2 4 0 А V II тарау. Х І Х -Х Х ғасырдағы философия дері жэне Пифагормен қатар өмір сүрген. М. Шариф Фалестен басталған грек
философтары Шығыспен байланысқа түскенін, ал Пифагор мен Платон, тіп-
ті өз еңбектерінде парсылардың ежелгі даналықтарын парсы елінде болтан үнді
брахмандарымен қатар қойғанын, себебі Шығыс пен Батыстың бірінші тарихи
кездесуі парсыда болғанын жазады.
Оның еңбегінде мэнді ретінде Ахурамазда туралы бөлім бар. Ол - кұрметті,
білгір, жаратушы, қозғаушы жэне асыраушы. Оны көру жазбаған жэне оған қол
жетпейді, өзінің бойына Ақиқатты, Шындықты, Қайырымдылықты үйлестірді.
Ол - дос және бэрінің әкесі, Онда көптеген атрибуттар (белгілер) бар, бірақ Оньщ
негізі акдиденцияда (кездейсоқгықта) емес. Ахурамазда - философиялық тұрғыда
киелі жэне акдихаттық тұрғыда ақиқат. Келесі бөлімде киелі рух Спэн Майнйу
туралы сөз болады, ол - Ахурамазданың шығармашылық еркі мен ойының кө-
рінісі. Бұл - киелі рух Ахурамазданың құдайлық ойының әмбебап өмір сүруі-
нің белгісі, бірақ бұл ой материалданған жағдайда мәнінен айырылады. Спэнта,
Майнйу қайырымды рух ретінде Онграмайниюдің - зүлым рухтың қудалануында
болды, олар егіздер секілді. Қайырымдылық рух өзіне тура жолды таңдайды, ал
зұлымдық азғын жэне адамды өзінің алдамшы, зиянды әрекеттерімен теріс жолға
итермелеуге ұмтылады.
М. Шариф арнайы бөлім ретінде исламға дейінгі парсы ойындағы Аша туралы
түсінік талдауын бөліп қарастырады, ол Аша түсінігінің белгісі ретінде альгаған.
Одан эрі адалдық пен зұлымдық арасындағы күрес шексіз деп көрсетілген.
Дегенмен Ахурамазданың билігі арқасында зұлымдық күшін жену жолында ду-
рыс бағытты тандап, жер бетінде адалдық билігін орната алады. Осы туралы бө-
лімді өзіндік діни-философиялық антропологиялық желімен аяқтайды:
1
) адам - материя мен рухтың бірлігі, тэн - өткінші, жан - мәңгілік;
2
) ядямтгытт ерекнхе қажетті рухани қасиеттері болып табылатын парасатынан
(интеллект) немесе санадан басқа, сезім, жеке рух және рух сақтаушы деп
саналады;
3
) адамға ерік берілген, сондықтан да ол өз мінез-қүлқына жауапты;
4
) адамның шындыққа жететін бір-ақ жолы бар - бұл сенім тандауының
жолдары, оны өмір бойы қорғауда ұстайтын қос егізділік рухы. Адамның өз билігі
өзінде. Оның екі қарама-қайшылықтың бірін таңдай алуы негізінде адамды шын-
дық пен зұлымдықтың жиынтығы деп қарастырады. Ол өз тағдырының әміршісі
болады деген идеяны тиянақтады.
М. Шарифтің ой толғауында фракши рух ретінде үлкен орын алады, осы
өмірге дейінгі және адамның өлімінен кейінгі кезде. Фракши - бүл көктегі құбы-
лыстар, өзінше мәңгілік рухани түрлер, яғни материалды жер әлеміне сай объек-
тілер және адам. Жер патшалығының эр өкілінде қайырымдылықтың өз фракшиі
немесе қүдайлық егізділік бар. Зүлым Ахромака рухы мен Ібілістерді қоспағанда,
фракши адамда өмір бойы болады. М. Шариф зұлымдық проблемасына аса назар
аударады, яғни өмір дерегіне жэне зұлымдықтың пайда болуының басты себебі-
не. Заратуштра зұлымдықты зұлымдық ретінде талқылау керек, бірақ ол (зұлым-
дық) - қайырымдылық пен жақсылықтың пассивтік жауы. Зұлымдықты өлімнің
жаратушы үрдісінің нақгы деңгейі ретінде қарауға болмайды. Зұлымдық - ол елес
емес, ол - шындық. Зұлымдық - ол нағыз зұлымдық. Адамдық өмірдің өзі бір