Жакыпбек Алтаев, Аманжол Ңасабек философия тарихы



Pdf көрінісі
бет200/305
Дата20.11.2023
өлшемі20,78 Mb.
#192364
түріОқулық
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   305
Байланысты:
Философия тарихы Ж Алтай, Қасабек А. 3

Ш ығыс философиясы
2 2 9
гізделген (үнді тілінен аударғанда, «йога» - бірлік, одақ дегенді білдіреді). Сон- 
дықтан Ауробиндоның бүкіл философиялық-діни жүйесі «интегралды йога» деп 
аталады. Бұл жүйенің негізгі мақсаты - адам өмірінің барлық саласында құдірет- 
тілік, қасиетгілік орын алып, тұрақтануы, ягни адамның табиғатын, іс-әрекетін
акьш-парасатын рухани дамытып, тазарту.
Рухани тазарту арқылы адамдар абсолю тен жақындасады. Ол абсолют, 
Ауробиндо бойынша, абстрактілі Брахман. Брахман - барлық жерде өмір сүре- 
тін субстанциялық басталыс. «Барлық шындық, олардың барльщ бөліктері мен 
көріністері - Брахман. Брахман - бұл абсолют, трансценденттік байланыстан 
тысқары, космостан жоғары болмыс, ол - космостың тірегі, космикалық «Мен» 
өмір сүруінің негізі».
Упанишадаларда Брахман екі формада қарастырылады: атрибутивті (айқын- 
далатьш) - Сагуна (Апара) және атрибутивті емес (айқындалмайтын, Жоғары) 
- Ниргуна (Пара). Ауробиндо Пара (Ниргуна) - Брахманды қолданады. Пара- 
Брахман - анықталмайтын, түрсіз, сапасыз, демек, өзгермейтін болмыстың алғаш- 
қы бастамасы больш табылады, ягни Пара-Брахман абсолютке тепе-тең: «Пара- 
Брахман» - бул барлығы, ал осы барлық - Пара Брахман».
Пара-Брахман мэні үш веданталық бастамадан тұрады:
- онтологиялық - сат (болмыс);
- гнесеологиялық - чит (білім);
- этикалық - ананда (шаттану);
- Пара-Брахман - сат+чит+ананда.
Бұл ұғым философияда қандай қызмет атқарады? Оның дүниетанымдық про- 
цесте алатын орны көп. «Ештеңемен шектелмеген, ештеңеге тәуелсіз обьектив- 
ті дүниеқұрылым субстанциясьша қызмет ету осымен анықталады». Бұдан оның 
философияның жүйесінің объективтік-идеалистік негізде екенін көреміз.
Брахманды қолдай отырьш, Ауробиндо адам ақыл-парасаты дүниені, әлем- 
ді танудағы қызметі нашар «рационалдылықты» жоққа шығарады. Ол «интел- 
лектуалдылықты» адамның жоғары қасиеттерінің бірі деп көрсетеді. Ауробин- 
доның философиялық жүйесінде тағы да бір елеулі орынды ақыл-парасаттың 
иерархиясы алады. Ақыл-парасаттың ең төменгі сатысы - адам өмірінің «күнде- 
лікті» (Mind) ақьш-парасаты. Бірақ адам бұл сатымен шектелмеу керек, яттямның 
йзлссі сатысы - жоғары ақыл-парасат (Hidher Mind), бұл саты да- «ерік бостанды- 
ғы» аспектілері, ақиқатты тануға деген (аспе) талпыныс қальнггасады. Одан 
кейінгі сатыда сәулеленген ақыл-парасат «көру» арқылы көрініс табады. Төртінші 
сатыда - интуитивті ақыл-парасат өзінің атына сай алдынгы орынға интуицияны 
қояды: «Интуиция дегеніміз - сэуленің шағылысы немесе жарыісгың жарқырауы, 
былайша айтқанда, ол мистикалық жарық, оньщ алдында кәдімгідей адам ақьілы 
түнереді».
Келесі саты - Суперақыл - Брахман қабілетін түсіну деңгейі. Ең соңғы, ең биік 
саты - жаһандық ақыл-парасат деңгейі. Бұл деңгейді буддизмдегі Нирванамен 
теңестіруге болады.
Ауробиндо Гхош, сонымен қатар әлем дамуының зандылықтарын - инволю­
ция мен эволюцияның негізін ашып берді. Эволюция нәтижесінде ең алдымен 
ақйл-парасат пайда болады, ал ақыл-парасаттан таным күші қалыптасып, таным




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   305




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет