"жас qalamger" байқауы байқау 7-9 сынып оқушылары арасында өткізіледі. Ұйымдастырушы



бет2/3
Дата27.07.2022
өлшемі19,24 Kb.
#147792
1   2   3
Байланысты:
ЖАС QALAMGER сценарий
Шындық пен қиял БЖБ, AbaiOqkz, Жусан иісі БЖБ, Сол жылы қыс қаһарынан түспей қойды, КТП 7 кл, 7 ҚМЖ-1-1, 1580117971484, ГЕОДЕЗИЯ есеп 1 (копия), 9сын алг 1 ток, тәлімгер есебі
БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗДАРЫН МАРАПАТТАУ
1.Үздік шығармашылық жұмыстар "ЖАС QALAMGER" журналының жинағына кіріп, сертификаттар алады, жас санаттары бойынша жүлделі орын иегерлері I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталады,
2. Жұмыстар оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес бағаланады:
- 7-сынып оқушылары
- 8-сынып оқушылары
- 9- сынып оқушылары


Мерзімі: 26.04.2022
Байланыс телефоны: 8777 381 33 99


1-жүргізуші:
Армысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар!
Бүгінгі жастар – халқымыздың болашағы, еліміздің ертеңі. Оқушылардың ой өрісін кеңейтіп, шығармашылығына шабыт беретін "ЖАС QALAMGER" байқауына қош келдіңіздер.


2-жүргізуші:
Қазақ әдебиеті айлығы аясында өтіп жатқан бұл байқау жеке тұлғаны қалыптастыруда зор рөл атқарады. Себебі оқушы қарапайым ой тұтатып, қиял әлеміне шомылып кез келген нәрсеге өз ұсынысын, өз ойын еркін білдіре біледі.


1-жүргізуші:
Соынмен қатар бұл байқауда қатысушылар шығармашылық қабілеттерін дамытып қана қоймай, әдебиетті дамытуға ерекше үлес деп танылған әдеби жанрдың өркен жайып, дамуына ықпал етеді.
Ана тілінде еркін таза, әдеби тілде көркем сөйлеп, жылдам ойын қорытып көркем тілде жауап беруге дағдыланады. Жас таланттардың шығармашылығы кеңейіп, шеберліктерін шыңдалады, шығармалары оқушылар арасында насихатталады.


2-жүргізуші:
Иә, бұл байқаудың біздер үшін берері мол. Өйткені оқушылардың өз авторлық әдеби шығармаларын жазуға және оқуға деген қызығушылығы артады. Оқушылар түрлі жанрда жазылған өз туындыларын көпшілікке таныстырады. Байқаудың қорытындысы бойынша үздік жұмыстар жинағы жасалады.


1-жүргізуші:
Ат өнері білінбес
Бәйгеге түсіп жарыспай.
Желкілдеп шыққан көк шөптей
Жаңаөспірім достарым,
Қатарың кетті-ау алысқа-ай,
Ұмтылыңыз, қалыспай, - деп Ыбырай атамыз жырлағандай, қатысушыларды байқаудың шарттарымен таныстырып өтсек.


2-жүргізуші:
Байқау талаптары бойынша қатысуға ниет білдірген оқушылар өздері жасаған шығармашылық жұмысты (өлең, ертегі, әңгіме, комикс) кітап ретінде конкурстың ұйымдастыру комитетіне ұсынады. Кітап жасалатын бұйымның мұқабасы, мазмұны (мата, жасанды киіз, қағаз және т.б.) жас ерекшеліктерімен шектелмейді. Шығармашылық жұмыстың мәтіні баспа нұсқасында ұсынылуы тиіс (қолжазба мәтінге жол берілмейді). Жұмыстың суреттері, дизайны сапалы және тақырыпқа сәйкес келуі керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет