Жаратылыстану және география институты тҧңғышбаева З. Б. Цитология және гистология


Жасуша мембранасының тасымалдау қызметі



Pdf көрінісі
бет36/240
Дата08.02.2022
өлшемі6 Mb.
#122639
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   240
Байланысты:
Цитология және гистология оқу құралы 2017 - лаб. сабақ

Жасуша мембранасының тасымалдау қызметі 
Мембрананың тасымалдау қызметіне су мен иондарды, тӛменгі 
молекулалық заттарды пассивті түрде тасымалдау және осы заттарды 
концентрацияның градиенттеріне қарсы активті түрде ӛткізу, сонымен 
қатар 
жоғары 
молекулалық 
қосылыстар 
мен 
комплекстерді 
тасымалдаудың түрлі жолдары жатады. 
Сыртқы ортадан клеткаға әртүрлі заттар енеді.Үлкен молекулалар 
жай ӛтсе, кішілері жылдам ӛтеді. Ең жылдам ӛтетін су және оның 
құрамындағы ерітінділер. Егер эритроцитті ӛзінің цитоплазмасынан гӛрі 
концентрациясы тӛмен тұзды ерітіндіге салсақ, онда сыртқы ортадан су 
клеткаға кӛп еніп, клетка кӛлемі ӛсіп, оның сыртқы мембранасы жарылып 
кетеді де «гипотониялық шок» орын алады. Керісінше, эритроцитті 
концентрациясы жоғары тұзды ерітіндіге салсақ, онда сыртқы ортаға 
клеткадан су кӛп шығып, ол жиырылып қалады. Клетканың сыртқы 
мембранасында липопротеин қабатында «саңылаулар» бар, олар арқылы 


31 
сулар мен иондар ӛтеді және К
+
, Na
+
катиондары аса жылдамдықпен ӛтсе, 
ал аниондар баяу Cl
-
ӛтеді. 
Мембрананың тасымалдау қызметі кейде концентрация градиентіне 
кері жүруі мүмкін, оны активті тасымалдау деп айтады. Активті 
тасымалдау энергия (АТФ) жұмсау арқылы ӛтеді. Белоктар, нуклеин 
қышқылдары, майлар ыдырап, мономерлерге айналғаннан кейін ғана 
мембранадан ӛте алады.
Кейде макромолекулалар, ірі түйіршіктер клеткаға эндоцитоз процесі 
арқылы ӛтуі мүмкін. Эндоцитоз екі түрге бӛлінеді: 
1.
Фагоцитоз, 
2.
Пиноцитоз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   240




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет