Жакыпбек Алтаев, Аманжол Ңасабек философия тарихы


 6 II тарау. Антикальщ философия



Pdf көрінісі
бет32/305
Дата20.11.2023
өлшемі20,78 Mb.
#192364
түріОқулық
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   305
Байланысты:
Философия тарихы Ж Алтай, Қасабек А. 3

3 6
II тарау. Антикальщ философия
бір тектес, бір-біріне ұқсас заттар, құбылыстар, процестер, қатынастар, т.б. көп бол- 
са, соншама идсялар бар. Идеялар бір-бірімен тек кана қарым-қатынасты емес, со- 
нымен бірге бір-біріне бағынышты немесе бірнеше турлі идеялар бір ортақ идеяға 
багынышты қатынастарда болады. Платон рухани әлемнің жеке-жеке идеялары 
туралы айтқанда, көбінесе «эйдос» деген ұғымды қолданады. Ежелгі грек тілінде 
идея да, эйдос та бір-біріне ұқсас мағына береді: түр, пішін, кейіп, тәсіл, т.б. Эйдос- 
тар сезімдік заттар үшін бір мезгілде эртүрлі міндет атқарады: 1. Себептілік.
2. Заттардың жаратылу кескіні үшін үлгі. 3. Заггардың түпнегізін бейнелейтін ұғым.
Материалдық денелер өзгермелі, құбылмалы, ал эйдостар (идеялар) мэңгі, өз- 
гермейді, сондықтан Платон оларға қосымша тағы бір ұғым - «хораны» (материя) 
кіргізді. Хора - материя көрінбейтін, түрсіз, еленбейтін, өзіне-өзі тең құбылыс. 
Бірақ ол кез келген түрді қабылдап, пішінделген (түрленген) материя болуға қабі- 
летті. Оны денелі немесе денесіз деп айтуға болмайды. Платонның материясын 
танып-білуге болмайды, ол - бейболмыстың бір түрі. Осыған қарамастан мате­
рия - көп түрліліктің, жалқылықтың, заттанудың, өзгерістердің, туу мен өлімнің, 
табиғи қажеттіліктің, жамандықтың және еріксіздіктің қайнар көзі. Материя мәң- 
гі, ол өмірге идея (эйдостар) арқылы келмейді.
Платон материяның бұл түрінен физикалық материя түрін ажыратып қарас- 
тырады. Физикалық материя антикалық көзқарастарда қалыптасқан төрт түпнегіз 
- от, жер, су, ауа түрінде өмір сүреді. Сезімдік заттар - заттандырылған идеялар 
мен материяның туындылары.
Материалдық денелер өзгермелі: уақытша дүниеге келіп, мэңгі жоғалып 
жатады. Заттар идеялармен үш түрлі байланыста болады. Біріншіден, заттар өзі- 
нің идеяларына ұмтылады, сол идеяларға ұқсауға тырысады. Екіншіден, эрбір 
затта идеяның бөлшектері бар, сондықтан заттар өз идеялары сияқты болады. Бұл 
пікірді былай деп түсіндіруге болатын сияқты: егер заттар өз идеяларынан басқа 
болса, онда олардан бөлек жэне жоғары сатыда тұрған, заттар мен идеяларды бі- 
ріктіретін тағы бір идея болуы керек. Мысалы, адам идеясы мен адамнан басқа, 
осы екеуін біріктіріп қамтитын үшінші адам идеясы болуы керек. Үшіншіден, се- 
зімдік әлемдегі заттар ой идеяларымен бірігіп кетеді. Себебі заттар - идеялардың 
көлеңкесі, олардың бейнеленуі, ал идеялар - заттардың алғашқы түрлері, пішін- 
дері. Өзінің осы ілімін түсіндіру үшін Платон «үңгір» туралы аллегориясын кел- 
тіреді: адамның өмірі үңгірде өмір сүретін адамдардың қоршаған ортаны танып- 
білуімен өте ұқсас. Үңгірдегі адам заттардың өзін емес, тек олардың көлеңкесін 
ғана ісөріп таниды жэне оларды табиғаттың шын құбылысы екен деп есептеп, 
үңгірден сыртқа шыққанда шынайы кұбылыстарды көріп, оларды шын мәнінде- 
гі заттар ретінде мойындамайды, осы пікірдің қате екендігін түсіндіріп айтқан 
адамды жынды санап, өлтіруге дейін барады.
Платонның ілімі бойынша, идея мен материядан басқа үшінші бастама -
әлемдік рух немесе космос рухы шығармашылық күштің, қозғалыстың, тірші- 
ліктің, жанның, сананың жэне таным процесінің қайнар көзі ретінде идеялар 
әлемі мен заттар әлемін қосып, байланыстырады, ол заттарды идеяға ұқсауға
ал идеяларды заттарда болуға көндіреді. Осы екі әлемді біріктіріп, байланысты- 
ру үшін ғарьннтық рухтың өзі қарама-қайшылықта болуы керек. Шынында да, 
ол қарама-қарсы үш бөліктен тұрады: бірінші - өзіне-өзі тең бөлік (идеялар эле-




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   305




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет