Қызықты қазақ тілі (7 сыныптарына арналған қазақ тілі пәнінен факультативтік курс бағдарламасы)



бет37/51
Дата06.02.2022
өлшемі2,69 Mb.
#79239
түріБағдарламасы
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   51
Байланысты:
Қазақ тілі авт жұмыс ЖҰЛДЫЗ

Ғалым болу арманым
Ғалым болғым келеді
Жер байлығын ақтарған.
Жалын болғым келеді
Гүл жасайтын тастардан.
Асқақтаған күй болып,
Шалқып тұрғым келеді.
Жарқыраған күн болып,
Балқып тұрғым келеді.
Артқа тастап ғасырды,
Тасып кеткім келеді.
Алатаудай асылды
Ашып кеткім келеді.
/Х.Талғаров/

  1. Тапсырма. Өнер ,ана,батырлық туралы 8 мақал-мәтелді дәптеріңе жаз.



ХІІІ. Туған жер.
25. Туған жер. Демалыс.
1- тапсырма. Мәтінді оқы, жалғастыр.
Туған жер – адам өмірінде киелі орын алады. Нақты осы жер оны елімен, өткенмен және болашақпен байланыстырады. Міне, сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап-ақ адамда отанға деген махаббат сезімі оянады. Әрбіріміз үшін Отан ошақ басынан басталады: туған жер, туған көше, туған қала немесе мен үшін туған кент. Менің Отаным кішкентай болса да, мен үшін аса қымбат жер.............

2- тапсырма. Құрастыр, одан кейін жауап бер»әдісі.Берілген сұрақтар бойынша диалог құр.


1.Отан неге оттан да ыстық...?
2.Отан үшін от кешкен кімдер?
3.Сен отан үшін қандай ерлікке барар едің?
4. Патриот болудың қажеттілігі қандай?

3- тапсырма. Жоғары дәрежелі сұрақтар: берілген сұрақтар көлемінде ойланып, жауап бер.
1.Отан неге оттан да ыстық...?
2.Сен үшін Отаннан да құнды не? Неліктен?

3.Сен Отан үшін қандай ерлікке барар едің?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет