Ціығыс философиясы
221
өзі субъективті сипатта болғандықтан, ақиқаттьщ өзі де көп түрлі болады.
Фило-
софияның жалғыз-ақ шынайы тәсілі - рационалды сын.
Герменевтика
(Э.
Бети, Г.Г. Гадамер, М. Ландман)
талдау жасау (түсіндіру)
және түсіну идеяларымен сабақтасып жатады. Герменевтика көне эдеби ескерт-
кіштерді саналы түрде түсіну негізінде калыптасқан тіл туралы гылымның ерек-
ше эдісі ретінде дүниеге келіп, XIX ғасырда Шлейермахердің, Бильтейдің ілімдері
арқасында рух туралы ғылымның тәсіліне айналды. Хайдеггер герменевтика деп
өмір
суру феноменологиясын айтса, қазіргі кезде герменевтика деп рух туралы
ғылымның мәселелер өрісін ғылыми түрғыдан түсінуді айтады.
Бұл жерде түсіну - сананың сыртқы жэне ішкі әсерлер күшімен туындаған
қабілетіне, субъектінің солар туралы түйсінуі мен мазмұнының шынайы екеніне
күмэн келтірмеуі. Гылыми түсінуде денелердің, заттардың маңызы, мэні түсінді-
ріледі. Қазіргі кезендегі герменевтиканың өкілдері оны тек саяси-элеуметтік ғы-
лымдардың тәсілі деп қарамай,
жалпы белгілі бір тарихи, мэдени жағдайларды,
адам болмысын түсіндіруге болатын әмбебап эдіс деп қарастырады. Осыдан ке-
ліп, олар түсіну проблемаларын философияның негізгі мэніне айналдырып, герме-
невтикага универсалды (эмбебаптық) мэн берді (Гадамер). Сөйтіп, герменевтика
өкілдерінің пікірінше, философияның пэні адамдардың қатынасы ретінде түсініл-
ген адамдар әлемі болып табылады. Тек осындай қатынастарда ғана адамдардың
күнделікті өмірі өтіп жатады, мэдени және ғылыми кұндылықтар туындайды. Ал
қоғамдағы әлеуметтік қайшылықтар - адамдардың бірін-бірі түсінбеушілігінен
болып жатқан құбылыстар.
Жалпы алғанда, аталған философиялық ілімдер -
әрқайсысы өз қағидалары
түрғысынан заманымыздың күрделі проблемаларын шешу жолдарын қарасты-
рып, қазіргі кездегі гылымдар қолданып отырган жаңа тэсілдерді түсініп, осыған
орай, соны мәселелер көтеріп, философия тарихында өзіндік із қалдырып отырған
дүниетанымдық көзқарастар. Осы ерекінеліктерді қазіргі замандағы Шығыс елде-
рінде дамып отырған философиялық бағыттардан кең көлемде байқауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: