Байланысты: Философия тарихы Ж Алтай, Қасабек А. 3
II тарау. Антикалык, философия пен өлшенетін болғандықтан, қозғалыс уақыттың мөлшері болып шығады. У ақыт
өздігінен ештеңе туғызбайды, жоймайды да, бірақ барлық заттар, құбылыстар бір
уақытта пайда болып, жойылып жатады.
Аристотельдің пікірінше, табиғи денелердің тіршілік жасау мүмкіндікте-
рі бар (жасанды денелерде ондай мүмкіндік болмайды). Осы мүмкіндіктің жү-
зеге асырылуы энтелихия (жан) арқылы болады. Жанның үш түрі болады:
1. Өсімдіктер жаны - жанның алғашқы және жалпы мүмкіндігі. Бұл жанның
басты қызметі - өзін-өзі ұдайы өндіру жэне қоректену. 2. Жануарлар жаны олар
заттардың сырт пішінін түйсіктері арқылы қабылдай алады. 3. Адамдар жаны
өсімдіктер мен жануарлар жанына тән қасиеттерге қоса, ақыл-ойдың арқасында
жалпылықты танып-біле алады. Бірақ жалпыны түсіну үшін, алдымен, жалқы-
ны танып-білу керек. Себебі біздің сезім мүшелерімізге жалқы заттар элемі
эсер етеді де, біз оларды танымның эртүрлі сатылары арқылы танып-біле аламыз.
Сезімдік танымның бірінші сатысында адамдар жануарлар сияқты сезімдік
түйсіктерімізге эсер ететін заттар туралы алғашқы мағлұматгар аламыз, екін-
ші сатысында тэжірибелік (эмпейриа) танымда сезімдік түйсіктеріміздің қай-
таланған кұбылыстарды есте сақтап қалуы арқасында оларды танып-білуімізге
мүмкіндіктуады. Үшінші сатысында «өнер» (эңгіме көркемөнер, т.б. туралы емес)
практикаға негізделген танымның ерекше сатысы - адамдар жеке заттарды танып
қана қоймайды (тәжірибедегідей), одан гөрі тереңірек түсініп, кейбір заттарға тэн
ортақ қасиеттер мен себептерін танып-біледі.
Ал заттардың себептерін, болмыстың мэнін, эсіресе алғашқы бастамаларды
жэне алғашқы қозғаушы күшті түсініп білу - ол ақыл-ойдың қызметі. Ондай
танып-білу тек философияға ғана тэн. Аристотельдің пікірінше, адамдар -
«қоғамдық жануарлар». Отбасының, қоғамның табиғи дамуының арқасында мем-
лекет пайда болады. Мемлекеттің табиғаттан айырмашылығы - онда көптеген
элеуметтік, т.б. қатынастардың өріс алғандығы. Мемлекет басшысы қалыптасқан
қоғамдық жағдайларға сәйкес адамдарды басқаруы тиіс. Әсіресе жастарды тэр-
биелеу мэселесі басты мақсат болу керек.
Аристотель философиясының эсерін эллиндік-римдік, ортағасырлық, жаңа
замандық жэне қазіргі философиялық көзқарастардан байқаймыз.