Байланысты: Философия тарихы Ж Алтай, Қасабек А. 3
Классикалык, философия 33
Гедонистік философияның негізін қалаушы ойшыл Аристипп (б.д.д. 435-
355 ж.) көзқарасының қалыптасуына Сократ ілімімен қатар софизмнің де әсері
болды. Оның пікірінше: «Танымның қайнар көзі - түйсік. Ал түйсік арқылы біз
табиғаттың заңдылыктарын немесе оның қасиеттерін танып-біле алмаймыз, сон-
дықтан табиғатты танып-білемін деп әуреге түсудің қажеті жоқ, керісінше, біз тек
өзімізге тэн субьективті қабілеттеріміздің нэтижесін ғана тани аламыз». Осыдан
келіп, Аристипп: «Тек өзіміз сезінген лэззат пен қасірет қана игілік, рақымшы-
лық, - деген тұжырым жасайды. Лэззат өткенге де, болашаққа да бағытталмайды,
ол - тек қазіргі нақтылық. Сондықтан қазір ғана ала алатын лэззатқа ұмтылу
керек.
Лэззатқа жетудің бірден-бір жолы - өз еркіңмен қол жетпейтін немесе қасі-
рет экелетін құмарлықгардан бас тарту. Кез келген адам өзінің рухы мен тәнін
рақаттануға, лэззат алуға бағыштап, өзін де, басқаларды да шаттыққа бөлеулері
керек».
Сөйтіп, Аристипп рақатқа бөлену, бақыт сияқты субъективтік құбылыстарды
адамдар іс-эрекетінің негізгі өзегі (мотив) жэне мақсаты ретінде қарастырады. Осы
өнегелілік бағытгы басшылыққа алып іс-эрекет жасаған адам өз замандастары-
ның алдында да, болашақ алдында да зор сыйға бөленетінін айта келіп,
А р и с ти п п
мемлекетгі, онда ңалыптасқан заңдарды, т.б. рақатқа бөлену, бақытқа жету жо-
лындағы кұрал деп қарастырады.
Аристипп ізбасарлары: «Данышпандарға әдептілік қағидаларын сақтаудың
қажеті жоқ, мысалы, даньпппан өзін Отаны үшін құрбандыққа шалмайды, себе-
бі «оның Отаны - бүкіл элем» (Феодор) деген идеяларды өз ілімдерінің басты
қағидаларының бірі етіп қабылдал, онда ең жоғары данышпандықтың белгісі
жатыр деп есептеген. Киниктердің, гедонистердің ілімдері кейін қалыптасқан
стоиктер, эпикуршылық, т.б. сол сияқты бақыт мэселесін өз философиясының
өзегі етіп қабылдаган ағымдарға зор эсер етті.
Дтомистер ілімі. Бұл бағытқа ежелгі грек ойшылдары Левкипп, Демокрит,
Эпикур жэне ежелгі Рим өкілі Лукреций Карр, т.б. жатады. Бұл ойшылдардьщ
шыгармаларында кейін материалистік бағыт деп аталып кеткен дүниетанымдық
көзқарас толығымен қалыптасьш, өзіндік ерекшеліктері бар философиялық ілімге
айналды. Атомистік бағыттың қалыптасуына үлкен үлес қосқан ойшыл Л ев к и п п ,
(б.д.д. шамамен V г.) болды. Оның ойынша, элем бөлінбейтін ұсақ бөлшектерден,
«атомдардан» тұрады жэне олар бос кеңістікте қозғалыста болады да, бір-бірі-
мен байланысқа түсіп, жеке денелерді құрайды. Ғарыппың өзі шексіз көп әлемнен
тұрады, олар бір-біріне ауыспайды, бірақ әрқайсысы жеке алғанда пайда болып,
даму шыңына жетіп, жоғалып жатады.
Левкипптің бүл пікірлері Демокрит ілімінің қалыптасуына зор эсер етті.
Демокрит (б.д.д. шамамен 460-371 ж.) 70-тен астам шыгармалар жазган: «Пифа
гор», «Планеталар туралы», «Табиғат туралы», «Ақыл-ой туралы», «Үлкен элем
күрылысы», «Кіші элем құрылысы», т.б.
Демокриттің ілімінше, дүниенің бастамасы - атомдар (шын болмыс) жэ
не бос кеңістік (бейболмыс). Болмыс пен бейболмыс - бір-біріне қарама-қарсы
құбылыстар. Егер болмыс өзіндік пішіні бар жэне ол өте тығыз болғандықтан,
бөлшектенбейтін атомдардан тұратын болса, бейболмыс өзіндік пішіні, түрі жоқ,