Дәстүрлі бағалау түрлері және олардың оқушылардың оқу жетістіктерін анықтаудағы рөлі



Дата15.03.2022
өлшемі324,91 Kb.
#135489
Байланысты:
Дәстүрлі бағалау түрлері


Дәстүрлі бағалау түрлері және олардың оқушылардың оқу жетістіктерін анықтаудағы рөлі
Қазіргі таңда еліміздегі білім беру жүйесінің ең басты міндеті- білім берудің ұлттық модуліне өту арқылы жас ұрпақтың білім деңгейін халықаралық дәрежеге жеткізу. Яғни, қазіргі білім беру концепциясының басты мақсаты: өзінің және қоғамның мүддесіне өзін-өзі белсенді етуге дайын, өзгермелі даму үстіндегі ортада өмір сүруге бейім, бәсекеге қабілетті және құзіретті, шығармашыл, білімді тұлғаны дамыту және қалыптастыру.
Қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі- өзгермелі әлеуметтік және экономикалық жағдайда өмір сүруге дайын ғана емес, шынайы өмірге белсене араласатын, әлеуметтік жауапкершілігі жоғары, ой-өрісі кең, білім деңгейі жоғары, сауатты, танымдық әрекетке қызығушылығы мол оқушы тәрбиелеу.
Бағалау – одан арғы білім алу туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин.
Дәстүрлi сабақтар барысында оқушылардың сыныптағы оқу үдерiсiне түгел қатыспайтындығы байқалатын. Күнделiктi сабақта түсiнбей қалған тақырыптар көлемi ұлғайып, үлгерiмi орташа балалар сабаққа құлықсыз қатысатын. Мектеп жұмысы мен оқушылардың жетістіктерін өрістетуде маңызды рөл атқаратын ұстаз. Мұғалімнің шығармашылық белсенділігі ең алдымен өзінің өткізген сабағынан, іс-әрекеттерінен көрініс табады. Әрине алға жылжу үшін, алған мәліметтер мен істеген жұмыстарды саралап, қорытындылап, бағалау керек. Оқушы жетістігін нақты бағалау мәселесі ─ білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелердің бірі. Оқушыны бағалау - ол білімнің нәтижесі болып есептеледі. Оқушылардың сабаққа даярлығы мен қабілеті бағамен есептеледі. Сонымен, бағалаудың түрлерін сабақта әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану арқылы ғана нәтижелі мақсатқа жетуге болатындығы айқындалды. 1. Жұптарда өзара бағалау. Өзара бағалаудың ең қарапайым нысаны: оқушыларға шамамен бес минут ішінде өздігінен орындау үшін тапсырма беріліп, содан соң жұмыстарын алмастыру және бірін-бірі бағалау үшін жұптарға бөлу тапсырылады. Кері байланыс әдетте жазбаша емес, ауызша. Ол ынталандыру нысанында ұсынылуға тиіс екені ескертіледі. Оқушылар өздерінің сыныптастарының жұмыстарын мұғалім ұсынатын бағалау жүйесін қоса алғанда, «жауаптар үлгілері» немесе «дайын шешімдер» арқылы бағалайды. 2. Топтардағы өзара бағалау Оқушылар топтарға бөлінген кезде олардың достық қарым-қатынаста болмағаны жақсы. Топтық жұмыс кезінде олар талқылайды және төмендегіге қатысты келісімге келуге тырысады:қандай әдіс, жұмыс стилі, негіздеме және жауап және т.с.с. жақсы және неліктен? Топтық бағалауда екі жұлдыз, бір ұсыныс, мадақтау сэндвичі т.б формативті бағалау түрлері қолданылады.

Дәстүрлі бағалау:


-жоспарлау, оқыту және бағалау бір-бірінен бөлек үдерістер;
-бағалаудың бір ғана құралы немесе стратегиясы пайдаланылады;
-бағалау тек мұғалімнің билігінде;
-оқушылардың оқу нәтижелерін есепке алу мен есеп берудің бір ғана тәсілі қолданылады;
-оқушылардың жауаптары дұрыс жауаппен салыстырылады (біледі-білмейді);
-тақырыппен жұмыс біткен кезде ғана тексеру жүргізіледі;
-бағалаудың жалғыз мақсаты – қойылатын бағаны анықтау;
-оқушылардың ағымдық білімі мен оқу тәжірибесін бағалау тақырыппен жұмыс біткен кезде ғана жүргізіледі.
-Баласының білім деңгейлерін бақылай алуға;
-Баласының оқу үрдісін бақылай алуға;
-Баласына оқу үрдісі кезінде қолдау көрсетуге мүмкіндік береді.








Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет