Эндокринология (грек. endon – ішкі, krіno – бөліп шығарамын және logos – ілім) – эндокриндік бездердің құ-рылысы, қызметі, олар бөліп шығаратын өнімдер – гормондар, сондай-ақ осы бездердің қызметі бұзылуы салдарынан туатын аурулар туралы ғылым. Эндокринология ғыл. пән ретінде 19 ғ-дың 2-жартысында қалыптасты. 20 ғ-дың бас кезінде әр бездің организмнің дамуын, тіршілік әрекетін реттеу процестерінде маңызы бар екені ашылып және олардың өзара байланысы анықтала бастады. Мұнымен қатар эндокринді органдар қызметінің үдеп не кеміп кетуінен немесе олардың өзара байланысы, т.б. ауытқуларынан пайда болатын бірқатар аурулар жөнінде мәліметтер жиналды. Эндокринологияның бұдан кейінгі дамуы әр түрлі ішкі секреция бездері түзетін гормондарды бөліп алу бағытында жүріп, гормондық препараттарды эндокринді және бірқатар эндокринді емес ауруларды емдеуге пайдалануға мүмкіндік берді.
Этиология генетикалық негізделген ауытқулар, қабыну процестер іісік процестері жарақат эндокриндік бездерді қанмен жабдықтаудың бұзылуы жүйке жүйесінің түрлі бөлімдерінің зақымдануы менгормондарға ұлпалық төзімділіктің дамуы.
Қант диабеті –бұл, ұйқыбезі гормоны – инсулиннің абсолюттік немесе қатысты жетімсіздігі салдарынан, қан құрамында қант деңгейінің созылмалы артуымен сипатталатын эндокриндік ауру. Ауру зат алмасудың барлық түрлерін, тамыр, жүйке жүйесі, сондай-ақ басқа жүйелер мен органдарды бұзуға әкеліп соғады.

Ерекшеленеді:
1. Инсулинге тәуелді диабет (қант диабеті 1 түрі) негізінен балалар мен жас адамдарда дамиды;
2. Инсулинге тәуелді емес диабет (қант диабеті 2 түрі) әдетте 40-тан асқан, артық салмағы бар адамдарда дамиды. Бұл аса таралған аурудың түрі (80-85% жағдайда кездеседі);