Жалпы білім беру ұйымдарының (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру) түрлері бойынша қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы


білім беру ұйымы қызметінің тәртібі



бет3/4
Дата03.02.2017
өлшемі0,8 Mb.
#8648
1   2   3   4

білім беру ұйымы қызметінің тәртібі

94. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдары оқу-тәрбие немесе емдеу-тәрбие мекемелері болып табылады және:

1) қылмыстық құқықбұзушылықтың белгілері бар қоғамға қауіпті іс-әрекет жасаған;

2) қылмыстық жауапкершіліктен босатылған;

3) қылмыстық процесс бойынша іс жүргізу кезеңінде өмiр сүру және тәрбиелену жағдайлары бойынша бұрынғы тұрғылықты жерiнде қалдырыла алмайтын күдікті он бір жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандарды тәрбиелеудің, оқытудың және әлеуметтік оңалтудың ерекше жағдайларын қамтамасыз ету мақсатында құрылады.

Ескерту. 94-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 02.06.2015 № 351 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

95. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымының негізгі міндеттері девиантты мінез-құлықты балаларға арналған білім беру ұйымдарының негізгі міндеттеріне ұқсас.

96. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымы 11 жастан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер үшін ер балалар мен қыз балаларға жеке құрылады.

97. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымына кәмелетке толмағандар соттың шешімі бойынша алты айдан екі жылға дейінгі мерзімге жіберіледі. Кәмелетке толмаған күдікті өмiр сүру және тәрбиелену жағдайлары бойынша бұрынғы тұрғылықты жерiнде қалдырыла алмайтын жағдайларда, ол қылмыстық процесті жүргізетін органның қаулысы бойынша, қорғаншылық және қамқоршылық органдарының қатысуымен қылмыстық процесс бойынша іс жүргізу кезеңінде тұру үшін ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымына орналастырылуы мүмкін.



Ескерту. 97-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 02.06.2015 № 351 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

98. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымына кәмелетке толмағандарды жеткізу білім беру органдарының иелігіндегі КБО арқылы жүзеге асырылады.

99. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымына жіберілетін кәмелетке толмағандардың жеке ісін ресімдеу оның Жарғысына сәйкес жүзеге асырылады.

100. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымына қабылдау директордың бұйрығымен ресімделеді.

101. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымындағы оқу-тәрбие процесі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылы 10 желтоқсанда № 8170 тіркелген) Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларына (бұдан әрі - ҮОЖ) сәйкес жүзеге асырылады.

102. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарындағы тәрбиеленушілерді оқыту мен тәрбиелеу олардың жас және жеке басы ерекшеліктерін ескере отырып сараланып жүзеге асырылады.

103. Директор, оның орынбасарлары, мұғалімдер, тәрбиешілер кәмелетке толмағандардың ата-анасымен немесе заңды өкілдерімен жүйелі байланысын қамтамасыз етеді.

104. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымы өз қызметі туралы құжаттама мен статистикалық есептілікті Заңға сәйкес жүзеге асырады.

7. Аурухана жанындағы мектеп қызметінің тәртібі

105. Аурухана жанындағы мектептер Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасына сәйкес құрылады. Аурухана жанындағы мектеп ұзақ уақыт емделіп жүрген балаларға 1-11 (12) сыныптарда білім алуға құқық береді.

106. Аурухана жанындағы мектептің қызметі мектеп Жарғысымен және осы Үлгілік қағидалармен реттеледі, ол Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамаларына сәйкес лицензиялауға жатады.

107. Аурухана жанындағы мектеп білім беру процесін қолданыстағы ҮОЖ сәйкес жүзеге асырады.

Базистік оқу жоспарының вариативтік бөлігінің құрамына кіретін және нақты ұйым ерекшелігін көрсететін оқу пәндері бойынша оқу жұмыс жоспары мен бағдарламаларын әзірлеуді мектеп дербес жүзеге асыруға құқылы.

108. Аурухана жанындағы мектепте сабақ аптасына 5 рет өткізіледі (сенбі, жексенбіден басқа), апталық оқу жүктемесі реттеледі (аптасына 3 сағаттан 20 сағатқа дейін).

109. Аурухана жанындағы мектепте оқыту жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар оқитын оқулықтар мен бағдарламалар бойынша жүзеге асырылады. Аурухана жанындағы мектепте білім алушылар оқулықтармен мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қамтамасыз етіледі.

110. Аурухана жанындағы мектептің оқыту нысаны білім алушының денсаулық жағдайымен анықталады: дербес (негізгі аурудың ауыртпалығы бойынша) немесе сыныптық-сабақтық.

111. Аурухана жанындағы мектепте білім алушыларға жеке іс қағазы ресімделеді және қабылдау туралы бұйрық шығарылады.

112. Аурухана жанындағы мектептерде сыныптық, өзіндік және бақылау жұмыстары жүргізіледі, білім алушылардың білімі бағаланады, тоқсан аяқталғанда тоқсандық бағалар қойылады.

113. Оқу жылы аяқталған соң 1-8 (9) сынып білім алушыларына жылдық және қорытынды бағалар қойылады және бұйрықпен келесі сыныпқа ауыстырылады.

114. 9, 11 (12)-сынып білім алушылары мемлекеттік бітіру емтиханы нысанында қорытынды мемлекеттік аттестаттаудан өтеді. Емтихан және қорытынды бағалары бойынша білім алушыларға мемлекеттік үлгіде құжат беріледі.

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы 17 қыркүйектегі
№ 375 бұйрығына 4-қосымша

Халықаралық мектеп қызметінің үлгілік Үлгілік қағидалары


1. Жалпы ережелер

1. Осы халықаралық мектеп қызметінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленген.

2. Осы Үлгілік қағидалар халықаралық мәртебесі берілген халықаралық мектептерге таратылады.

3. Халықаралық мектеп – Халықаралық Бакалавриат ұйымында авторландырудан немесе халықаралық институционалдық аккредиттеуден өткен өз бетінше әзірленген кіріктірілген білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымы.

4. Халықаралық мектептер қызметінің негізгі мақсаты – қазіргі қоғамдағы өзгерістерге оңай бейімделе алатын және оның дамуына сындарлы үлес қоса алатын тұлғаның интеллектуалдық, физикалық және әлеуметтік дамуына ықпал ететін үйлесімді және перспективті білім беруді қамтамасыз ету.

5. Халықаралық мектеп білім беру процесінде қазақстандық мектептердің және халықаралық мектептік білім берудің үздік педагогикалық тәжірибесін қолдану арқылы аталған мақсаттарға қол жеткізуді, білім беру бағдарламаларын жоғары ғылыми-әдістемелік жарақтандыруды, педагогикалық ұжымның тұрақты кәсіби дамуын қамтамасыз етеді.

6. Халықаралық мектептердің қызметі мынадай қағидаттарда құрылады:

1) мектептің білім беру бағдарламасын интернационалдандыру – білім беру процесінің оқушы бойында өз халқының мәдениетіне деген құрмет сезімін, мәдениетаралық түсінік пен толеранттылықты қалыптастыруға бағытталуы;

2) интеграция – мектептің халықаралық білім беру қоғамдастығында толық құқылы мүше болуы, мектеп бітірушілерге халықаралық үлгідегі мектепті аяқтағандығы туралы құжат алу мүмкіндігін беру, халықаралық деңгейдегі педагогті қалыптастыру;

3) академиялық еркіндік – мектептегі білім беру құрылымын (деңгейлерін) таңдау, білім беру бағдарламаларын, білім беру қызметін жүзеге асыру нысандары мен әдістерін әзірлеу және енгізу дербестігі;

4) автономдылық және өзін-өзі басқарушылық – қаржылық-экономикалық, әкімшілік басқарудағы дербестік;

5) жариялылық және транспаренттілік – мектепті Халықаралық Бакалавриат ұйымының білім беру бағдарламаларын халықаралық авторландырудан және/немесе халықаралық институционалдық аккредиттеуден міндетті өткізу, мектептің халықаралық білім беру ұйымдарына мүше болуы, қызметтің барлық бағыттары бойынша ақпараттық ашықтықты қамтамасыз ету;

6) әлеуметтік жауапкершілік – мектеп бітірушілеріне Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына түсу кезінде білім беру гранттарын алу үшін конкурсқа қатысуға мүмкіндік беретін білім беру деңгейін қамтамасыз ету.

7. Халықаралық мектеп өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, құрылтайшының (құрылтайшылардың) жергілікті құжаттарын, осы Үлгілік қағидаларды және мектеп Жарғысын басшылыққа алады.

8. Халықаралық мектеп жеке тұлғаның, қоғамның, мемлекеттің мүдделерінде оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асырады, жеке тұлғаның денсаулығын сақтауды және жан-жақты дамуы үшін, оның ішінде өздігінен оқуда және қосымша білім алуда білім алушының қажеттіліктерін қанағаттандыру мүмкіндіктеріне қолайлы жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді.

9. Халықаралық мектептердің ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны құрылтайшының (құрылтайшылардың) шешімімен анықталады.

10. Халықаралық мектепте саяси партиялардың, қоғамдық-саяси және діни қозғалыстар мен ұйымдардың ұйымдастырушылық құрылымдарының құрылуына және қызмет етуіне жол берілмейді.

2. Халықаралық мектептің қызметін ұйымдастыру тәртібі

11. Халықаралық мектепті құрылтайшы (құрылтайшылар) осы Үлгілік қағидаларда көрсетілген шарттарды сақтаған жағдайда өзінің бастамасы бойынша құрады.

12. Оқу орнын ашу туралы құрылтайшының (құрылтайшылардың) бұйрығы және мектептің Жарғысы халықаралық мектептің құрылтай құжаттары болып табылады. Мектеп қызметінің негізгі бағыттарын құрылтайшы (құрылтайшылар) реттейді.

13. Заңды тұлға ретінде Халықаралық мектептің Жарғысы, банктік мекемелерде есептік және басқа да шоттары, мөрі, мөртаңбасы, өзінің атауы бар бланкілері болады.

14. Халықаралық мектеп білім беру қызметін жүргізу құқығына лицензия алған сәттен бастап білім беру қызметін жүргізуге құқылы.

15. Халықаралық мектеп өзінің қызметі туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне үнемі ұсынып отырады.

16. Халықаралық мектеп тиісті халықаралық білім беру ұйымдары белгілеген кезеңділікпен тұрақты негізде Халықаралық Бакалавриаттың бағдарламалары бойынша авторландырудан және/немесе халықаралық институционалдық аккредиттеуден өтеді.

17. Халықаралық мектеп қажет болған жағдайда білім беруді дамыту және жетілдіру мақсатында кешендер құруға, мекемелердің, кәсіпорындардың және қоғамдық ұйымдардың, оның ішінде халықаралық ұйымдардың қатысуымен қауымдастықтар, одақтар және өзге де бірлестіктер құруға және қызметіне қатыса алады.

18. Халықаралық мектеп шетелдік кәсіпорындармен, мекемелермен және ұйымдармен тікелей байланыс орнатуға, сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыруға және банктік және басқа да кредиттік мекемелерде валюталық шоттары болады.

19. Медициналық қызмет көрсетуді әкімшілік және педагогикалық персоналмен қатар білім алушылардың денсаулығы мен дене дамуын қамтамасыз ету, емдік-профилактикалық іс-шараларды өткізу, санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтау, білім алушылардың тамақтану режимі мен сапасын штаттық медициналық персонал қамтамасыз етеді.

20. Халықаралық мектепке қабылдау тәртібін мектептің құрылтайшысы белгілейді және бекітеді және білім алушылардың, олардың ата-аналарының (оларды алмастыратын адамдардың) құқықтары мен міндеттері мектептің Жарғысымен және Жарғыда көзделген өзге де жергілікті актілермен айқындалады.

21. Халықаралық мектепте оқытуды жергілікті және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес білім беру ұйымдары жалдаған шетелдік педагогтер жүзеге асырады.

22. Қызметкер мен мектеп әкімшілігінің қарым-қатынасы, шарттары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамаларына сәйкес реттеледі.

23. Халықаралық мектепті басқару мектептің Жарғысына сәйкес демократиялылық, ашықтық, жалпы адами құндылықтардың басымдығы, адамның денсаулығы мен өмірін қорғау, жеке тұлғаның еркін дамуы қағидаттарында жүзеге асырылады.

24. Халықаралық мектептің ұйымдастырушылық құрылымы, басқару жүйесі және барлық қызметкерлерінің лауазымдық міндеттері мектептің білім беру моделінің ерекшеліктеріне сәйкес әзірленеді және мектеп Жарғысы және басқа да жергілікті мектеп актілерімен қарастырылған тәртіпте бекітіледі.

25. Мектептің қаржы-шаруашылық қызметін құрылтайшы (құрылтайшылар) регламенттейді және меншік нысанына байланысты.

3. Оқу-тәрбие процесі

26. Халықаралық мектеп Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты мен халықаралық білім беру бағдарламаларының талаптарын ескере отырып дербес әзірленген білім берудің біріктірілген оқу бағдарламаларын іске асырады.

27. Негізгі мектептің оқушылары Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне және мектептің Жарғысына сәйкес мемлекеттік және/немесе халықаралық сыртқы аттестаттауға қатысады. Негізгі мектептің курсы үшін қорытынды аттестаттаудан сәтті өткен негізгі мектептің бітірушілеріне негізгі мектепті бітіргені туралы мемлекеттік және/немесе халықаралық үлгілердегі құжаттар беріледі.

28. Халықаралық мектепті аяқтағаннан кейін білім туралы құжат алған жоғары мектеп оқушыларына бірыңғай ұлттық тестілеудің нәтижелері туралы сертификаттар беріледі. Сертификаттардың балдары білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен шкала бойынша қорытынды бағаларды (балдарды) ауыстыру жолымен белгіленеді.

29. Халықаралық мектепте оқыту мен тәрбиелеу жүргізілетін тілді (тілдерді) құрылтайшы (құрылтайшылар), мектептің Жарғысы және тіл саясаты айқындайды.

30. Қазақ тілі мен әдебиеті, Қазақстан тарихы мен географиясы мектептің білім беру бағдарламасына қосу үшін міндетті пәндер болып табылады.

31. Халықаралық мектеп сыныптар мен топтардың қажетті санының жұмыс істеуі үшін жағдайлар жасаумен оқушылардың оқу тілін таңдау құқығын іске асырады.

32. Жарғылық мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес халықаралық мектеп оның мәртебесін айқындайтын негізгі оқу бағдарламаларының шегінен тыс қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыруы және қосымша білім беру қызметтерін көрсетуі мүмкін.

33. Халықаралық мектепте білім беру процесін ұйымдастыру Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты мен халықаралық білім беру бағдарламаларының талаптарын ескере отырып, мектеп дербес әзірлейтін жұмыс оқу жоспары және/немесе кіріктірілген білім беру бағдарламалары негізінде құрылады.

34. Халықаралық мектеп Қазақстан Республикасының заңнамаларына және мектептің Жарғысында белгіленген шектерде оқыту мен тәрбиелеудің нысандарын, құралдары мен әдістерін таңдауда дербес болады.

35. Халықаралық мектеп оқушылардың оқудағы жетістіктерінің деңгейін бағалаудың біріктірілген қазақстандық және/немесе халықаралық жүйесін пайдаланады.

36. Жылдық күнтізбелік оқу кестесін халықаралық мектеп дербес, құрылтайшымен (құрылтайшылармен) келісім бойынша әзірлейді және бекітеді.

37. Халықаралық мектепте тәрбиелеу жұмыстарының жүйесі отансүйгіштікті, азаматтылықты, этникааралық толеранттылықты, жоғары адамгершілік пен өнегелікті қалыптастыруға, сонымен қатар функционалды сауаттылықты, оқушыларды, тәрбиеленушілердің жан-жақты қызығушылықтары мен қабілеттерін дамытуға бағытталған.

4. Халықаралық мектепті басқару

38. Халықаралық мектепті басқару осы Үлгілік қағидаларына, мектептің Жарғысына және құрылтайшылық құжаттарына сәйкес демократиялылық, ашықтық, жалпы адами құндылықтардың басымдығы, адамның өмірі мен денсаулығын қорғау, жеке тұлғаның еркін дамуы принциптерінде жүзеге асырылады.

39. Халықаралық мектептің ұйымдастырушылық құрылымы, басқару жүйесі және барлық қызметкерлердің лауазымдық міндеттері мектептің білім беру моделінің ерекшеліктеріне сәйкес әзірленеді.

40. Халықаралық мектепте жұмыс істеу үшін педагогикалық ұжым халықаралық емтихан алушыларды, тренерлерді, сарапшыларды қосқанда жоғары білікті қазақстандық және шетелдік педагогтер санынан құрылады.

5. Қаржылық қамтамасыз ету

41. Халықаралық мектептің қызметін қаржыландырудың негізгі көзі ақылы білім беру қызметтерін көрсетуден түскен кіріс болып табылады.

Білім беру ұйымы қызметкерлерінің инновациялық қызметін ынталандыру үшін халықаралық мектеп еңбекақы төлеудің нысаны мен жүйесін Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес дербес айқындайды.

Қазақстан Республикасы


Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы 17 қыркүйектегі
№ 375 бұйрығына 5-қосымша

Интернаттық білім беру ұйымдары қызметінің


үлгілік қағидалары
1. Жалпы ережелер

1. Осы Интернаттық білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Үлгілік қағида) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5 - бабының 44-5) тармақшасына сәйкес әзірленді және жатын орынды бере отырып жалпы орта білім алуды қамтамасыз етеді.

2. Интернаттық білім беру ұйымдары мынадай түрлерден құрылады:

1) жалпы үлгідегі:

мектеп-интернат – аз тұрғыны бар елді мекендерде тұратын балалардың жалпы орта білім алуын қамтамасыз етеді;

әскери мектеп-интернат – жалпы орта білім алуды және тереңдетілген әскер қатарына шақыруға дейінгі және физикалық дайындығының қосымша білім беру бағдарламаларын, білім берудің кейінгі деңгейлерінде әскери-техникалық мамандықтар бойынша оқытуды жалғастыру мүмкіндігін қамтамасыз етеді;

жалпы білім беретін мектеп жанындағы интернат - тиісті білім беретін мектептері жоқ елді мекендерде тұратын оқушылардың жалпы орта білім алуын қамтамасыз етеді;

тірек мектебі жанындағы интернат (ресурстық орталық) – білім беру ресурстарына сессиялық сабақтар және білім алушыларды аралық және қорытынды аттестаттау кезеңінде тұрумен қоса жақын орналасқан шағын жинақты мектептер оқушыларының сапалы білім алуын қолжеткізуді қамтамасыз етеді;

көп балалы және аз қамтамасыз етілген отбасылардың балаларына арналған мектеп-интернат - мемлекеттік жәрдемақы алатын отбасылардан шыққан балалардың, мемлекеттік әлеуметтік көмек алмайтын отбасылардан шыққан балалардың, өмір сүру, еңбек жағдайлары бойынша отбасыларға көмек беріле отырып, ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балалардың орта білім алуын қамтамасыз етеді;

2) арнайы үлгідегі:

санаторийлік мектеп-интернат – белгіленген режимді сақтаумен қоса жалпы орта білім алуды, емдеуді, медициналық оңалту мен демалуды, емдеу-профилактикалық туберкулезға қарсы іс-шаралар өткізуді қамтамасыз етеді.

3. Интернаттық білім беру ұйымдарының негізгі міндеттері:

балалардың білім алуы үшін жағдайлар жасау, интеллектуалдық, тұлғалық, әлеуметтік, табиғи, шығармашылық дамуын қамтамасыз ету;

мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына және қосымша білім беру бағдарламаларына сәйкес бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, мамандандырылған және арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыру;

жалпы орта білім алу кезеңінде білім алушылардың тұруы үшін ыңғайлы және қауіпсіз жағдайларды қамтамасыз ету.

4. Интернаттық білім беру ұйымдарына жатын орын беріле отырып жалпы орта білім алу қамтамасыз етіледі:

1) жалпы үлгідегі:

мектеп-интернат – аз тұрғыны бар елді мекендерде тұратын балаларды қабылдауды жүзеге асырады;

әскери мектеп интернат – конкурстық негізде жалпы орта білімді аяқтағаннан кейін 15-16 жастағы ер балаларды қабылдауды жүзеге асырады;

жалпы білім беретін мектептің жанындағы интернат – тиісті жалпы білім беретін мектептері бар елді мекендерде тұратын балаларды қабылдауды жүзеге асырады;

тірек мектебі жанындағы интернат (ресурстық орталық) – білім беру ресурстарына сессиялық сабақтар және білім алушыларды аралық және қорытынды аттестаттау кезеңінде тұрумен қоса тірек мектептеріне бекітілген шағын жинақты мектептер оқушыларын қабылдауды жүзеге асырады;

көп балалы және аз қамтамасыз етілген отбасылардың балаларына арналған мектеп-интернат - мемлекеттік жәрдемақы алатын отбасылардан шыққан балаларды, мемлекеттік әлеуметтік көмек алмайтын отбасылардан шыққан балаларды, өмір сүру, еңбек жағдайлары бойынша отбасыларға көмек беріле отырып, ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балаларды қабылдауды жүзеге асырады;

2) арнайы үлгідегі:

1) санаторийлік мектпеп-интернат – облыстық, қалалық туберкулезға қарсы диспансер жанындағы жергілікті атқарушы органдардың комиссиясы облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және білім және денсаулық сақтау басқармаларының бағыттары бойынша оқу жылының басынан немесе жарты жылдықтан бастап 16-18 жастағы балаларды қабылдауды жүзеге асырады. Бос орын болған жағдайда оқу жылы басталғаннан кейін оқушыларды қабылдауға рұқсат етіледі. Санаторийлік мектепте ауыстыру емтихандары жүргізілмейді.

Сыныптың толықтығы және 20 баладан көп емес топтар толық сауыққанға дейін (туберкулезға қарсы диспансердің есебінен шығарғанға дейін) кемінде бір оқу жартыжылдығында емдеуде болады. Балалардың болу уақыты медициналық көрсеткіштер бойынша 5-10 айға дейін созылуы мүмкін және комиссия қарайды. 1-5 сыныптардағы сабақтардың ұзақтығы 35 минут, 6-11 сынаптарда – 40 минут. Әр сабақтың алдында дене тәрбиелік жаттығулар өткізіледі.

2. Интернаттық білім беру ұйымдарының қызметін ұйымдастыру

5. Интернаттық білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесі Жалпы орта білімнің жалпы орта білім беретін бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының үлгілік қағидаларына және осы Үлгілік қағидаға, ішкі тәртіптің жарғысы мен қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

6. Медициналық персонал балалардың денсаулығын сақтауды және күшейтуді, профилактикалық іс-шаралар өткізуді, интернаттық ұйымдардың санитарлық-гигиеналық жай-күйі мен тамақтануға бақылауды қамтамасыз етеді, тәулік бойы балалардың келуін ескере отырып, жұмыстың гигиеналық негізделген режимін ұйымдастырады.

7. Белгілеген нормаларға сәйкес оқушылар киіммен, аяқ киіммен, жұмсақ және қатты мүкәммалмен, жеке гигиеналық заттармен, оқулықтармен, жазу керек-жарақтарымен, ойыншықтармен, ойындармен қамтамасыз етіледі.

8. Интернаттық білім беру ұйымдарын басқару Қазақстан Республикасының заңнамасына, осы Қағидаға, Жарғыға және ішкі тәртіптің қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

9. Интернаттық ұйымдар оқу-тәрбие процесін жүзеге асыруда, кадрларды іріктеуде, ауыстыруда, білім саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаржылық-шаруашылық қызметті жүзеге асыруда дербес.

Даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнаулы мектеп-интернатта консультациялық пункттер, кәсіби мектептердің арнайы топтары, білім алушылардың қосымша еңбектік даярлау мен қайта даярлау орталықтары ашылуы мүмкін.

10. Интернаттық ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

11. Интернаттық білім беру ұйымдарының қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензияланады.

12. Интернаттық білім беру ұйымдарын қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады. Қаржылық және материалдық қаражаттардың қосымша көздерін тарту Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады, оны қаржыландыру нормативтері мен абсолюттік көлемдерінің қысқаруына әкеп соқтырмайды.

13. Интернаттық ұйымдар көмекші ауыл шаруашылығын, оқу тәжірибелік участкелер, оқу-өндірістік шеберханалар құра алады.

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы 17 қыркүйектегі
№ 375 бұйрығына 6-қосымша

Біріктірілген білім беру ұйымдары қызметінің


үлгілік қағидалары
1. Жалпы ережелер

1. Осы Біріктірілген білім ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және «Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымдарын қоспағанда, меншік нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан біріктірілген білім беру ұйымдарының қызмет тәртібін айқындайды.

2. Біріктірілген білім беру ұйымдарының негізгі түрлері:

1) мектеп-гимназия;

2) мектеп-лицей;

3) қосымша білім беру мектеп-орталығы;

4) мектеп-интернат-колледж;

5) оқу-сауықтыру орталығы (кешені);

6) оқу-өндірістік комбинаты (мектепаралық, курстық);

7) оқу-тәрбие орталығы (кешені);

8) оқу орталығы болып табылады.

3. Біріктірілген білім беру ұйымдарында, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі балаларды қабылдау тәртібі 2012 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 127 қаулысымен бекітілген Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына сәйкес іске асырылады.

4. Ұйымдардың үлгілері мен түрлері бойынша сыныптардың (топтардың) жиынтықтылануы Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайды.

5. Жергілікті атқарушы органның ұсынысы бойынша біріктірілген білім беру ұйымдары бекітілген аумақ шегінде, мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балалардың дербес( аты-жөні бойынша) есепке алуды жүргізеді.

6. Біріктірілген білім беру ұйымдарының штаттық саны оның Жарғысымен және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 77 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарына белгіленеді.

7. Арнайы педагогикалық немесе тиісті бейіні бойынша кәсіптік білімі бар тұлғалар педагогикалық қызметпен шұғылдана алады.

Білім беру ұйымдарына сот үкімі немесе медициналық қорытынды негізінде педагогикалық қызметке тыйым салынған, сондай-ақ белгіленген заңнамалық тәртіпте жазасы өтелмеген және сотталғандығы кешірілмеген тұлғаларға педагогикалық қызмет етуге рұқсат берілмейді.

8. Біріктірілген білім беру ұйымдарында білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығымен бекітілген Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау жүргізудің үлгі ережесіне сәйкес жүзеге асырылады.

9. Инклюзивтік білім беруді іске асыру мақсатында біріктірілген білім беру ұйымдары даму мүмкіндігі шектеулі балаларға білім алу үшін арнайы жағдайларды қамтамасыз етеді.

10. Сыныпта даму мүмкіндігі шектеулі балалар болған жағдайда, сыныптарды бөлу сынып оқушыларының жалпы санын әрбір осындай балаға үш балаға кеміту есебінен жүзеге асырылады.

11. Сыныптарда мүмкіндігі шектеулі оқушыларды дені сау балалармен бірге оқыту жалпы білім беру бағдарламасы, сондай-ақ (аудандық,қалалық) Психологиялық-медико-педагогикалық кеңес ұсынымдарына сәйкес арнайы оқу бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады. (бұдан әрі - ПМПК)

12. Оқу жылының қорытындысы бойынша, білімнің бастауыш сатысындағы мүмкіндігі шектеулі оқушыларда 1-2 пәннен академиялық берешектері болса, жаздық тапсырмалар мен емтихандарды тапсырғаннан кейін келесі сыныпқа көшіріледі, үш немесе одан да көп пәндер бойынша оқу жылының бағдарламасын игермеген оқушылар, келесі сыныпқа көшірілмейді немесе ата-аналарының өтініші және ПМПК қорытындысы бойынша арнайы сыныптарға ауыстырылады.

13. Біріктірілген білім беру ұйымдарында мектеп жасына дейінгі балаларға мектепке дейінгі шағын орталық пен мектепке дейінгі сыныптар ашылады.

14. Мектепке дейінгі шағын орталықтар мен мектепке дейінгі сыныптар білім беру процесінде мектепке дейінгі балалардың ерекшеліктерін есепке ала отырып, келесі жұмыс түрлерін жүргізеді: ойындар, құрастыру, бейнелеу, музыкалық, театрлық және басқа да жұмыстар, сондай-ақ баланың жеке мүмкіншілігін қарастырады, балалардың жас ерекшелігі және психологиялық ерекшелігіне қарай әртүрлі шағын топтардағы жұмыстар.

15. Мемлекеттік біріктірілген білім беру ұйымдарында оқушылар мен тәрбиеленушілер оқулықтармен, оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету мемлекеттік бюджет есебінен жүзеге асырылады.

16. Біріктірілген білім беру ұйымдары өз жұмысының ерекшеліктеріне сәйкес, шетелдік білім беру ұйымдарымен, халықаралық ұйымдармен және қорлармен тікелей байланыс орната алады; серіктестік туралы екіжақтық және көпжақтық келісім шарт жасауға, білім саласында халықаралық үкіметтік емес ұйымдарға (бірлестіктерге) кіруге құқылы.

17. Біріктірілген білім беру ұйымдары заңды тұлға ретінде өзінің атауы, жарғысы, заңнамаға сәйкес банктерде есепшоттары, бланктері, бекітілген үлгідегі мөрі болады.

18. Біріктірілген білім беру ұйымдарында мемлекеттік аттестаттау білім саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте жүргізіледі

19. Біріктірілген білім беру ұйымдарында білім беру мазмұны Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес әзірленген жұмыс жоспарларымен және оқу жоспарымен анықталады.

Нақты ұйымның ерекшелігін сипаттайтын және негізгі оқу жоспарының вариативті бөлігінің құрамына кіретін жұмыс оқу жоспары және оқу пәндерінің бағдарламаларын мектеп дербес жүзеге асыруға құқылы.

Мектеп–гимназияларда, мектеп–лицейлерде пәндерді тереңдете оқыту үшін әр сыныпқа 4 сағаттан оқушылардың таңдауы бойынша факультативтер мен қосымша курстарды ұйымдастыруға қаржы бөлінеді. Үйірмелер, студиялар, ғылыми қоғамдастық және т.б. ұйымдастыру үшін мұғалімдерге әрбір сыныпқа 0,25 ставка, сондай–ақ, жоғарғы білікті мамандармен келісім шарт негізінде жеке курстар мен лекциялар өткізу үшін мектепке жылына есеппен 1500 сағатқа қаржы бөлінеді.

Факультативтік сабақтар және қалауы бойынша курстар топта 10 адамнан кем болмаған жағдайда жүргізіледі.

20. Біріктірілген білім беру ұйымында сабақтар кестесі, осы ұйымның басшысы немесе оның міндетін атқарушы тұлғамен бекітіледі.

21. Сабақ кестесінде күнделікті сабақ саны, сабақтың уақыты мен жүйелігі көрсетіледі.

Біріктірілген білім беру ұйымдарының сабақ кестесінде оқушылар мен тәрбиеленушілердің белсенді демалуы және тамақтануы үшін үзіліс қарастырылған.

22. Жалпы білім беру ұйымдарының барлық түрлерінің оқушылары үшін сабақтар аралығындағы үзілістер ұзақтығы кемінде 10 минутты, үлкен үзіліс (2 немесе 3 сабақтан кейінгі) 30 минутты құрайды: бір үлкен үзілістің орнына 2 және 3 сабақтан соң әрқайсысы 20 минуттан екі рет үзіліс жасауға жол береді.

23. Білім беру ұйымдарындағы бір сабақтың ұзақтығы – қырық бес минут (арнайы сыныптарда қырық минуттан аспауы тиіс.

Сабақтар сағат сегізден ерте басталмайды. Оқу аптасының ұзақтығына қарамастан, күндізгі оқу жүктемесі бастауыш мектепте бес сабақтан, негізгі мектепте жеті сабақтан, жоғарғы мектепте сегіз сабақтан аспайды.

2. Мектеп-гимназиялар, мектеп-лицейлер қызметінің қағидалары

24. Мектеп-гимназия, мектеп-лицей – өз құрылымында бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдармаларын іске асыратын сыныптары, сондай-ақ оқушылардың қабілеттері мен бейімдіктеріне байланысты тереңдетіп, бейіндетіп, саралап оқытуды қарастыратын қосымша жалпы білім беру бағдарламасын іске асыратын сыныптары бар заңды дербес жалпы орта білім беретін оқу орындары.

25. Мектеп-гимназиялар, мектеп-лицейлердің мақсаты:

бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беру бағдарламаларын және оқушыларға тереңдетіп, бейіндетіп, саралап оқытуды қарастыратын, сондай-ақ қосымша жалпы білім беру бағдарламаларын сапалы меңгеруі үшін қолайлы жағдайлар жасау.

26. Аталған мақсатын жүзеге асыру үшін мектеп-гимназиялар, мектеп-лицейлер келесі тапсырмаларды іске асырады:

1) кәсіптік білім бағдарламасын игеруге және таңдауға дайын, қоғамдағы өмірге бейімделген, мәдениеті жоғары интелектуалды тұлғаны қалыптастыру;

2) оқуға қабілетті, дарынды оқушыларды анықтау;

3) гимназия және лицей сынып окушыларын білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарт деңгейін арттыру арқылы оқыту;

4) оқытудың инновациялық әдістері мен технологияларын қолдану негізінде оқушылардың өзіндік танымдық қызмет және шығармашылық қабілет дағдыларын дамыту;

5) шығармашылық әлеуетін арттыруға қолайлы жағдайлар жасау;

6) жалпы білім беру процесінде алдыңғы қатардағы шетелдік және отандық педагогикалық тәжірибені пайдалану, педагогтардың кәсіби құзіреттілігі мен шығармашылығын арттыру;

27. Мектеп-гимназияның бағыттары: гуманитарлық, тілдік, эстетикалық және көпсалалық бағытта болуы мүмкін.

28. Мектеп-лицейдің бағыттары: жаратылыстану-математикалық, экономикалық, сондай-ақ көпбейінді болуы мүмкін.

3. Қосымша білім беретін мектеп–орталықтардың



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет