Қызылорда қаласы №197 қазақ орта мектебі



бет1/39
Дата06.02.2022
өлшемі0,74 Mb.
#37595
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39

-----------------------------------------------------------------«Республикалық 45minut.kz» басылымы

Қызылорда қаласы
197 қазақ орта мектебі
Информатика пәні бойынша
5 – 7 сыныптарға арналған
тест сұрақтарының жиынтығы
Абдрахманова Айгерим Сагатбекқызы


Информатика пәнінің мұғалімі

2014 жыл
Түсініктеме

Мен бұл әдістемелік құралымды « Информатика пәнінен 5 – 7 сыныптарға арналған тест сұрақтарының жинағы» деп алдым. Яғни, бұл құралда 5 және 7 сынып оқушыларына арналған тест сұрақтары қамтылған. Себебі, осы уақытқа дейін біз өзіміз пән бойынша тест сұрақтарын дайындап алып жүрдік. Әр бір сыныпқа әр ай сайын тест сұрақтарын дайындау үшін қаншама уақытымыз кететін, ал қәзір осы уақытқа дейін құрастырған тест сұрақтарымызды жинақтап, жыл сайын осы дайын тест сұрақтарымыз бойынша ала аламыз.


Өз тәжірибемде оқушы білімін бағалауда, тиянақтауда әр түрлі тест жұмыстарын пайдаланамын.
Тақырыптық тест, қайталауға арналған, 1 тарауға арналған тест, қорытынды тест , жылдық тест , деңгейлеп берілген тест.
Тест түрінде білім беруде оның мақсатын анықтау керек, тиісті материалдарды талдау, тексерілетін білім элементтерін анықтау, тест белгілі бір тәрттіппен жүргізіледі.
Тестпен жұмыста үлгерімі жақсы оқушылар тез жауабын тауып орындайды, болған оқушыларға бірін-бірі тексеруді ұсынамын.
Тест нәтижесін тексеруде оқушылардың өтілген материалдары қаншалықты меңгергенін, қандай көмек керек екенін білуге болады. Сабақтарда тест алу нәтижесінде:
1.Оқушының теориялық материалды игерудегі олқылықтары немесе жетістіктері анықталады.
2.Өзін-өзі бағалап, пәнге қызығушылығы, ынтасы артады, логикасы дамиды.
3.Өзіне деген сенімі артып ізденеді, өз бетімен білім алу жолын үйренеді.
4.Танымдық іс-әрекеті артып, тез шешім қабылдауға дағдыланады. 
Тест сұрақтары:

  • білім көрсеткішін анықтауға;

  • білім сапасын арттыруға;

  • тақырыптарды қайталауға;

  • тарауларды қайта меңгертуге мүмкіншілік береді.

Бұл тест сұрақтары - оқушының әр тарау болсын, тақырып болсын алған білімдерін бағалау үшін керек. Тек ол үшін ғана емес сонымен қатар осы тест сұрақтары арқылы біз оқушының деңгейін анықтаймыз, әрі қай тақырыпты жақсы меңгергендігін, қайта тақырыпты түсіне, меңгере алмағандығын анықтау үшін, оқушының деңгейін білуге де қажет деп ойлаймын.
Менің бұл жинағымда тест сұрақтары 5 және 7 сыныптарда өтілетін тақырыптар бойынша құрастырылған.
Есептеуіш техникасының даму тарихы, Ақпарат, Информатика, Компьютер және оның құрылғылары және арнайы Пернетақта құрылғысы, Алгоритм, Компьютерлік вирустар және Интернет тақырыптары қамтылған.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет