"жас qalamger" байқауы байқау 7-9 сынып оқушылары арасында өткізіледі. Ұйымдастырушы



бет3/3
Дата27.07.2022
өлшемі19,24 Kb.
#147792
1   2   3
Байланысты:
ЖАС QALAMGER сценарий

1-жүргізуші:
Рақмет, байқаудың шарттары түсінікті болды.
Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты,
Қырандай күшті қанатты,
Мен жастарға сенемін – деп , жетпеген жеңісіне, орындай алмаған арманына, артында қалған жастардың жететініне нық сенім білдіріп Мағжан Жұмабаев айтып кеткен. Сол сенімді сөзбен емес, іспен көрсететін уақыт та келді.


2-жүргізуші:
Мойытпасын қиындықтар сендерді,
Батылдықпен асыңдар сан белдерді.
Біліміңмен қуантсаңдар мектепті,
Жақсы жырмен қуантыңдар енді елді.
Енді жас ақын-жазушыларымыздың шығармашылығын әділ бағалауға әділқазылар алқасымен таныстырып өтейік. Қазақ тілі және әдебиет пәнінің ұстаздары:
Үсен Айгүл Мырзакелдіқызы
Бекайдар Гүлдер Білісбекқызы
Құлжаева Ботакөз Жүнісқызы


1-жүргізуші:
Өзге емес, өзім айтам өз жайымда,
Жүрегім жалын аткан сөз дайында.
Тереңде тұнып жатқан дауыл күйді
Тербетіп, тулатып бір қозғайын да, - деп ақын Қасым Аманжолов жырлағандай, ендеше, сөз кезегін қатысушыларға берейік. Қарсы алыңыздар!



  1. 7А сынып оқушысы

  2. 7B

  3. 7C

  4. 7D

  5. 7E

1-жүргізуші:


Тұлпардан тұғыр озбас шабылса да
Оған да үкі тұмар тағылса да.
Жас ақын өнерінің барын салды,
Кей жерде қара сөзден жаңылса да – дегендей, сөз кезегі әділқазылар алқасына беріледі.
2-жүргізуші:
Білімділік пен ізгілікті бойымызға дарыта берейік!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет