Ж. О. Жылбаев Бас редактордың орынбасары



Pdf көрінісі
бет27/35
Дата08.02.2022
өлшемі4,3 Mb.
#119337
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   35
Байланысты:
stud.kz-30550
. Тақырыптас шығармаларды қа
-
тар, салыстыра талдау. 
Бұл жұмысты 10-сыныпта ХХ ға-
сырдың басындағы қазақ әдебие-
тіндегі әйелдер теңсіздігі мәселесі 
бойынша М.Дулатовтың «Бақытсыз 
Жамал» 
романы, 
М.Сералиннің 
«Гүлһашима» дастаны, С.Көбеевтің 
«Қалың мал», С.Торайғыровтың 
«Қамар сұлу» романдарын өткенде 
жүргізуге болады, яғни «Бір мәселе, 
бір тақырып: бірнеше шешім, үйлесім 
мен қайшылық» сұрағы төңірегінде 
мәселе қозғау. Сонда оқушы көркем 
шығарма табиғатын, оның өзегіндегі 
автор идеясын, онымен байланыста 
кейіпкер тағдырының әртүрлі шеші-
луін суреткер түсінеді.
Ұқсастығы: 
1. Тақырыбы – қазақ әйелінің 
теңсіздігі. 
2. Автор реализмі, жастарды 
бостандыққа, теңдікке шақыру. 
3. Бас кейіпкерлер оқыған, ескіше 
көзі ашық, бостандықты аңсап, баян-
ды махаббат, теңдікке қол созады.
4. Осы жолда оларды қолдаушы-
лар бар /не шешесі, не достары/.
Осылайша айырмашылығы да 
талданады.
V.
 
Тарихи және көркем шындықты 
негізге ала талдау. 
Мұнда мұғалім тарих рең ғана 
болатынын, 
жазушы 
кейіпкер 
бейнесін жасауда өмір шындығын 
қалай 
пайдаланғанын 
назарда 
ұстауы 
керек. 
Ш.Құдайбердіұлы 
мен М.Абайұлының «Еңлік-Кебек» 
дастандарын, кейін М.Әуезовтің 
«Еңлік-Кебек» пьесасын оқытуда 
мұғалім үш туындының арқауы – ма-
хаббат трагедиясына үш суретке де 
замана сипаты, ел ішіндегі әлеумет-
тік жағдайға сәйкес қарағанына мән 
береді. Оқушыны мына сұрақтар 
төңірегінде іздендіруге болады:
1. Трагедиялық оқиғаның тууына 
қандай қоғамдық, әлеуметтік жағдай-
лар себеп болды? 
2. Неге Шәкәрім «Ақтабан шұбы-
рынды» оқиғасын өз сөзіне астар 
етіп алған? 
3. Ғашықтар трагедиясына кім, не 
кінәлі? Бұған өзің қалай қарайсың?
Осыған 
орай 
оқушы 
ой-
толғанысының үзігі: 
«Шәкәрім ғашықтар қазасын бір 
ру, топ, жеке адамның мойнына 
қоймайды. Қатігездік көптің тара-
пынан жасалған, сондықтан кінә 
жеке адамда емес, тұтас қоғамда. 
Кеңгірбай би де жастарға ара түсе 
алмай, заман мен жағдайға бас иген».
«Ақтабан шұбырындыны сөзіне 
астар етудегі мақсаты – трагедияға 
себеп болған қоғамдық, әлеуметтік 
жағдайларды анықтау, оқиғаның 
өмірлік мәнін көрсету. Шынында, 
қараңғылық пен ескі салт-сана 
дәуірлеп тұрған заманда ғашықтар 
тағдырының 
қайғылы 
аяқталуы 
қисынды деп ойлаймын» т.б.
Осылайша 
оқыту-талдаудың 
ұтымды жағы мынада:
1. Ақиқатқа жету, проблеманы 
шешу үшін ізденеді, зерттейді.
2. Оқығанды ой жүгіртіп, зерделеп 
қабылдауына негіз болады.
3. Оқушы мәтінге жүгініп, өз 
ойы, болжамын, көзқарасын айтуға 
машықтанады.
4. Оқытудың жалғаспалық, жүйе- 
лілік принципі тоғыса келіп, оқушыға 
терең білім беру жүзеге асады.
Мәнерлеп оқуға төселдіру. 
Қазақ 
тілі – әуезді тіл. Оның әуенге жақын-
дығын ғалымдар дәлелдеген. Бұл 


63
әсіресе поэзияда қатты байқалады. 
Сезім тебірентер өлеңдердің сонша-
лықты керемет әсер беретін қасиеті 
мүмкін дәл осы әуезділікке келіп 
тірелетін 
шығар. 
Жанымызды 
ерекше күйге бөлейтін музыка 
секілді өлеңнің де бізді басқа әлемге 
апаратын құдіреті бар.
Тыңдаушыға әсер ететін фактор 
тек өлең емес, оны оқитын адамға 
байланысты. Біреулер өлеңді су-
дыратып оқып шығады, біреулер 
эмоцианалды оқиды, біреулер әр 
сөзден соң кідіріп оқиды, біреулер
мәнерлеп оқиды. Бірақ мәнерлеп оқу 
дегеніміздің өзі не? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет