Ф илософия тарихы қатынастар іздеп табуға мэжбүр болады. Бұл қайшылық тек революция жолымен
ғана шсшіледі. Революция жеңгеннен кейін бұрынғы өндірістік қатынастарды
жақгаушы мемлекеттің орнына өндірістік тэсілдерге сай келетін жаңа мемлекет -
жұмысшы табының диктатурасын орнату қажст болады. Мысалы, социалистік ре
волюция жеңгеннен кейін жұмысшы табының диктатурасын орнату керек. Оның
негізгі міндеті - социалистік экономиканы орнату, осыған қарсы болғандарға күщ
қолдану. 1917 жылғы Қазан революциясының алдында жэне одан кейін Ленин
Маркстің негізгі идеяларын басшылыққа ала отырып, оларды әрі қарай дамытуға
тырысты. Мысалы, Маркстің мемлекет, социалистік революция туралы ілімдерін
жалғастырып, социалистік революция бірнеше немесе бір елде де жеңіске жетуі
мүмкін, ал жұмысшы табының диктатурасы Россия жағдайында кеңес өкіметі бо-
луы керек деген тұжырымдар жасады.
Маркстік философия тек теория жүзінде ғана қалған жоқ, ол 1917 жылы Қазаң
революциясынан кейін Россияда және басқа көптеген елдерде практикалық көрініс
тапты. Егер Маркстің өзі айтқан «Практика - ақиқаттың өлшемі» деген қағидасын
ескерсек, марксизмнің қоғам дамуы туралы түжырымдамаларының практика жү-
зінде дэлелденбегені белгілі болып отыр. Соған қарамастан бұл ілімнің көптеген
елдерде элі күнге дейін өміршеңдік көрсетуі марксизмге тек біржақты қарауға
болмайтындығын, оған объективті тұрғыдан баға беру қажеттігін талап етеді.
XIX ғасырда басқа ғылымдармен қатар психологиялық зерттеулер кең
өріс алып, оның жетістіктері сол кездегі философиялық концепциялардың
қалыптасуына үлкен эсер етті. Сезімдік түйсінуді немесе ақыл-ойды өз кон-
цепцияларьшың негізі етіп алған классикалық философияның орнына жігер,
интуиция, инстинкт сияқты психикалық қүбылыстарды дэріптеген жэне оған
табынған жаңа философиялық бағыттар пайда болды. Осы ағымдардың көрнек-
ті өкілдерінің бірі - неміс философы Артур Ш опенгауэр (1788-1860 ж.). Негізгі
еңбектері - «Әлем жігер жэне елестету ретінде», «Табиғаттағы жігер туралы»,
«Афоризмдер мен максималар», т.б.
Шопенгауэрдің пікірінше, таным процесі кезіндегі біздің қарастырып жүр-
геніміз шын мәніндегі денелер емес, тек субъектімен байланыстағы объект не
месе елестету ғана. Елестетуден басқа, одан да гөрі ауқымдырақ құбылыстардың
бар екенін зерттей келе, таным субъектісі, яки жекс адам өз басының тәжірибе-
сі негізінде жігерді өзінің ішкі мэні деп таниды. Жігер - эр уақытта рухани акт.
Жігер кейбір құндыяықтарды қалыптастырады, ал оларды құндылық ретінде
мойындағаннан кейін өзі соған ұмтылады. Жігердің өзі екі түрлі мәннен тұрады:
1
) елестету ретінде немесе объективтендірілген жігер; 2) эркімге белгілі саналы
жігер, яки дененің өзіндік болмысы. Басқаша айтқанда, әмбебаптық жалпы жі-
гер объективті тұрғыда табиғат жэне адам денесі ретінде бейнеленсе, субьективті
түрғыда саналы жігер ретінде көрінеді. Жігер тек адамдарға ғана емес, жалпы
табиғатқа тән құбылыс, сондықтан ол барлық құбылыстардың ішкі мэні. Мысалы,
өсімдіктің өсуін жетелеуші күш те, заттарды кристалдандыратын күш те, магнит
күші де, барлық материалдық денелерге тэн салмақтылықтың арқасында оларды
жерге тартатын күш те жігерге жатады. Жігер өзіндік зат ретінде кеңістіктен
де, уақыттан да, себептіліктен де тыс жатыр. Жігер себепсіз болғандықтан, оны
танып-білуге болмайды. Бірақ ол объект ретінде танымда елестетілетіндіктен,