Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының ОҚУ Әдістемелік кабинеті 9-сынып «Қазақ тілі мен әдебиеті»



бет14/62
Дата14.12.2023
өлшемі0,49 Mb.
#196754
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   62
Байланысты:
9 сынып Т2 Замира (1)
Урок 3, 9 сынып Мырзабекова Қ, бұйрық, ГИПЕРС3ЛТЕМЕ, Аманова Фйым, Аманова Фйым, Аманова Фйым, Аманова Фйым, Аманова Фйым, екі Жобаға идея 2
Бағалау критерийі:

Білім алушы:




- Мәтінде көтерілген мәселеге сыни көзқарасын білдіреді;
- Жағдаятқа сай интонация, кідіріс, логикалық екпінді қолданып, ойын жеткізеді.

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Қолдану

Орындау уақыты:

15-20 минут

Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңдап, тапсырмаларды орындаңыз

Сатушы үшін заңды білмеу тиімді ме?


Мөлдір Әбдірайымованың Астана қаласындағы тұрмыстық техника сататын ірі дүкендер желісінің бірінен сатып алған шаңсорғышты қайтара алмай жүргеніне бір ай болды.


– Сатып алғаннан соң үш күннен кейін қорапты ашып, шаңсорғышты қолданайын десем, шаңды артқы жағынан шашады екен. Ертесінде тауарды дүкенге апарғанымда, сатушы шаңсорғышты тексеріп, ақауды көрді. Алайда ауыстырып беруден және техниканы қайтып алудан бас тартты. «Бізге сервис орталығының тұжырымдамасы керек» деп, маған акт толтыртып, тауарды алып қалды, – дейді Мөлдір.
Жаңа шаңсорғыштың фильтрі пайдасыз болып шықты.
Мөлдірге бір аптадан кейін сервис орталығынан хабарласып, шаңсорғышты алып кетуге болатынын айтты.
– Сізге жаңа фильтр қою керек, – деді мамандар. Бірақ ол да болмай шықты. Қайта телефон шалып едім, «фильтрді жуып салыңыз» деді. Онысы да болмады, – дейді Мөлдір.
Айтуынша, проблеманы көрсету үшін үйге шақырған сервис орталығының маманы: «сізге жаңа фильтр алу керек», – деп кетіп қалған.
Мәселені соңына жеткізу үшін, Мөлдір дүкен директорының орынбасарымен бірге шаңсорғышты сервис орталығына қайта апарған.
– Бізден техниканы зауытқа жібереміз деп алып қалған. Бірақ үш-төрт күннен кейін тағы хабарласып, акт толтырылды. Техниканы дүкенге апарып, ауыстыруыңызға болады деді. Барып едім, мүлдем басқа актіге қол қоюды сұрады. Ол жерде «кепілдік шарты бұзылды, шаңсорғыш жұмыс істеп тұр» деп жазылған. Мен оған қол қоюдан бас тартып, келіспейтінімді айттым. Ақыры маған бұл жұмысты қарастыруға арнайы менеджертағайындайтын болды, – дейді Мөлдір. (201 сөз)
https://informburo.kz/kaz/kez-kelgen-satyp-alan-tauardy-aytarua-bolady-ttynushyny-aperne.html

1-тапсырма. Тұтынушы үшін кездескен мәселелер тізбегін атаңыз.


Мәселелер тізбегі:












2-тапсырма.Мәселелердің пайда болу себептері мен салдарын түсіндіріңіз.





Мәселе

Себебі

Салдары








3-тапсырма. Берілген сұрақтардың бірін таңдап жұпта диалогке түсіңіз. Сөйлеу кезінде кідіріс, екпін, интонацияны ескеріңіз.


1. Еліміздегі балалар құқығы қалай қорғалады?


2. Жастар арасындағы тәртіп бұзушылықтың себебі неде?



Бағалау критерийі

Тапсырма

Дескриптор

Балл

Мәтінде көтерілген мәселеге сыни көзқарасын білдіреді



1-2

- мәтіндегі 3 мәселені анықтайды;
- анықталған мәселелердің себебін түсіндіреді;
- анықталған мәселелердің салдарын түсіндіреді.

1

1


1



Жағдаятқа сай интонация, кідіріс, логикалық екпінді қолданып, ойын жеткізеді



3

-тақырып бойынша сұрақ қояды;
-сұраққа қатысты өз ойын білдіреді;
-тақырыпты ашады;
-кідіріс, екпін, интонацияны орындықолданады.

1

1


1
1



Барлығы







7





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет