Жаратылыстану және география институты


Рецепторлар Орталыққа тепкіш жүйке



бет5/6
Дата28.02.2022
өлшемі3,17 Mb.
#133681
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Рефлекс туралы түсінік, рефлекстік доға
рефлекс, микро
Рецепторлар
Орталыққа тепкіш жүйке
Жүйке орталығы
Орталықтан тепкіш жүйке
Атқарушы орган — эффектор
Сезімтал жүйке ұштары (рецепторы); (receptores, лат. receptos — қабылдағыш) — сезімтал жүйке талшықтарының соңғы сезгіш ұштары.
  • Сезімтал жүйке ұштары организмнің сезім мүшелерінде орналасады. Денедегі орналасу орындарына байланысты сезімтал жүйке ұштары экстерорецепторлар (көру, есту, дәм, иіс, тері сезімдері), интерорецепторлар (ішкі мүшелерде, қан және лимфа тамырларында) және проприорецепторлар (тірек-қимыл мүшелерінде) болып бөлінеді. Тітіркендіргіштердің табиғатына байланыста механорецепторлар, барорецепторлар, хеморецепторлар, терморецепторлар, фоторецепторлар болады. Құрылыс ерекшеліктеріне байланысты сезімтал жүйке ұштары: бос және қапталған сезгіш жүйке ұштарына бөлінеді.Бұлар көбінесе эпителий және дәнекер ұлпаларында болады. Қапталған сезімтал жүйке ұштарын сыртынан нейроглия және дәнекер ұлпасының тақташылары қаптап жатады.
  • афференттік (рецепторлық, сезімталдық) бөлім (нейрон)
  • ассоциативтік (байланыстырғыш , қосымша ) бөлім ( нейрон )
  • эфференттік ( эффекторлық , қозғалтқыш ) бөлім (нейрон )

Күрделі рефлекстік доғаның бірнеше (2,3 және оданда көп ) ассоциативтік (байланыстырғыш, қосымша ) нейрондары болады . Ассоциативтік нейрондар ақпараттарды жинақтап , оларды мидағы интеграциялық орталықтарға жібереді және онда түскен ақпараттар өңделіп интеграцияланады.Осыдан кейін жауап беру реакциясы туындап (генерацияланып), импульс эфференттік (эффекторлық) нейрондарға беріледі .
  • Рефлексті реакция кезінде жұмыс атқаратын мүшенің рефлекторлы сигналы орталық жүйке жүйесіне өтеді, ал ол жауаптың қаншалықты тиімді екенін бақылайды. Мысалы, адам байқамай ыстық затқа қолы тиіп кеткенде, қолын сол заттан дереу тартып қалады. Қол ыстық затқа тигенде, терідегі терморецепторлар заттың температурасының дәрежесін сезгіш нейрондары арқылы жұлындағы жүйке орталығына қозу арқылы жеткізеді. Жұлында келген ақпарат қорытындалып, оның тым ыстық екені және тері күйіп қалмау үшін, қолды дереу тартуы үшін қолдың бұлшық еттеріне қозғалтқыш нейрондары арқылы қозу жіберіледі. Қозу қолдың бұлшық етіне жеткенде бұлшық ет жиырылып, алдам қолын ыстық заттан алыстатады. Бұл рефлекс өте тез жүзеге асады.

Рефлекстерді тексеру орталық нерв жүйесіндегі доғаларының тұйықталатын деңгейлеріне сәйкес жоғарыдан төмен қарай яғни ми бағанынан жұлынның соңғы сегменттеріне қатысты құрылымдары қызметінің дұрыс-бұрыстығына барлау арқылы жүзеге асырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет