Қызықты қазақ тілі
(7 - сыныптарына арналған қазақ тілі пәнінен
факультативтік курс бағдарламасы)
Құрастырушы:
№75 мектеп-гимназиясының қазақ тілі пәні мұғалімі
Кенжебекова Жұлдызай Құдабайқызы
Мазмұны
Түсінік хат
|
3-4
|
Оқу курсының қысқаша мазмұны
|
5-8
|
Күнтізбелік-тақырыптық жоспарлама
|
9-10
|
Оқу курсына арналған қосымша (тапсырмалар жинағы)
|
11-57
|
Пайдаланылған әдебиет тізімі
|
58
|
Түсінік хат
Бұл жаттығулар жинағы оқу-тәрбие жұмысы орыс тілінде жүретін мектептердің 7 сыныптарына арналған бағдарлама негізінде құрастырылған.
Көмекші құралдың негізгі мақсаты – оқушылардың қазақ тілінен алған теориялық білімдерін нығайту, кеңейту және сөздік қорын байыту, сөйлеу тілін дамыту.Сонымен қатар жинаққа туған жер, қазақ халқының тарихи тұлғалары, дәстүрлері туралы алынған мәтіндер оқушыларды туған жерді қадірлеуге, ұлы тұлғалардың өлшеусіз еңбегі оларды алға жетелеуге, салт-дәстүрімен мақтаныш етуге тәрбиелейді.
Оқушыларды теориялық алған білімдерін пайдалана отырып, сөйлемдегі сөздерді дұрыс байланыстырып сөйлеуге үйрету үшін
7 сыныпқа арналған бағдарламаға сәйкес жаттығулар берілді. Жинақта берілген жаттығуларды іріктеу кезінде оқушылардың жас ерекшеліктерін ескерумен бірге, олардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін арттыру мақсатында грамматикалық тапсырмаларды мүмкіндігінше түрлендіріп беру жағына көңіл бөлінді. Сондай-ақ, түрлі жағдаяттарға байланысты диалогтар, басталған сөйлемді аяқтау, берілген тірек сөздерді пайдалана отырып мәтін жазу, ойлау белсенділіктерін шыңдайтын қисынды сұрақтар берілді. Оқушылардың қабілетіне қарай деңгейлік тапсырмалар да ұсынылған. Оқушылар қандай да бір деңгейдегі тапсырмаларды өздері таңдайды. Тапсырмаларды қарапайымнан күрделіге қарай кезең-кезеңімен орындау міндетті емес. Оқушы тапсырманы өзінің орындау мүмкіндігіне қарай таңдауға ерікті.
Ұсынып отырған жинағымыз мұғалімдер мен оқушылар қауымына арналған.
Өзектілігі: Тіл дамыту сабақтарын сапалы әрі түрлендіріп өткізу оқушы тілін ұштай түсетіні ақиқат. «Қызықты қазақ тілі» курсы оқушылардың білім деңгейін арттырып қана қоймай, мәтінді оқып, түсініп, сұрақтарға жауап беріп, мәтінді мазмұндап, негізгі ойын анықтап, мәтіндегі сөйлемдердің мағынасын сақтай отырып басқаша құрастыру, толықтыру, таратып жазу және бұдан да күрделі тапсырмалар оқушылардың шығармашылық (креативті) ойын дамытатыны анық.
Мақсаты:
Оқушының жас ерекшелігін ескере отырып қазақ тілінен түрлі логикалық тапсырмалар беру арқылы, білімнің беріктігін қамтамасыз ету, баланың шығармашылық қабілетін дамыту, интелектуалдық деңгейін көтеру
Міндеті:
1. Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту және бағдарламалық білім, білік дағдыларын қалыптастыру, мазмұнын тереңдету;
2. Оқушының пәнге деген тұрақты қызығушылығын тудыру.
Достарыңызбен бөлісу: |