардың  қызыметі біртіндеп реттелген жіне тіртіптелген арнаға  түсе  бастады.    Адамзат  қоғамындағы  саяси дамудың  жаңа кезеңінің  белгісі құқықтық  мемлекеттер « отбасының » пайда болып , көбеюі. Бұл – мемлекеттік –құқықтық теория мен практиканың ғажап  жетістігі, бүгінгі заманға  өркениеттің  орнығуы. Құқықтық  мемлекеттер өзінің  өмір сүру фактісімен , өмірдің  барлық саласындағы   күнделікті  табысымен  басқа  елдерге  бағдар  болуда , оларға  әділетті   адамгершілік  қоғам  құрудың  жолын  көрсетуде.

     Ең дұрысы бұдан былай құқықтық мемлекеттердің саны  әлемде этатистік мемлекеттердің санының  азаюы  есебінен  өсетін болады. Бірақ  бұл – қарапайым түрде түсіндіруге болмайтын дамудың жалпы тенденциясы. Әр түрлі елдерде  әлеуметтік – саяси күштердің айқын ара  қатнасына байланысты  болжауға  қиын  өзгерістер  болуы  мүмкін, бұл өзгерістер, мысалы құқықтық мемлекеттің деңгейіне жетіп, сосын кенеттен олардан  кейінгі орнаған тоталитарлық немесе авторитарлық режимдер жағынан қарай  бұрылып  кететін жекелеге елдер  жоғарыда көрсетілген  дамудың  жалпы  тенденсиясына жатпайды. Тұтас алғанда прогресс заңды және  оның бейнесінің  бірі  құқықтық  мемлекет  принциптерін  нығаюы  болып  табылады.

Құықтық мемлекеттің белгілірі:мемлекеттік биліктің үш тармаққа бөлінуі, заң үстемдігі, мемлекет пен жеке тұлғаның өзара жауапкершілігі.құқықтық сана мен құқықтық мәдениеттің жоғары деңгейде болуы, дамыған азаматтық қоғам,нарықтық экономика, құқық қорғау органдарының тиімді жүесінің болуы, заңдардың халқаралық құқық нормаларға сәйкестігі т.б. Еліиізде билікті үш тармаққа бөлу принципі алғаш рет 1999 ж 25қарашада қабылданған «Қазақ ССР-інің мемлекеттік суверенитеті туралы» декларация негізінде енгізілді. 1993 жылғы конституция мемлекеттік билік заң шығарушы, атқарушы,және сот билігі болып бөлінетінін адам өмірі, оның бостандығы мен құқықтары қоғамдаы ең жоғарғы қңндылық екендігін жариялады. Қазіргі, 1995 жылғы конституция да осы қағыдаларды бекітті. Сонымен қатар елімізде әлеуметтік мемлекет құрылуда. Әлеуметтік мемлекет барлық әлеуметтік топтарын қорғауды оларға өз азаматтарына қамтамасыз ететін мемлекет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет