Жакыпбек Алтаев, Аманжол Ңасабек философия тарихы



Pdf көрінісі
бет40/305
Дата20.11.2023
өлшемі20,78 Mb.
#192364
түріОқулық
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   305
Байланысты:
Философия тарихы Ж Алтай, Қасабек А. 3

Э
алиндік
және Римдік философия
43
Қорыта айтқанда, Эпикурдың, Лукреций Каррдың табиғат құбылыстарын 
табиғи себептермен байланыстырып, адамдарды табиғаттың дүлей күштерінен 
қорықпауға, тіршілікте құмарыңнан шығып, қуанышты өмір сүруге шақырған 
ілімдері философия тарихында ерекше орын алды.
Неоплатонизм - б.д. Ill-VI ғ. белгілі ойшылдар Аммоний Саккс, Плотин, Пор- 
фирий, Прокл, Ямвлихтардың ілімдерімен қалыптасқан ежелгі грек-римдік фи- 
лософияның соңғы түрі. Неоплатонизмнің қалыптасуына, бір жағынан, Платон- 
ның іліміне Аристотельдің, стоиктердің, пифагорніьшардың кейбір идеяларының 
араласып, қосылуы үлкен эсер етсе, екінші жағынан, Шығыс мистикасы мен 
христиан дінінің эсерін байқаймыз. Бірақ бұл байланыс бір жақты болған жоқ, 
христиан дініне неоплатонизмнің эсер еткені белгілі. Неоплатонизмнің бастапқы 
ілімінде құдай дегеніміз - оның табиғаты, мэні туралы ешқандай нақты пікір 
айтуға жэне ол туралы ақиқат білім алуға болмайтын болмыс.
Неоплатонизмді бір жүйеге түсіріп, өзіндік философиялық бағыт рстінде 
қалыптасуына белсенді атсалысқан ойшыл Плотин (205-270 ж.) болды. Оның пі- 
кірінше, алғашқы мэнділік дегеніміз - даралық, бірақ ол ақыл-ой немесе ақыл-ой 
танымының қарастырар объектісі емес. «Даралық» өзінің эманациясының (төгілу, 
тарау, шашылу) арқасында әлемдік рух - нусты бөліп шығарады. Ал нус - әлемдік 
жандар мен идеялар элемінің ордасы, шын мәніндегі элем (болмыс). Керісінше, 
сезімдік заттар элемі - идеялар элемінің иллюзорлық бейнесі. Әлемдік жандар 
жекеленген жандарға бөлінеді. Ал материя эманацияның ең төменгі сатысы жэне 
өміршең емес «жауыз» (мейірімсіздік) ретінде, құдайдың алғашқы мэні - абсо­
лю та жоққа шығарушы ретінде пайда болған бейболмыс. «Даралықтан» тарай- 
тын адамдар жанының соңғы жэне ең жоғары мақсаты - «даралықпен» қайтадан 
қосылу. Бұл мақсатқа экстаздың арқасында жетуге болады. Ал танып-білу -
экстазға жетудің дайындық сатысы.
Қорыта келгенде, Плотиннің көтерген нсгізгі мәселесі, бір жағынан, алғашқы 
даралық - құдай болмысынан ақыл-ой, әлемдік жан, жеке адамдардың жаны 
арқылы томен қарай бейболмысқа (материяға) ұмтылған қозғалыс болса, екін- 
ші жағынан, адамдар жанының экстаз арқылы күдаймен қосылу үшін жоғары 
қозғалысы.
Антика философиясының көтерген мәселелерін қарастыра келе, қорыта ай- 
тарымыз, антикалық дүниетанымдық көзқарастарда кейінгі кезде қалыптасқан 
негізгі философиялық ілімдерге тэн идеялардың барлығы орын алды, сөйтіп, олар 
философияньщ ғылым ретінде қалыптасуына зор эсер етті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   305




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет