Жакыпбек Алтаев, Аманжол Ңасабек философия тарихы


Мұсылман елдерінің философиясы



Pdf көрінісі
бет210/305
Дата20.11.2023
өлшемі20,78 Mb.
#192364
түріОқулық
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   305
Байланысты:
Философия тарихы Ж Алтай, Қасабек А. 3

Мұсылман елдерінің философиясы
2 3 9
Махаббат Худидың жоғарғы дәрежедегі қалыптасу факторы ретінде «әмбебап 
адамды бейнелейді». «Меннің» өмірі тілектердің қалыптасуы мен тууынан пайда 
болады. «Махаббат заңына» бағьгаа отырып, жеке тұлға тілектер кешеніне ие 
болады, 
бүл
оның мінез-құлқын анықтайды. Сөйтіп, мінсіздік жолына жетелей- 
ді. Өзінің «Жеке тұлға құпиясы» поэмасында Икбал кемеліне жеткен Худидьщ 
қалыптасу жағдайының үш сатысын бөліп көрсетеді.
I саты. Көнбістік, тэртідтілік.
II саты. Өзін-өзі бақылау.
III саты. Худи «мінсіз» адамға арналады,.яғни ішкі қасиеті пайғамбарға тэн -
Нәби. Мінсіздік тек пайғамбарға ғана тэн: Худидің қалыптасуындағы үш сатыдан 
өтуге мүмкіндігі бар кез келген адам «мінсіз» бола алады. Сонымен, адамның 
Құдайлық деңгейге жету мүмкіншілігі мойындалады.
М. Икбалдың замандасы жэне ізбасары пәкістандық 
Мухаммад Маян
Шариф 
(1965 ж. қайтыс болған) «Парсылық ойлар» деген үлкен философиялық 
еңбек жазған. Негізгі мәселесі - діни-философиялық антропологияның жобасын 
түзу:
1
) адам - материалдық жэне рухани элементтердің жиынтығы, дене - өткін- 
ші, ал жан - мэңгілік;
2
) парасаттылықтан басқа, адамның аса маңызды рухани қасиеттері: сана, же- 
келеген жан жэне сақтаушының жаны;
3) адамға еркіндік күш тэн, сондықтан ол өзінің зұлымдық жэне ізгілік іс-әре- 
кеттеріне жауапты;
4) адамға әділеттілікке қол жеткізетін жалғыз ғана жолы болатыны туралы 
түсінік берілген. Бұл дұрыс жолды оған өмір бойы оны жебеп жүретін әулие рух, 
егіз рухтар арқылы кезінде қабылдап тұрады;
5) адам өз тағдырын өзі қалайды, ол - өмірдің зұлымдықпен мэңгі күресінде- 
гі сарбаз, себебі оны қоршаған дүние тұрпайы. Зұлымдықты жеңудің бір-ақ жолы 
бар - ол дүниені өзгертіп, оны жетілдіру;
6
) М. Шариф зороастризмді діни дуализм ретінде қарастырады. Ал семит- 
тердің қосындыларымен өңделген зороастризм, манихейшілдік болса, ол зо­
роастризм, буддизм, христианизм жэне сириялық гностицизм жиынтығы деп 
бағаланған;
7) М. Шариф Заратуштра туралы эртүрлі тарихи мәліметтерді қарастырады
оның еңбегінде Аристотель, Лаэртский, Плини идеялары келтіріледі жэ­
не де гректер зороастршьшдықтың шәкірті деп санаған Пифагордың есімі бар. 
Осы тарихи анықтамадан кейін ол өзінің коне парсы философиясына деген 
көзқарасын баяндайды: егер буддашылдық дін емес, философия деп алсақ, онда 
зороастршылдыққа қатысты былай деп айтуға болады: ол - философия емес, дін. 
М. Шариф: «Ежелгі ирандық зароастралықтар метафизикалық жалпылықты 
жақсы көрмеген», - деп айтады. Заратуштраның діндік жүйесін философиялық 
Деп қарастырған дұрыс;
8
) ежелгі парсылардьщ утилитарлық рухы олардың метафизикалық танымы- 
на керекті деңгейде көңіл бөлмеген, оның іске аспайтындығынан қажетсіз деп 
көрсеткен. Дегенмен олар метафизиканы «коне грек философиясының ақиқатын» 
анықтауда пайдаланған, себебі Заратуштра шамамен Милет мектебінің өкіл-




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   305




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет