Дәстүрлі-консервативті парадигма негізін үш постулат құрайды:
1)білім беру негізінде базалық білімдер мен соларға сәйкес икемділіктер мен дағдылар жатуы керек.
2)білім беру жүйесі академиялық сипатқа ие болып, ғылымның негізгі салаларына бағдарлануы керек. Мектеп уақыт сынынан өткен, білім беру негізін құрайтын мәселелерге баса назар аударауы тиіс.
3)Этикалық құндылықтарға ерекше орын беріледі.
Технократиялық (аралық) парадигма Бұл парадигма ғылыми-техникалық революция құбылыстары мен деректерін қадағалау мен олардың салдарынан туындады. Оның негізінде ғылыми дәлелденген, тәжірибемен сынақтан өткен шындық туралы түсініктер жатыр.
Технократиялық парадигмадағы мұғалім ұраны: «Күш - білімде!».
Мұнда шынайылық өлшемі тәжірибе болып табылады. Бұл жағдайда білім нәтижесі «иә-жоқ», «біледі-білмейді», «меңгерген-меңгермеген» деп есепке алынады.
Бихевиористік (құлық) парадигмасы Бихевиористік (құлық) парадигма негізінде психологиялық бағдарлану жатыр. Бихевиоризм – мінез-құлықты адамның сыртқы ортаның әсеріне реакциясы ретінде қарастыратын мінез-құлықтың психологиялық теориясы. Мұнда ішкі көңіл-күйге емес, сыртқы стимулға көбірек назар аударылады.
Бұл үлгіде мектеп балалардың мінез-құлқын қалыптастыру мақсатында білім игеру жолы ретінде қарастырылады.
Гуманистік (Феноменологиялық) парадигма Басты назарда – оқушының дамуы, оның жеке мұқтаждықтары, тұлғааралық қарым-қатынастар. Түйіні: ізгілікті амал, тұлғалық өсуге көмек беру, өмірге дайындығына назар аудару.
Бұл амалдың негізінде даму, өзіндік даму, өзін-өзі көрсету, шфғармашылық жатыр.
Даму – оқушының берілген тапсырманы шешуде белсенділік пен дербестіктің жоғары деңгейіне өтуі.