Жакыпбек Алтаев, Аманжол Ңасабек философия тарихы



Pdf көрінісі
бет183/305
Дата20.11.2023
өлшемі20,78 Mb.
#192364
түріОқулық
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   305
Байланысты:
Философия тарихы Ж Алтай, Қасабек А. 3

Ф илософия тарихы
жоғары дәрежелі жігер. Билікке жету, өз мақсат-мүдцелерін жүзсгс асыру үшін 
олар қоғамдағы кездесетін алдамшылыққа, қиыншылыққа, өзіне бағытталғаң 
қастандыққа қарсы қажымас күрес жүргізулері керек. Осы тұрғыдан Ницше 
«құлдық мораль» негізінде қалыптасқан дінді де, «жалған» моральды уағыздай- 
тын буржуазияны да, барлық игілікті және құндылықтарды құртатын тобырды 
да сынға алып, жалпы адамзаттың мақсаты қоғамның ұлы адамдары - «аса күщ- 
ті адамдарды» дүниеге келтіру болып табылатыны жайлы тұжырым жасайды. 
Ницшенің «аса күшті адам» туралы ілімінің философиялық негізі төмендегідей 
идсяларға саяды: барлық өмір сүретін денелер мен құбылыстар, соның ішінде 
адам танымы да, билікке ұмтылған жігердің түрлері ғана. Абсолюттік болмыс 
жоқ. Болмыс дегеніміз - бұрын болған, сансыз қайталанған құбылыстардың «мәң- 
гілік айналымда» болып, қалыптасуы. Осы тұрғыдан Ницше Гегельдің абсолюттік 
иеясын, таза ақыл-ойын сынға алып, адамның иррационалдық қасиеттеріне зор 
көңіл бөледі. Олар - инстинкт пен жігер. Осы қасиеттердің ең маңыздысы - жі- 
гср. Себебі ол - әрі эмбебал жалпылық, абсолют, әрі барлық денелердің түпнегізі. 
Демек, материалдық денелердің өмір сүруі - осы түпнегіз бен абсолют жігерінің 
арқасы.
Ницшенің идеялары кейінгі кездегі саяси ойлар мен практикаға үлкен эсер 
етті. Мысалы, Гитлер Ницшенің ілімін өзінің іс-эрекеттерінің теориялық негізі 
деп есептеді.
Ницшенің ілімімен үндес жэне сабақтас ілімді австриялық психиатр-невро- 
потолог, философ 3. Фрейд (1856-1939 ж.) ұхынды. Негізгі еңбектері: «Түсті жо­
ру», «Күнделікті өмірдің психопатологиясы», «Психоанализ туралы», т.б.
Алғашында, фрейдизм невроздарды түсіндіретін жэне емдейтін ілім ретінде 
қалыптасты, кейін келе дау-жанжал жағдайға тап болған саналық пен бейсаналық 
арасындағы қарым-қатынасты, бейсаналықтың өзіндік зандылықтары мен эрекет- 
шілдігін түсіндіруге бағыггалған теорияға айналды. Фрейд адам психологиясы- 
ның өсіңкілігін (динамикасын) түсіндіру үшін оның психологиялық үш түпнегі- 
зін (субстанция) қарастырады. Олар: «Мен», «Жоғарғы Мен» жэне «Ол». «Мен» 
сыртқы жэне ішкі әлемдердің жэне «Жоғарғы Мен» мен «Ол»-дың арасында 
байланыстырушы қызметін жүзеге асырады. «Мен» эрекет-қылықтың ретті- 
лігін және үздіксіздігін қамтамасыз етеді, осының арқасында өткен оқиғалар 
қазіргі және болашақ оқиғалармен қабысып жатады. «Мен» психикаға да, дене­
те де жатпайды. Ол өзінің даму процесінде, әсіресе қауіп төнгенде, ауырғанда 
жэнс өмір сүру жағдайларына байланысты бүкіл өмір бойына өзгеруі мүмкін. 
«Меннің» іс-әрекеттерінің түріне және эффектілігіне қарай адамдар бір-бірінен 
айрықшаланады. «Меннің» бұл қасиетгерін Фрейд оның күші деп атайды. «Мені» 
күшті адамдар мынадай мінездемелермен ерекшеленеді: ол қоршаған ортаны жэ­
не өзін бағалауда әділетті болады; ол қабылданған шешімді ешқайда жалтақтамай 
жүзеге асыра алады; ол өз талаптарының құлы емес, сондықтан оларды қоғамға 
пайдалы жағына қарай бағытгауға мүмкіндігі бар; күштердің қысымына қарсы 
тұрып, өз бағытын таңдай алады, т.б. Ал «Мені» әлсіз адамдардың мінез-қүлқы, 
іс-әрекеті бала сияқты түрақсыз келеді де, нақты орта мен өзін бұрмалап, қате 
түсінеді; ол барлық қайрат-күшін өзі туралы қате, бұрмаланған түсінігін қорғау 
үшін жұмсағандықтан, невроз ауруына шалдықтырып, жұмыста ешқандай жақсы




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   305




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет