Тақырыбы: Жоғары білім берудің қазіргі парадигмасы Жоспары



бет1/6
Дата06.02.2022
өлшемі124,11 Kb.
#81851
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Білім беру парадиг
Доклад, Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша оқытудың ерекшелігі, Есмурат Венера психо срс 7

Тақырыбы:Жоғары білім берудің қазіргі парадигмасы
Жоспары
1.Білім берудің қазіргі кездегі парадигмалары
2.Қазіргі кездегі білім беруді дамытудың мегатенденциялары (білім беруді ізгілендіру және демократияландыру, ақпараттандыру, дивесификациялау, компьютеризациялау, интернационализациялау және жаһандандыру және т.б.)
3.Әлемдік білім беру кеңістігі. Болон үдерісінің тарихы. Болон үдерісінің негізгі қағидалары
Жалпы парадигма дегеніміз – ғылымдағы белгілі бір тарихи кезең аралығында орын алатын мәселені қою мен шешімін табудың, сол зерттеу әрекетінің концептуалды моделі немесе сызбасы. 
Ғылыми педагогикалық парадигма – ғылыми педагогикалық зерттеулердің сипатын, идеялдарын, нормаларын анықтайтын, сондай-ақ педагогиканың əдіснамасы қызметін атқаратын білім мен ғылым туралы онтологиялық жəне гносеологиялық көзқарастар.
Парадигма дегеніміз не? Парадигма (латын тілінен аударғанда) үлгі немесе мысал, алгоритм, нобай дегенді білдіреді.
Білім беру парадигмасы - білім берудің тұжырымдамалық нобайы. Бұл ұғымды И.А. Колесникова енгізген.
С.А. Смирнов білімдендіру парадигмасы деп мəдениеттің өмір сүруінің қандай да бір тəсілі жəне оның ішінде – адамның өзінің өмірлік ресурстарын қайта жаңғырту формасы мен тəсілі деп түсіндіреді. Басқаша айтқанда – білім беру парадигмасы ол тек мектептегі оқыту əдісі ғана емес, ол адамның өмір тіршілігінде басшылыққа алынатын ойлау типі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет