2 1 4 Ф илософия тарихьі олардың соқыр инстинктке негізделген іс-эрекеттерін өздсріне қажетті бағытқа
бурып, тарихты ілгері дамытады. Фрейдтің бұл ілімі соңғы кездегі көптегең
саясатшылардың басшылыққа алған теориясына айналды.
XIX ғасырдың аяғы, XX ғасырдың бас кезінде қалыптасьш, эрі қарай өмір-
шеңдік көрсеткен философиялық ағымдардың бірі Шопенгауэр мен Ницшенің
ілімдерінің негізінде пайда болған
«өмір философиясы» болды. Негізгі өкілдері:
Бергсон, Зиммель, Дильтей, т.б. «Өмір философиясы» өмірді өзінен түсінуге ты-
рысып, бұл жолда ақыл-ойдың ешқандай пайдасы жоқ, себебі ол тек материалдық
денелерді ғана түсінеді де, бізге өмір туралы дұрыс маглұмат бермейді. Себебі
ақыл-ой (интеллект) денелерді зерттегенде, оларды тұтас күйінде қарамай, бөл-
шектеп алады да, кейін олар туралы алған мәліметтерін өз ойларымен қайта бірік-
тіріп, олардың «зандылықтарын» ашады. Мұндай деректер птын мэнінде ақиқатқа
жатпайды. Жалпы денелерді зерттегенде оларды тұтастық күйінде қарастыру ке-
рек, себебі шын «емірді» басқаша танып-білу мүмкін емес. «Өмірді» тұтастық
құрушы күш ретінде (заттардың қалыптасуы жэне дамуы) зерттеу - тек инстинкт
пен интуицияның ісі.
Қазіргі кезде «өмір философиясы» экзистенциализмге (өмір сүру философия-
сына) жол беріп, тек тарихи-философиялық қана маңызы бар құбылысқа айналды.
Тақырып бойынша сурақтар: 1. Маркс идеяларының батыстық қоғамның саяси-әлеуметтік тұғырнамаларына эсері қандай?
2. Шопенгауэрдің жігер туралы ілімінің басты идеялары XX ғасырдагы философияның
қалыптасуында қаншалықгы маңызды болды?
3. Фридрих Ницшенің «Билікке ұмтылған жігер» деген концепциясының басты идеясы
қандай?
4. «Өмір философиясы» тарихи-философиялық маңызы жэне оның негізгі өкілдері кімдер?
Буропа философиясы XX ғасырда барлық елдерге тэн экономикалық, саяси-элеуметтік, рухани өз-
герістерге байланысты қогамдық өмірдің күрделенуі, ғылыми-техникалық жэ
не технологиялық революцияның одан әрі тереңцеп өрістеуі, жаһандық проб-
лемалардың шиеленісуі, көптеген социалистік елдерде тоталитарлық режимдер-
дің қалыптасып-қирауы, бірінші және екінші дүниежүзілік соғыстардың салдары,
т.б. осылар сияқты маңызды оқиғалар жалпыадамзаттық өркениеттің (цивилиза
ция), мәдениеттің жэне адамдар тағдырының бүгінгісі мен болашағы туралы бұ-
рыннан қалыптасқан концепцияларын басқа методологиялық қағидалар негізін-
де қайта қарап, кей жағдайда, түбегейлі өзгерген философиялық ой төңірегінде
қалыптасқан жүздеген философиялық ағымдар мен мектептер дүниеге келді.
Солардың бірі
неопозитивизм еді.
Неопозитивизм философиялық ағым ретінде 1922 жылы құрылған Вена үйір-
месінің қызметімен байланысты дүниеге келді. Ол өзінің даму сатысында 3 ке-
зеңнен өтті. Біріншісі XIX ғасырдың 30-40 жылдары қалыптасқан