Эллиндік ж әне Римдік философия
41
бағынған, шын мэнінде, өзін-өзі басқаратын көптеген
кішігірім патшалыққа
(Египет, Сирия, Кіші Азия, Грекия, т.б.) айналды. Ал б.д.д. II ғасырда күннен-
күнге мемлекеттік күші өсіп келе жатқан Рим
Македонияны оның бағынышты
аймактарымен қоса өзіне бағындырып, Рим империясының
отарына айналдыр-
ды. Бұл саяси өзгерістер сол кездегі философиялық концепциялардың мәні мен
мазмұнына эсер етпей қойған жоқ. Сонымен қатар эллиндік жэне римдік филосо-
фияға ежелгі грек жэне Шығыс халықтарыньщ (әсіресе Кіші Азия)
өте бай руха-
ни байлықтарының эсері зор болғандығы белгілі. Әсіресе Шығыс халықтарына
тэн мистикалық әдет-ғұрыптар, астрология, гороскоп, т.б. сенімдерін, Шығыстың
кейбір құдайларын (Исида - Даметра, Кабела (Жер ана) - Афродита, Артемида,
т.б.)
өз құдайлары ретінде мойындап, оларға табыну сияқты діни сенімдері Гре
кия, рим халықтарының сол кездегі мәдениетінің өзектілерінің бірі болды. Дін-
дегі сияқты философияда да жеке тұлға мэселесі алдыңғы шепке шығып, жалпы
этикалық мэселе ретінде көптеген ойшылдардың еңбектерінде көрініс тапты.
Б.д.д. IV-III ғасырларда осы мәселелерге жауап іздеген негізгі екі философиялық
ағым пайда болды. Олар стоиктер мен эпикуршілердің
философиялық ілімдері
еді.
Достарыңызбен бөлісу: