«Жаңаөзен қаласының №19 орта мектеп» мемлекеттік мекемесінің 2015-2016 оқу жылына арналған жылдық жоспары Жаңаөзен қаласы 2015 жыл Мектеп төлқұжаты



бет2/10
Дата05.11.2016
өлшемі1,74 Mb.
#1005
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Кеңестің төрайымы мектеп басшысы – Нугаева Зина Орысбайқызы

Кеңестің хатшысы - Оразымбетова Тамара Мадиярқызы

Мүшелері : 1.Оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары- Шутырова А.С.

2.Бастауыш сыныптар бойынша ОІМ – Жамалова А.

3.Әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары – Калмухамбетова Д.А.

4. Оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары - Абуева М.С.

5.Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары – Темиргалиева Ж.

6.Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары – Ермекова Ж.Д.

7.Қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі - Ерғалиева Б.

8. Математика пәні мұғалімі – Даулова С.

9. Алғашқы әскери даярлық жетекшсі- Музапбаров А.Ш.

10. Сурет пәні мұғалімі- Көшкімбаева М.

11. Бастауыш сынып мұғалімі - Утесинова Ж.

12. Орыс тілі мұғалімі- Кубжанова С.

13. Ағылшын тілі пәні мұғалімі – Тлеуова А.
Әдістемелік кеңес құрамы
Кеңестің төрайымы мектеп басшысы – Нугаева Зина Орысбайқызы

Кеңестің хатшысы – Нұрлыбаева Жанат

Орынбасары – Қалмүхамбетова Д.А. - мектеп басшысының әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары

мүшелері: 1. Шутырова А.С. – ОІМ

3. Ермекова Ж.Д - ТЖО

5. Янгибаева Г.А. – кәсіподақ төрайымы

6. Барлық пән бірлестік жетекшілері



І БӨЛІМ

ӨТКЕН 2014/2015 ОҚУ ЖЫЛЫНА ТАЛДАУ

Биылғы 2014-2015 оқу жылын 1-11 сыныптар аралығында 64 сынып комплектісімен, 1605/797 қыз баламен бастаған болатынбыз. МАД тобында 137 оқушы, 5 сынып комплектісі болды. Оқу жылының аяғын 1-11 сыныптармен қоса алғанда 1586/784 қыз баламен аяқтап отырмыз. МАД тобында барлығы 139/72 қыз бала бар. ІV тоқсан бойынша барлығы 3 оқушы кетіп, тоқсан бойынша 7 оқушы келді. Сонымен жылдық қорытынды бойынша мектептегі оқушылардың сандық мәліметі төмендегі кестеде көрсетілген:






МАД тобы

1-4 сынып

5-9 сынып

10-11 сынып

Барлығы 1-11 сынып

Оқушы саны

139/72 қыз бала

753/389 қыз бала

720/332 қыз бала

113/63 қыз бала

1586/784 қыз бала

2014-2015 оқу жылының жылдық білім сапасы – 57 %, үлгерім – 100%. Жылдық қорытындыны өткен оқу жылдарымен салыстырмалы түрде қарағанда көрсеткіш төмендегідей болды:

оқу жылы

Барлық оқушы

"5-ке"

"4" пен "5-ке"

барлығы

үлгерім

сапа

2012-2013

1477

188

609

797

100%

52,7%

2013-2014

1537

229

671

900

100%

58,5%

2014-2015

1586

260

645

905

100%

57,0%

Озат, екпінді оқушылар санын өткен тоқсандағы көрсеткішпен салыстыратын болсақ, оның нәтижесі төмендегідей:




ІV тоқсан

Жылдық

1-4 сынып

5-9 сынып

10-11 сынып

1-11 сынып

1-4 сынып

5-9 сынып

10-11 сынып

1-11 сынып

Үздік оқушылар

160

97

9

266

158

95

7

260

Екпінді оқушылар

326

255

46

628

335

264

46

645

Оқу жылының қорытындысы бойынша үлгермеуші оқушы жоқ. 2014 - 2015 оқу жылының басында Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігінің 09.04.2010 ж. шыққан №450 бұйрығы негізінде бастауыш және орта буын сыныптары бойынша 13 гимназия сыныбы, Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігінің 06.09.2010 ж. шыққан №445 бұйрығы негізінде ағылшын пәні бойынша 3 тереңдетілген сыныптар ашылған болатын. Олардың білім сапасы төмендегідей болды: Гимназия сыныптарының 2014-2015 оқу жылындағы білім сапасы:



2014 - 2015 оқу жылының ІV тоқсан қорытындысы

2014 - 2015 оқу жылының жылдық қорытындысы

Сынып реті

Оқушы саны

Үлгерім %

Сапа %

Сынып жетекшісі

Сынып реті

Оқушы саны

Үлгерім %

Сапа %

1



21

100

85,7

Берденова Айгүл



21

100

85,7

2



20

100

80

Елеусинова Сайлаш



20

100

80

3



21

100

66,6

Түменбаева Айшагүл



21

100

76,1

4



20

100

75

Шүмекеева Балжан



20

100

75

5



22

100

72,7

Жаңабаева Ләззат



22

100

77,2

6



22

100

77,2

Мейрова Толқын



22

100

81,8

7



26

100

57,6

Шадиманова Анар



26

100

57,6

8



25

100

52

Базарбаева Гүлдариға



25

100

52

9



26

100

76,9

Кобесова Кансұлу



26

100

76,9

10



27

100

70,3

Усербаева Қарлығаш



27

100

70,3

11



25

100

72

Нұрлыбаева Жанат



25

100

72

12



20

100

85

Оразымбетова Тамара



20

100

85

13



21

100

71,4

Самурадова Гүлжамал



21

100

71,4







296

100

71,9







296

100

73,3

Жалпы гимназия сыныптарының білім сапасы оқу жылының қорытындысы бойынша 73,3%, үлгерім 100% болды.

Жалпы тереңдетілген сыныптарда оқу жылының қорытындысы бойынша сапа – 76,0%, үлгерім - 100%. Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігінің 26.10.2004 ж. шыққан №974 бұйрығы негізінде 2014-2015 оқу жылының ІV тоқсаны бойынша денсаулығына байланысты 7 оқушы үйден оқуға мұқтаж болды. 2014-2015 оқу жылының қорытындысы бойынша «Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау жүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» ҚР Білім және ғылым министрлігінің 28.06.2013 жылғы №241 бұйрығының 4-тармағына және 23.05.2015 жылғы №5 педагогикалық кеңестің шешіміне сәйкес барлық оқу пәндері бойынша жылдық бағалары «5» болып үздік бітірген 1-4, 5-8 (9), 10 (11)-сыныптардың 252 оқушысы Мақтау қағазымен марапатталды. Мемлекеттік емтихан тапсырушы 9 және 11 сынып оқушыларының емтихандарын ұйымдастыру туралы Жаңаөзен қалалық білім бөлімінің 20.04.2015 жылғы №93-НҚ бұйрығы негізінде мектеп басшысының «2014-2015 оқу жылын аяқтау және білім алушылардың қорытынды аттестаттауын өткізу туралы» 20.04.2015 жылғы №22-НҚ бұйрығы шығарылды. 2014-2015 оқу жылында аралық аттестаттау және қорытынды аттестаттау өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары жасақталынды. Биылғы оқу жылын 5-8 сыныптар бойынша - 585 оқушы , 10 сыныптар бойынша - 78, барлығы 663 оқушымен аяқтадық. 5-8, 10 сыныптар бойынша «5» -ке аяқтаған озат оқушылар саны – 94. Осы аралықта 3 оқушы үйден оқиды, олар Байдулла Айдос және Қалдыбаева Аяулым (5ғ сыныбы) және Мурадова Баянсұлу (10б сыныбы). Осы оқушылар сыныптан-сыныпқа көшу емтихандарынан босатылып, қалған 5-8 (9), 10 (11)-сыныптардан барлық оқу пәндері бойынша жылдық және қорытынды бағалары «3», «4», «5» болған білім алушылар - 566 оқушы сыныптан-сыныпқа көшіру, яғни аралық аттестаттау емтихандарын тапсырды. Негізгі орта білім курсы бойынша бітіретін 9 сыныптарда барлығы 135 оқушы бар. Қорытынды аттестаттаудан (мемлекеттік емтиханға) 2 оқушы денсаулығына байланысты босатылды, ол 9А сынып оқушысы Үсенова Аягөз және 9Г сынып оқушысы Ерғалиқызы Самалдың құжаттары Жаңаөзен қалалық білім бөліміне тапсырылды. Қалған 133 оқушы үш пәннен міндетті және бір пәннен таңдауы бойынша емтихан тапсырды. 9Ә ағылшын тілінен тереңдетілген сынып, оқушылары ағылшын тілінен, қалған жай сыныптардың оқушылары бірауыздан Қазақстан тарихы пәнін таңдау пәні бойынша таңдап отыр. Мемлекеттік емтиханның, сыныптан-сыныпқа көшіру емтихандарының комиссия мүшелері құрылды, қосымша сабақ кестелері жасақталынды, өткізілетін уақыттары, орны белгіленді, барлығы көрсетілген мерзімде өткізілді. 9-сыныптар бойынша барлық бітірген 135 оқушының ішінде жылдық қорытындымен 7 оқушы үздік аяқтап, «Ерекше куәлік» иегерлері болды. Жалпы орта білім курсы бойынша бітіретін 11 сыныптарда барлығы 35 оқушы бар. 35 оқушының 35-і де Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысты. Маусымның 5-ші жұлдызы күні 11-ші сынып оқушылары Ұлттық бірыңғай тест тапсырды. ҰБТ-ге арыз берген 35 оқушы түгелдей қатысты. ҰБТ қорытындысы төмендегідей болды:

р/с

Қатысқаны

Алған балдары

Үлгерім%

Сапа%

Орта балл

0-49 балл

50-59 балл

60-69 балл

70-79 балл

80-89 балл

90-99 балл

100-125 балл

1

35

9

8

7

7

3

1

0

82,8

51,4

60,8

ҰБТ-те қанағаттанарлықсыз баға алған 6 оқушы болды, олар 11 «А» сынып оқушысы Абдыхалықова Мадина (физика пәнінен), 11 «А» сынып оқушысы Бабажанова Ақтоты (математика пәнінен), 11 «Ә» сынып оқушысы Ерленов Дамир (орыс тілі мен физика пәнінен), 11 «А» сынып оқушылары Орақұлы Дәулет пен Оңдаған Ңұрсұлтан (орыс тілі пәнінен) қанағаттанарлықсыз баға алуына байланысты мектептен мемлекеттік емтихан тапсырды. ҰБТ қорытындысы бойынша мектептің үлгерімі 82,8%, білім сапасы -51,4 %, жалпы орта балл – 60,8 болды. Мектеп ашылғаннан бері осы уақытқа дейінгі ҰБТ қорытындысын салыстырмалы түрде қарайтын болса, көрсеткіш төмендегідей:

Оқу жылдары

Қатысқан оқушылар саны

Жалпы ұпай

Орта ұпай

үлгерім

сапа

2011-2012 оқу жылы

52

2856

54,9

90,3%

36,9%

2012-2013 оқу жылы

31

1993

64,2

100%

93,5%

2013-2014 оқу жылы

26

2054

79

96,2

73,6

2014-2015 оқу жылы

35

2134

60,8

82,8

51,4

11 сыныптар бойынша барлығы 35 оқушы мектепті аяқтады. «Үздік аттестатқа» бітірген оқушы жоқ. 11 сыныпты жекелеген пәндер бойынша үздік аяқтаған 24 оқушыға «Мақтау грамотасы» берілді. 2014-2015 оқу жылында мектепішілік педагогикалық кеңестер мен директор жанындағы кеңес, әдістемелік кеңестер өз уақытында өткізіліп тұрды.

2014-2015 оқу жылында «Жаңа педагогикалық технологияларды қолдану, шығармашылық жұмыстарды зерттеу, қызметтік жүйені ұйымдастыруды жетілдіру арқылы мұғалімдердің кәсіби құзіреттілігін дамыту» тақырыбы негізінде мектептің әдістемелік жұмысы ұйымдастырылды. Жаңа оқу жылына жоспар жасақталып, мақсат, міндеттер қойылып, мектеп басшысына бекітілді. 2014-2015 оқу жылында мектепте 114 мұғалім қызмет етіп бастады.



Оқу жылы

Педагог саны

жоғары

Арн. орта

орта

2014-2015

114

74

40

-

Мектеп мұғалімдерінің санаты бойынша сапасы – 52% болды.


Оқу жылы

Педагог саны

жоғары

І

ІІ

санатсыз

Пайыз

2014-2015

114

18

27

27

40

52

Әдістемелік кабинетте 9 пән бірлестігі бар. Бірлестіктердің жетекшілері бұйрық бойынша тағайындалды. Бұл бірлестік жетекшілері жылдық жоспарларын жасақтап, сол бойынша өз жұмыстарын жүргізді. Бұйрық жасақталып, өздерінің апталықтары мен онкүндіктерін өткізді. Мектептегі әдістемелік жұмыстарды жүйелі жүргізіп, жаңаша жоспарлау оқу-тәрбие үрдісінің сипаты мен мұғалімдердің шығармашылық деңгейлерін арттыру мақсатында мектебімізде әдістемелік кеңестің жоспары жасақталып, кеңес мүшелері сайланды. Жыл басынан бері 6 отырыс өткізілді. Әдістемелік кабинетте шығармашылық топ, жас мамандар мектебі және озық тәжірибе мектебі жұмыс жасайды. Шығармашылық топ жетекшісі Ерғалиева Базаргүл, жас мамандар мектебінің жетекшісі Турушева Алмаш. Олар оқу жылына жоспар жасақтап, сол бойынша жұмыстар жүргізді. Жас мамандар мектебінде 18 жас маман бар. Оларға тәжірибелі тәлімгерлер бекітілген. Тәлімгерлер жоспарлары жасақталған. Педагогикалық озат тәжірибені - практика жүзінде іске асырылған алдыңғы қатарлы педагогикалық идеялардың жиынтығы. Озат тәжірибе педагогикада қазір бірнеше бағытта қарастырылады. Осы бағыттар арқылы шығармашылық бағыттың тиімділігі артады. Мектептегі қалалық озық тәжірибе мектебінің мүшелері сайланды. Бұл мұғалімдер мектепішілік, қалалық, облыстық ашық сабақтарын өткізді. 2014-2015 оқу жылында жоғары біліктілік санатқа 10, І біліктілік санатқа 5 мұғалім, ІІ біліктілік санатқа 5 мұғалім арыз берді. Ақтау қаласында өткен мемлекеттік мұғалімдердің біліктілік арттыру курстарынан 35 мұғалім, Назарбаев Зияткерлік мектебінен 3 мұғалім өз білімдерін көтеріп келді.

р/с

мектебі

Мемелекеттік

курстар


ақылы

Республикалық

Ақпараттандыру орталығы курстары

Зияткерлік мектептері

Барлығы

1

№19 орта мектеп

13

16

3

0

3

35

Білім ордасы атанатын әр мектеп ошағы қай кезде де жаңашылдықтың бастама баспалдағы болады. Сол сияқты №19 орта мектеп жаңашылдыққа қадам басқан педагогикалық үлкен ұжымдардың бірі. Өйткені үлкен ұжымда бірлікте білімділікте басқарып отырған мектеп директоры Зина Орысбайқызы Орал қаласында өткен «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы Кембридж университетінің Білім беру факультетімен бірлесіп әзірленген Қазақстан Республикасының жалпы білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша 640 академиялық сағат көлемінде курсты аяқтап, мектепке жаңа форматта оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін енгізді. Деңгейлік курстан өтіп келген мұғалімдер арасында «Шапағат» қоғамдастық мүшелері сайланып, құрылды. Мектепте МДЖ жасалып сол жоспар бойынша жұмыстар атқарылды. Қыркүйек айында мектеп басшысының тренері келіп, респуликалық «Оқыту мен оқудағы әдіс-тәсілдердің тиімділігі» деген тақырыпта семинар өтіп, Самурадова Г, Орынбасаров Ж, Оразымбетова Т сынды мұғалімдер ашық сабақ берді. Жыл бойы мұғалімдердің сабақтарына қатысып, зерттеу жұмыстары жүргізілді. Жаңа форматтағы 14 критерий бойынша мектеп мұғалімдерінің сабақтарына қатысып, мектептің сапалы оқыту нәтижесін 3 «жақсы» деп бағаладық. Сабақ барысында бақылау нәтижесі бойынша 80 мұғалімнің 24-сі «үздік», 26-ы «жақсы», 30 мұғалім «жақсартуды қажет етеді» деген баға алды. «Жақсартуды қажет ететін» мұғалімдер пәнді терең және оқыту әдістемесін нақты білу, сабақты сапалы жоспарлау мақсатында тәжірибелі ұстаздардың сабақтарына жүйелі түрде қатысып, үнемі кәсіби білімін жетілдіріп отыруды қажет етеді. Қала мектептерінде болып жатқан семинарларға 38 мұғалім қатысса, Облыстық, ресбупликалық семинарларға 27 мұғалім қатысып біліктілігін көтерді. Баспа беттеріне жарияланған материалдар:Қалалық баспаға жарияланған макалалар саны – 12, Облыстық баспаға жарияланған макалалар – 3, Республикалық баспаға жарияланған макалар – 5, Интернет сайттарға жарияланған макалалар – 20, барлығы 40. Ұлы Жеңіске 70 жылдығына арналған қалалық «Жас ұлан» әскери-спорттық жарысында «Пнематикалық мылтық ату» бойынша жеке біріншілік ұлдар арасында және Ака-74 автаматты шашып жинаудан 11 «А» сынып оқушылары Ойлашев Досым, Жоламанов Сүндет, І орынға ие болды. 11 «Ә» сынып оқушысы Досанова Дина «Әбіш оқулары-2014» сайысына қатысқаны үшін дипломмен марапатталған болса, «Ақберен» байқауында «Шешендік өнер» бағыты бойынша ІІ орын, «Фариза оқулары» сайысында ІІІ орынға ие болды. Дина дебат сайыстарына қатысып үздік нәтиже көрсеткен және Жаңаөзен газетіне өз шығармашылығынан макаласы жарық көрді. 11 «Ә» сынып оқушысы Есиркепов Мейіржан қалалық пәндік олимпиадасына қатысып, информатика пәні бойынша ІІ орын, облыстан ІҮ орынға ие болса, қалалық «Ең үздік веб-сайт» информатика пәнінен байқауында «Ең үздік веб-сайт» номинациясына ие болды. 7 «А» сынып оқушысы Тетуман Арайлымды, Әбдірахманов Қуатбекті қалалық, облыстық, республикалық ғылыми жоба байқауына қатысып, І,ІІ,ІІІ, орынды қанжығасына байлап, үздік нәтижеге ие болған. Станова Жазира облыстық Мағжан оқуларынан ІІ орын, Әбдіғали Нұрбек облыстық шығарма сайысынан І орын иеленді. Мектепте дарынды балалармен жұмысты жандандыру мақсатында дарын жетекшісі Мұхаммед Ерлан Рахметтуллаұлы сайланды. Жаңа оқу жылына жаспар жасақталып, бірнеше іс-шаралар атқарылды. Атап айтар болсам, Оқушылардың «Дарын» бойынша қалалық «Зерде» 1-7 сыныптар арасында ғылыми жобаларға қатысып жүлделі орындар алды. ҚР «Білім туралы» заңы мен ҚР Білім және Ғылым министрінің 16.11.2009ж №521 бұйрығымен бекітіліп, ұсынылған ҚР үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасы мектеп оқушыларының бойында адамгершілік және салауаттылық тұрмыс негіздерін қалыптастыруға, азаматтарды тәрбиелеуге, шығармашылық қабілетті дамытуға жұмылдырады. Осы міндеттерді шешуінің жауапкершілігі, мектеп оқушыларының жан-жақты тәрбие жұмысының жүргізілуі басты орын алады. Мектебіміздің тәрбие жұмысы «Бәсекелестікке қабілетті жан-жақты азамат тәрбиелеу» ұранымен жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Сол мақсатта №19 орта мектебінде 2014-2015 оқу жылына арналған тәрбие жұмысының жоспары жасалды. Тәрбие жұмысының мақсаттары мен міндеттері сынып жетекшілеріне №1 сынып жетекшілердің отырысында таныстырылды. 30-тамыз Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай 29.08.2014ж. «Патриоттық дәрістер» сабағы өткізілді. Жаңаөзен қаласының №19 орта мектебінде 01.09.14 күні «Ағашқы қоңырау» салтанатты жиыны болып өттсе, 08.09.14 күні «Денсаулық фестивалі-2014» іс-шара жоспары жасақталып, өткізілді. Қазан айында, қалалық білім бөлімі, Облыстық білім басқармасының 13.09.2014ж. №236-нқ бұйрығын орындау мақсатында 25.09-05.10.2014ж. аралығында мектепішілік «Ұстазым, менің ұстазым» атты тақырыбында 10 күндік мерекелік іс-шаралар жоспары жасақталып, өз дәрежесінде ұйымдастырылды. Кәмелетке толмағандар арасында кездесетін құқық бұзушылықтың алдын-алу, болдырмау, өскелең ұрпақтың адамгершілік қасиетін, салауатты өмір салтын қалыптастыру – бүгінгі күннің өзекті мәселесінің бірі. Мектебімізде жасөспірімдер арасында «Құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын-алу» бағдарламасын басшылыққа ала отырып, 2014/2015 оқу жылға арнап жылдық жоспар жасақталып, мектеп басшысына бекітілді. Қыркүйек айында, мектеп ішіндегі қиынға бейім оқушыларды анықтап, нақты тізімін алып, профилактикалық кеңес өткізіліп, оның нәтижесінде Тұрғабылов Сатжан, Ерленов Дамир, Достанов Жанибек мектепішілік есепке алынса, мектепішілік жалпы ата-аналар жиналысы өткізіліп, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы, мектептің жаңа оқу жылына дайындығы, Мектептің «Нұрсәулесі» қамқорлық қорының қызметі туралы айтылып, талқыланса, салауатты өмір салтының жұмыстарын жандандыру мақсатында мектепте наркобекет құрылып, мүшелері сайланып, стенділер шығарылды. «Азамат» ұлдар ұйымы мен «Қызғалдақ» қыздар ұйымының мүшелері сайланды. Құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында «Жігерлендіру тобы» мүшелері және полицияның жас көмекшілер мүшелері бірлікте сыныптарға рейд жұмыстарын өткізсе, түнгі рейдтерге де белсене қатысты. Қазан айында, профилактикалық кеңестің ІІ отырысы өткізіліп, қиын балалардың мәселесін қарап, мектепішілік 3 оқушыны 11 «Ә» сынып оқушысы Ерленов Дамир, 9 «Ә» сынып оқушысы Достанов Жанібек,7 «Г» сынып оқушысы Тұрғабылов Сатжан мектепішілік есепке алынып, қиынға бейім оқушылардың ата-аналарымен кездесу өткізілген болатын. Мектепішілік жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді. Қиын оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану үшін спорттық үйірмелерге қатыстырылды. Қазіргі таңда 400 оқушы үйірмелерге қатысады.

2014-2015 оқу жылының қыркүйек айында мектеп психологы Есенова Д. мектеп ерекшелігіне сай жылдық жоспар жасақтап, психодиагностикалық, психопрофилактикалық, психокоррекциялық бағыт бойынша жұмыстар жүргізілді. Қыркүйек айында диагностикалық бағыт негізінде сынып жетекшілерімен кездесіп, оқушылар туралы мәлімет жинақталды. Оқушылардың темперамент, тұлғалық ерекшелігін зерттеп, жеке даму картасы жасақталып басталды. Педагогтармен психодиагностикалық жұмыс негізінде «қатынас жағдайын анықтау» әдістемесі жүргізілді. Ата-аналармен психопрофилактикалық жұмыс негізінде, сыныпта өткізілген ата-аналар жиналысына қатысып, психологиялық жаттығулар жүргізіліп, ата-аналарға кеңестер берілді. Профилактикалық бағыт негізінде, педагогтардан дарынды, озат, үлгермеуші, «қиын» оқушы туралы ақпарат жинақталды. Ата–аналармен «отбасындағы қолайсыздық құқық бұзушылық пен суицидтің негізгі себептері» болдырмау мақстатында «Қанеки амандасайық», «Менің көңіл-күйім ұқсайды» психологиялық тренингтер жүргізілді. Оқу жылының қаңтар айында 9-11 сынып оқушыларының қобалжу деңгейін анықтау мақсатында Филлипстің мектептегі қобалжуды анықтау тесті алынып, нәтижесі талданып, қобалжуды төмендету мақсатында психологиялық тренингтер жүргізілді. Қаңтар айында 9-11 сыныптар агрессиясын психодиагностикалау негізінде «Басса-Дарки» эмоциялық тесті алынып, нәтижесі қорытындыланып, нәтиже бойынша түзету-дамыту тренингтері жүргізілді. Наурызда 11 сыныптарды ҰБТ- ға психологиялық дайындау, стресстен босаңсу мақсатында, бір-біріне деген қарым-қатынасты арттыру мақсатында «Сенім менің серігім» атты психологиялық тренинг өтті. Сәуір айында оқушылардың кәсіби бағыттылығн анықтау, бейімділігін қолдау мақстанда 8-9-10-11 сынып оқушыларына «Мамандық әлемінде» өзіңдң таба біл! атты психологиялық тренинг сабақ жүргізілді. 11 сыныпқа «Таңдаған мамандық» атты психологиялық сауалнама алынды. Адам өміріндегі ең игі істерінің бірі-мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Адамдар бір-біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды. Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам бастайды.



Мектебімізде тамыз айында 2014-2015 оқу жылының басында облыстық білім басқармасының 2014 жылғы 25 шілдедегі №158-НҚ бұйрығына, Жаңаөзен қаласы, №19 орта мектептің 2014 жылғы 31 шілдедегі №40/2-НҚ бұйрығын негізге ала отырып 1 тамыз 30 қыркүйек аралығында «Мектепке жол» дәстүрлі қайырымдылық акциясы болып өтті. Мектебімізде тұрмыс жағдайы төмен отбасы балаларына көмек көрсету үшін «Қамқорлық акциясы» ұйымдастырылды. Осы қайырымдылық акциясы нәтижесінде мектеп мұғалімдері мен оқушыларының және ата-аналарының тарапынан 56 000 (елу алты мың) теңге қаражат жиналып, мектептің тұлдыр жетім, жартылай жетім, аз қамтылған мүжәлсіз отбасы, көп балалы отбасы балаларына 5600 (бес мың алты жүз) теңге көлемінде 10 (он) оқушыға бөліп берілді. KMG мекемесі 10 балаға 35 000 (отыз бес мың) теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетті. Барлығы: 23 оқушы қамтылды. Мектептің педагог-психологы Есенова Д.И біріге отырып, мектептегі білім сапасының деңгейін анықтауға бағытталған сауалнама жүргізілді. Мектеп асханасындағы тегін ыстық тамақтың бірлестігін тексеретін бракераж комиссиясы құрылып жоспары жасақталды. №19 орта мектептің 2014/2015 оқу жылына арналған мектеп асханасындағы тегін ыстық тамақтың бірлестігін тексеретін бракераж комиссиясы мүшелерінің асхананы тексеру жоспары жасақталды. «Мектеп асханасындағы тегін ыстық тамақтың бірлестігін тексеретін бракераж комиссиясын құру туралы» №43-нқ 02.09.2014жылғы бұйрық бойынша құрылған комиссия мүшелері айына 2 рет асханаға тексеру жүргізеді. 2-қыркүйек айынан бастап барлық оқушылардың тамақпен қамтылуына басты назар аударып, яғни тегін тамақтанатын көпбалалы жанұялардан, аз қамтылған және ата-ана қамқорынсыз (жетім) қалған оқушыларға әлеуметтік көмек көрсетіліп оқушылар толық ыстық тамақ ішуіне жетік көңіл бөлінді. Ыстық тамақпен қамтылған тұлдыр жетім, жартылай жетім, аз қамтылған мүжәлсіз отбасы, көп балалы отбасы оқушылар саны – 122, 1-сынып оқушылары – 207, Барлығы – 329. Жаңа заман талабына сай жаңа технологиямен еңбек етіп жүрген ұстаздарымыздың берген нәтижелі сабақтарының арқасында шәкірттеріміз еңселі 30 елдің қатарына иық теңестіретін, қазақ елінің көркеюіне үлес қосатын жастарды тәрбиелеу жолында №19 орта мектептің ұстаздары шығармашықпен еңбек етуіне және мектептің жұмысын жүйелі ұйымдастырудың арқасында мектептің білім сапасы жоғарылап, педагогтердың біліктілік деңгейі көтеріліп, кемел біліммен жарқын болашаққа қарай нық қадам басатынына сенеміз. Қорыта келе, 2014-2015 оқу жылының жылдық қорытындысы осындай дәрежеде, жалпы өткен оқу жылымен салыстырмалы түрде қарағанда білім сапасының 1,5 % төмендегенін байқаймыз. Білім сапасының жоғарылауы үшін алдағы уақытта да аянбай, қажымай еңбек ете береміз. Осы оқу жылында кеткен кемшіліктерді ескере отырып, келесі 2015-2016 оқу жылына бірнеше міндеттер қойылды.

  1. ҰБТ нәтижесі төмен болуын ескере отырып, келесі оқу жылында ҰБТ мен жүйелі жұмыс жасауды және қатаң бақылауды жолға қою.

  2. Педагог қызметкерлерді қалалық, облыстық семинар өткізуін ұйымдастыру және бақылау.

  3. Білім сапасын көтеруді басты назарда ұстау, оқу бағдарламасы бойынша білім беруде білім стандартының талаптарын қамтамасыз ету.

  4. Оқу-тәрбие үрдісінде жаңа педтехнологияларды кеңінен енгізу,оқушыларға сапалы білім беру.

  5. Оқушыларға сапалы білім беру үшін педагог кадрларды білім жетілдіру курстарына қатыстыруды, деңгейлік курстардан өткізуді ұдайы жетілдіріп отыру;

  6. Ұлттық бірыңғай тестілеуге оқушыларды орта буыннан бастап дайындау, дайындық жұмыстарын үнемі бақылауға алу.


Каталог: images
images -> 6 Хромтау гимназиясы тәрбие жұмысының жылдық жұмыс жоспары Азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие
images -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
images -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
images -> АҚПараттық хат қҰрметті әріптестер!
images -> Абай Құнанбайұлы (1845—1904)
images -> Автобиография кандидата в депутаты районного маслихата по избирательному округу №5
images -> «Қазақстан тарихы» пәнінен «6М020300-тарих» мамандығына арналған жазбаша емтихан сұрақтары 1 блок
images -> Мазмұны Қазақстандағы жоғары білім, Ғылым және МӘдениет
images -> Үлгілік оқу жоспары
images -> Сембі Жансая Хасанқызы Қазақ тілі мен әдебиеті


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет