Еуропа философиясы 219 түсінуге көмектеседі. Қысылтаяң жағдайда, өлім қаупі туғанда, т.с.с. өзінің рө-
лін, пайдалы іс-әрекетін шын мәнінде терең түсінеді. Мысалы, өлім қаупінің қас-
қағым сәтінде адамның шын мәні ашылады, айталық, соғыста оның батыр немесе
қорқақ екені анықталады.
Экзистенциализм жекс адамдар «басқаларға» (қоғамдық қатынастарға)
салыстырмалы түрде тәуелді екенін мойындайды. Жалпы алғанда, «баскалардың»
адамдарды ажыратып, дау-жанжал тудыратындығына қарамастан, олар өзара
байланысқа түседі. Бұл байланыс «басқалармен өмір сүру коммуникациясы»
деп аталады. Коммуникация үстемдік жүргізуден және қызмет етуден басталады.
Адамдардың өзара байланысқа ұмтылуы коммуникация алдындағы үреймен,
оның мүмкіндігіне шүбәланумен, т.б. сөзсіз үласады. Мұндай жағдайда адамдар
нағыз «экзистенциалды» еркін тұлға бола алмайды. Еркін болу үшін ол қоршаған
сыртқы әлемнің жэне іштегі сыртқы олемнің әсерінен қүтылып, өзіне-өзі-
нің мақсаты мен іс-әрекетінің себептерін айқындауы керек. Басқаша айтқанда,
бостандық дегеніміз - сырттың әсерінсіз еркін таңдау. Бостандьщтың тағы бір
көрінісі - жауапкершілік. Туғанынан еркін болуға жаралған адам бүкіл әлемнің
ауыртпалығын өз мойнымен көтереді, ол жалпы әлем үшін де, болмыс тэсілі ре-
тіндегі өзі үшін де жауапты (Сартр).
Экзистенциалистер болмысқа қарама-қарсы «иемдену» ұғымын да қарас-
тырады. «Мен иемденген заттар мені де билейді, жалмайды» (Г. Марсель). Ал
адамды меншіктің, заттардың осылай езіп-жаншуынан қалай құтқаруға болады?
Бұл сұраққа Марсель қарама-қайшылықтың қайнар көзі адамның өз табиғатында
дей келіп, одан шығу жолы сүйіспеншілікте, қайырымдылықта, «құрбандықта»,
қала берді иеленуді болмыс деңгейіне дейін көтеретін дінде, өнерде жэне фило-
софияда жатыр деп есептейді. Ал басқа ғылымдар «бүлыңғыр сыртқы әлемді»
зерттейтін болғандықтан, бізге ақиқат білім бермейді, керісінше, олардың апщан
жаңалықтарының салдарын адамзат білмегендіктен қорлық көріп отырған жоқ,
керісінше, көп білгендіктен қасірет шегіп отыр.
Осы заманғы философиялық ағымдардың ішіндегі кең тараған философия-
лык; ілімдердің бірі -
неотомизм