М ұсылман елдерініц философиясы 2 4 3 баламасы ретінде тарихат - сопылық ағым жүйесінің негізін ашатын мистикалық
жол.
Сопылық теорияпіыларының айтуьшша, «сопылықтың мэні - ақиқат». Де-
мек, оның анықтамасы - ақиқатты іздеу. Бұл ағымды қорғаушы - тәжірибе мен
махаббатқа жэне жанқиярлыққа негізделген ақиқат. Ақиқатқа адам тек экстаз
(шабыттану) немесе адамның психологиялық сезімі арқылы жете алады, яғни
адам ақиқатгы ақыл-ой қабілеті арқылы емес, интуиция «нұрын тегу» (озарение)
арқьшы тани алады.
Сопылардың пайда болуы негізінде теорияшылар адамның психологиялық
жағдайына немесе экстазға жетудің құралдары мен эдістерін ерекше күш салып
іздеген. Ондай жағдайға жетуді олар мына «жалған дүниеден» толығымен бас
тарту деп есептеді. Ерекше психикалық жағдайға жетудің күралдары ретінде му-
зыканы, биді, энді пайдаланды. Бұлар діншілдер арасында түсінбеушілдіктер мен
ресми ислам тарапынан қарсылық туғызды.
Сонымен катар сопылардың тақуалық қозғалысына да ислам қарсылық біл-
дірді. Сопы-тақуалар кез келген бұл дүниелік рахаттан, тіпті денесіндегі тіршілік
үшін қажетті болмашы нәрсенің өзінен де бас тартады.
Біз жоғарыда сопылық дүниетанымға жаңа платоншылдық эсер етті деп
көрсеттік. Мұның өзі жаңа платониіылардың басты тұлғасы — Плотиннің есімін
айта кетуді керек етеді. Плотинде «Құдай» деген ұғым жоқ. Ол Құдайдың ор-
нына «алғашқы», «бірегей» деген түсініктерді қолданған. Құдай деген - бір, ол
қарама-қарсылықтардан тыс, онда ізгілік немесе зұлымдық дегендер элі ятыгтытт
дараланбаған, танылмаған алғашқы тұтастық. Элем осы тұтастыктан өрбіп-өсе-
ді. Плотин ажыратылудың бес сатысын нақтьшап айтқан. Олар: 1) бірлік; 2) рух;
3) жан; 4) материя; 5) әлемнің физикалық күйдегі көріністері.
Сопылар дүниетанымының мэні Плотин ажыратуына жақьш. Жалғыз мәң-
гілік өзгермейтін Құдай, болмыс немесе өзгермейтін птындық деп аталатын
субстанция бастама болып табылады, яғни Құдайдың ажыратылуьг нәтижесінде
элем пайда болады. Сонымен, сопылар Құдаймен тікелей байланысу мүмкіндігіне
сенеді жэне осыған жету үшін бар күш-жігерін жұмсауға эзір.
Сопылық белгілі бір жүйеге түскенше ұзақ даму жолынан өтті. Оның эрбір
мектебі, эрбір өкілі сопылар ілімінің қайсыбір ережелерін жасауға өз үлесін қосып
отЬірды. Ол ертедегі бұл ағымның өкілдерінің бірі - египеттік Зу-н-Нүн Мысыри,
Басралық Хасан Басри, Багдад мектебінің өкілі Мансүр эл-Хал-ладж есімдерімен
байланысты. Ислам мен сопылықты ымыраластыру рөлін белгілі дін қайраткері
Әбу Хамид эл-Ғазали өз міндетіне алды.
Сопылық ағым біркелкі жэне жүйелі ағым болтан жоқ. Сопылық мектептер
мен ұйымдардың бір-бірінен аздаған ерекшеліктері болды. Сол ерекшеліктердің
бірі - түркі тілдес, оның ішінде қазақ халықтарының арасындағы сопылық көрі-
нісінің нысандары.
Қазақ мәдениеті тарихындағы ислам діні мен сопылықтың орнына тоқталайық.
Ғ. Есімнің пікірінше, «ислам, соның ішінде сопылық қазақ топырағына екі жол-
мен енді. Біріншісі, яғни өте мэнді эрі маңыздысы - Қазақстанның оңтүстігіне
X ғасырда зороастрашылдық жэне манихейлік діндерінің элементтері бар Бухара,
Түркістан, Самарқан жақтан келген ислам жэне оған қоса келген сопылық. Бірақ