Жакыпбек Алтаев, Аманжол Ңасабек философия тарихы



Pdf көрінісі
бет191/305
Дата20.11.2023
өлшемі20,78 Mb.
#192364
түріОқулық
1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   ...   305
Байланысты:
Философия тарихы Ж Алтай, Қасабек А. 3

(Ж. Маритен, 
Э. 
Жильсон, И. Бохеньский,
М. Грабиан, Г. Мангер, И. Гейзер, Г. Гундлах, т.б.). 
Бұл ілімнің негізгі қағидасы 
- Фома Аквинскийдің кейбір ескірген тезистерін қазіргі заманның талап-тілегі- 
нё сәйкестендіріп, философияның, ғылымның жетістіктерін пайдалана отырып 
«дамыту». Бірақ томизмнің негізгі мазмұны - Құдай ең жоғары болмыс, ал дене- 
лер әлемі оның іс-әрекетінің нәтижесі, жанның өлмейтіндігі, т.б. діни қағидалар 
бүлжымастан қалған. Егер Фома философиялық ақиқаттар сенім ақиқатына 
қайшы келе алмайды десе, қазіргі неотомистер бұл пікірді эрі қарай өрбітіп, сенім 
мен ақылдың (бүл жерде «ғылыми ойлау» деген мағынада) үйлесімділігі концеп- 
циясы түрғысынан алғанда, ақыл өзінің пайымдауларында сенімге қайшы келген- 
ге дейін еркін калады деп тұжырымдайды. Сонымен қатар, неотомистердің пікі- 
рінше, философия ғылымға тәуелсіз болғанымен, діни қағидаларға тәуелді болып 
қалады. Ал ғылым жалпы көзқарастық проблемаларды көтеріп шеше алмайтын- 
дықтан, философияға да, дінге де кері эсер ете алмайды. Бірақ неотомистер кейбір 
діни тезиетерді, догмаларды негіздеу, дәлелдеу үшін жаратылыстану ғылымдары 
жетістіктерін пайдалануға кет эрі емес екендіктерін жасырмай айтады. Мысалы,


2 2 0
V II тарау. Х І Х -Х Х ғасырдагы философия
Құдайдың барлығын, оның дүниені жаратушы күш екендігін дэлелдеу үшің 
«элемнің жылылық өлімі» теориясын, өмір мен психиканы ғылыми тұрғыдан тү- 
сіндірудегі кейбір жетістіктерді пайдалануда.
Неотомизм ілімінің бастау түсінігі - болмыс. Ол әмбебап жалпы түсінік 
болғандықтан, тек тавтологиялық тұрғыдан ғана анықтала алады. Ең басты бол­
мыс - Құдай, ал шектелген денелер - осы Құдайдың өз бейнесіне қарай оты- 
рып жаратқан болмыстары. Сондықтан бұл болмыстардың өмір сүру немесе 
өмір сүрмеуі Құдайдың жігеріне байланысты. Болмыс туралы ілімін эрі қарай 
нақтыландыру ушін неотомистер Аристотельден алынған форма жоне материя, 
«потенция (мүмкіндік) жэне акт (нақтылық)» ұғымдарын қолдайды. Енжар мүм- 
кіндік акгінің шын мәніндегі шектелуін көрсетеді, өйткені мүмкіндіктің өзі кез 
келген шектелген болмыстың жетілмеуінің көрінісі. Құдайдан басқа («таза акт») 
тіршілік иелері дегеніміз - мүмкіндік пен актінің ұштасуы. Акт мен потенция- 
ның арақатынастарына байланысты мән және тіршілік (мэн - тіршілікте жүзе- 
ге асатын потенция), субстанция және оның қасиеттері (акциденция), қалыптасу 
(потенцияның актіге ауысуы, басқаша айтқанда, потенцияның нақтылануы), т.б. 
категориялар қолданады. Неотомистер табиғаттың барлық құбылыстары мате­
рия мен формадан (түр) тұрады, бірақ форма материяны айқындайды, себебі ол 
материяға қарағанда белсенділік көрсетеді деген гилеморфизмдік көзқарасты (ти­
ле - материя, морфа - форма) уағыздайды. Этикалық мәселелерге тоқгала келе, 
неотомистер адам үшін шаттану, рахаттану дегеніміз - оның «таза жэне жетілген» 
болмысқа - Құдайға дейін жогары көтерілуі.
XX ғасырдың 60-70 жылдарында жаңа философиялық ағымдар: струк­
турализм, сыни рационализм, сциентизм, герменевтика алдыңғы шепке шықты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   ...   305




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет