Сабақтың мақсаты: Өлеңді мәнерлеп оқу, мазмұнын ашу арқылы Қазақстан таулары жайлы білімдерін тереңдету



Дата21.04.2017
өлшемі71,67 Kb.
#14493
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: Алатау.

Сабақтың мақсаты: 1. Өлеңді мәнерлеп оқу, мазмұнын ашу арқылы Қазақстан таулары жайлы білімдерін тереңдету;

2. Ойлау, талдау, көркем сөздерді жинақтау арқылы шығармашылық қабілеттерін арттыру;

3. Отанына, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншіліктерін жеткізе білуге тәрбиелеу;

Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан картасы, таулар бейнеленген суреттер,үнтаспа, «Иә-жоқ»кестесі, «Адасқан әріптер» кестесі, бағалау парағы.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: түсіндіру, талдау, сұрақ-жауап,ойын, СТО, топтық жұмыс,әңгімелеу.

I.Ұйымдастыру кезеңі.

-амандасу;

-сабаққа дайындықтарын тексеру;

II Психологиялық дайындық

-қонақтармен сәлемдесу;

- Бүгін бізде ерекше сабақ өтпек, өйткені біздің сабағымызға қонақтар келіп отыр. Ендеше бәріміз бірге қонақтармен сәлемдесейік.

Күлімдеп бүгін сіздермен,

Сәлемдесіп алайық.

Қош келіпсіз бүгін сіз,

Әдеппен сізге қарайық

Жылы, жылы жүзбенен,

Жүрегімді сыйлайын.

Ыстық алақаныммен,

Көршіммен амандасайын. (отырады)

- Ал енді балалар, өз сыныптас достарыңызға әдеттегідей қандай ортақ тілектер айтар едіндер?

« Бірлік, ұйымшылдық, сәттілік, ынтымақтастық.»

«Ынтымақсыз – іс бітпес»

Олай болса дос болып, татулықпен, бір-бірімізге бірлесе,көмектесіп сабағымызды бастаймыз.

III.Үй тапсырмасын тексеру:

«КУБИЗМ СТРАТЕГИЯСЫ»



  1. Туған жер туралы мақал айт

  2. Қазақстан Республикасының бас қаласы?

  3. Аңыз дегеніміз не?

  4. Алдаркөсе туралы не білесің?

  5. Сыншы бала тұтқында не істейді?

  6. Баланың қожасы нелерді әкеледі?

  7. Сыншы бала қандай атқа отырады?

  8. Қандай ертегілеріді білесің?

  9. «Шаһар» деген не?

  10. ҚР қалаларын ата

IV. Қызығушылықты ояту

А) Армандайық:

- Қанеки,барлығымыз дөңгеленіп отырайықшы, көзімізді жұмып, мұғалімнің мәтінін тыңдай отырып армандайықшы... Өзімізді табиғат қойнауында жүргендей елестетейікші...Музыка.

Мұғалім: Міне арайлап таң атты. Жарқырап күн нұрын шашып тұр. Күннің алтын шапағы бетімнен сүйіп алғандай болды. Жүгіріп барып терезені аштым. Үйде таудан соққан самал желдің иісі аңқиды. Көз ұшында мұнартқан, қар мен мұздың қоймасы іспеттес бұлттармен таласқан алып таудың, аспан таудың бейнесі көрінеді. Мен таза ауаны кеудемді толтыра жұтып, таудың етегінде аққан тау суына көз салдым. Тамылжыта сайраған құстар, тауды жаңғырықтырған жануарлар үні де ерекше естіліп тұр. Табиғат ана бар сыйын осы тауға сыйлағандай. Табиғат- тіршіліктің бесігі болса, Мына Аспантау сол тіршіліктің қоймасы тәрізді. Мен болсам сол табиғаттың ақылды перзентімін. Аспан тау болса, менің ардағым, осы тау етегіндегі мекен- менің мақтанышым дегім келеді.

Ә).Сабақтың кілтін табайық.

-Балалар, осы мәтінді тыңдап отырып, өздеріңді қайда жүрмін деп елестеттіңдер?

-Мына балаға ат қойыңдар.

-Самат терезені неге ашты?

-Күннің шапағы қандай болды?

-Ол нені көрді ?

-Тауды неге теңейді?

-Неге Аспантау деп атайды?

Таудың етегінен нені көрді?

-Нелердің үнін естіді?

-Адам табиғаттың кімі?

-Табиғат ненің бесігі?

-Аспантау деп қай тауды айтып отыр?

-Алатаудың басында нелер жатыр?

-Алатаудың етегінде қандай қала орналасқан?

-Алатау Саматтың несі?

-Алматы ше?

-Алматы қай жылдан қай жылға дейін астанамыз болды?

- «Алатау–ардағым» деп сабақтың тақырыбын-кілтін шығарып аламыз да тақтаға ілеміз.

Б).Топта жұмыс жасаймыз.

-Оқушылар топ бойынша отырады. Топ жетекшілері сайланады.

1-топ: «Астана» 2-топ: «Алматы»

V. Мағынаны тану

А)«Алатау» өлеңін мәнерлеп оқу

-өлеңді шумақтармен оқушыларға мәнерлеп оқыту

-Өлең шумақтарындағы Алатау тауына байланысты теңдеулерді іздеп табу;

Мысалы: 1. Алатау- шың атасы

2. Рекордтардың атауы

3.Алатау- тау атасы

4.Алатауды үлкен қариямен салыстырады

Ә)Картамен жұмыс;

Алатау тауын картадан көрсету



Б) өлеңдерді салыстырып оқу

1. Жамбыл Жабаев «Алатау» өлеңі

2.Қасым Аманжолов « Алатау» өлеңдерін салыстыру

Б) «Венн диаграммасы»



VI. Сергіту сәті:

Тоңса біздің қолымыз

Қолғап киіп аламыз

Сарт- сарт-сарт

Шапалақ соғамыз

Тоңса біздің аяғымыз,

Етік киіп аламыз

Топ-топ-топ

Топылдатып билейміз

Тоңса біздің денеміз,

Тоңды киіп аламыз.

Зу-зу-зу


Шанамен зулаймыз

VII.Дәптермен жұмыс:

«Адасқан әріптер» ойыны

1-топ:Жауаптары: арыстан,түлкі, жолбарыс, борсық, қасқыр,аю.

2-топ: Жауаптары:өрік,алмұрт,жеміс,алма.



VIII. « Қиюын тап» ойыны

1.Отанды сүю отбасынан басталады.

2.Отан оттан да ыстық.

3.Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас.

4.Өзге елде сұлтан болғанша, өз елінде ұлтан бол.

5.Туған жердің ауасы да шипа.

6.Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.

7.Туған жердің жуасы де тәтті.

8.Отансыз адам- ормансыз бұлбұл.

9.Өз елің-алтын бесігің.



IX.Сабақты қорыту

«ИӘ-ЖОҚ» кестесі



Сұрақтары

«иә»

«жоқ»

1

Алатаудың басында үнемі қар жатады







2

Алатаудың етегінде Алматы орналасқан







3

Алатаудың қары көктемде ериді







4

«Алатау» өлеңінің авторы Ермек Өтетілеуұлы







5

Алатау қаланың аты







6

Бүркіт тек қана тау құсы







7

Алматыда «апорт» деген алманың түрі өседі







8

«Медеу» мұз айдыны Астанада орналасқан







9

Алатау бөктерінде жеміс ағаштары өспейді







10

Жамбыл Жабаевтың «Алатау» деген өлеңі бар







Х.Бағалау

Ә) Әр топ өз-өздерін бағалайды, бір-бірлерін бағалайды, қорытынды пікір жасалады.

Оқушылардың өзін-өзі бағалау картасы

XI.Жүректен жүрекке шеңберін құру.

А) Табиғатты қорғау туралы пікірлерін білдіру.

Табиғат - ол алтын бесік

XII Үйге тапсырма:

«Алатау» –шағын шығарма жазу.Өлеңді жаттау

Ақмола облысы

Бурабай ауданы

Щучинск қаласы

№4 орта мектебі



Әдебиеттік оқудан ашық сабақ

Тақырыбы: «Алатау»

Мұғалім: Токмаганбетова Р.С

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет