ҚАЙТА ШАПҚАН ЖАУ «Қайта шапқан жау жаман» дейтін қазақ мақалын білмейтін адам кем де кем. Ғалым-ғарышкерлер де бұл сөзді әркез естерінде тұрады. Жұлдызаралық сапар да, бөтен жұлдызды жүйеде бір де болып жатады. Сондықтан да ешқашан да бейқам қалудың жөні жоқ. Тәкен бастаған топ та сондай сергек жандардан құралған топ еді. Сергектік әрқашан да керек нәрсе. Ал мынандай жұлдызаралық ұзақ сапарда онсыз өмірге қатер төнбек. Өмірдің өзі тамаша мектеп. Адам есейе келе, ел-жұртты тани келе өмірді түсінеді. Әділеттілік пен әділетсіздікті, ақ пен қараны бір бірінен ажырата алатын дәрежеге жетеді. Тәкен бастаған топ та Жерден ұшып шыққанда ананы-мынаны ойлай бермейтін қылшылдаған жігіттер болатын. Өзара болса да тату. Сапар барысында кездескен азын-аулақ кеміс түсінбеушіліктер ешқайсысының да көңіліне дақ салған емес. Қайта қиын-қыстау сәт туғанда, бәрі де бірігіп, бір ата-ананың ұлдарындай болып кеткен.
Бүгінгі күннің жеңісі мен жемісі де сол мызғымас достықтың нәтижесі еді. Енді он екі болды. Әрқайсысы бейнебір қосарланғандай. Үлкен ғаламшар тұрғындарының басшысьшың көмегі де ұлан-ғайыр. Олардың көмегі болмаса, бұл темір адамдар қайдан жасалсын. Оған керісінше, оасқа ғаламшарларда басқаша көзқарас туған. Пенде болған соң армансыз жүрмейді. Өздерін көріп, үлкейгілері келіп, кеңею кеңістігіне шығуға талпынған әрекеттері бұл. Оны Тәкен де, басқалар да жақсы түсінеді. Бірақ өмір сүру үшін күрес деген бар емес пе? Тіршіліктегі адам да, жануарлар мен құстар, бауырымен жорғалаушыылар да бір бірімен күш-қуатына сай күресіп жатқаны. Жыртқыштардың жеңгені жейді, жеңбегені желінеді. Осылайша өтіп жатқан өмір, қым-қуыт тіршілік. Тіршілік үшін күрестін, нағыз үлгісін ғшіым-ғарышкерлер осы кемедегі хайуаттар мен құстардың әрекеттерінен көрген. Олардың қаншасы мерт болды, қаншасы көбейіп, дамып келеді. Саналы дегені болмаса, адам да кейде бір бірімен солай күреседі, соғысады.
Бұл тіршіліктегі ең саналысы да, ең қатерлісі де адам баласы. Былайша қарағанда, санасыз жануарлар бір бірімен кездейсоқ кезіккен кезде айқаса кетіп жеңгені жеңілгенін жейді. Парша-паршасын шығарады. Оны керген адам көріністі нағыз жауыздық деп санайды. Жеңілгенін аяйды. Бірақ адам баласы күн сайын қойды, тағы басқадай жануарллар мен құстарды сойып жеп жүретінін елемейді. Дүкендерде самсап тұратын мал еті де, құс еті де көзге үйреншікті. Жабайы аңдар өз жемін талай жерді шарлап, сандалып іздеп жүріп табады. Ал адам баласы саналы болғандықтан өзі сойып жейтін малын қолында бағады, қолында көбейтеді, семіртіп барып сойып жейді. Өмірдегі әрекет деген осылайша жалғасып жатады. Тек мал ма, адам баласының өзі де қанша саналы болса да, бір бірімен соқтығысады, соғысады. Өзі ойлап тапқан түрлі адам елтіргіш құралдары мен қаруларын қолданады, әрі ол қарулары өте қауіпті, бір ғана адам емес, бір мезетте топ- топ адамды жоятын қарулар. Ал бүгіндегі қуатты қарулар тек адам баласы ғана емес, күллі ғаламшар тұрғындарына ұрпақтан ұрпаққа жалғасып кете беретін жазылмас жаралы зиян әкеледі. Сондықтан да қанша ерегіс орнаса да, сабыр сақтап, оң қолды сол қолмен ұстап, бәрін де ақылмен, сабырмен шешуге тура келеді.
Қиыр кеңістіктегі Жер ғалым-ғарышкерлері осы бір сәтте сондаи нәрселерді де ой елегінен өткізуге мәжбүр болған. Өйткені уақыт откен сайын шиеленісе берген. Жоғары саналылыққа салып, қаншама рет түсіндірсе де, одан ешқандай да нәтиже шығар емес. Бұл енді кемедегі ғалым-ғарышкерлердің қай қайсысына да айдан анық еді. Кемедегі дабыл беру жүйелері сырттағы жағдайды хабарлағаннан кейн-ақ әскери кестеге көшуге тура келген. Енді қанша жұмсақ, қанша саналы, қанша қарапаиым болса да, бұлардың бойларында да өмір сүруге, өздерін аман сақтап қалуға деген талпыныс пен күш-жігер бар еді. Өздерін жұлдызаралық сапарға аттандырғандар да кемені барлық жағынан төзімді етіп жасаған-ды. Кеменің қабырғасы да бірнеше қалың қабаттан тұрады. Көптеген қорғаныс жүйелері кеңістікте қаңғып келе жатқан тасты да, тозаңдар мен басқадай заттарды да ұстап қала алады. Шабуылшыларды осындаи жүйелер арқылы өткен жолы-ақ жолатпауға болатын еді. Бірақ сенім мен достыққа деген адал ниет кеме есігін ашқызған. Енді сенудің реті жоқ.
Бұл сенімсіздікті сырттағылар да білген. Олар бұл жолы жұлдыз соғысын бастап жіберуді мақсат тұтса керек. Экраннан көрінген қарақұрым кемелер бір шоғыр жұлдыздардай жылт-жылт ептіп, алапат кемені қоршай сығыла түседі. Тәкен мән-жайды тез түсінді. Енді оларды аяп жатудың реті де жоқ. Олар бастаса болды, қорғаныс қарулары мен шабуыл кемелерін іске қосу керек. Шешім - осы. Алты темір адам кеменің әскери бөліміндегі қару жұмсағыш жүйелерді іске қосатын пульттің алдында отыр. Ал өздері сол темір адамдардың иықтарына отырып алған. Бұйрықты өздері бермек.
Бір кезде қоршаушылардың жағынан бірдеме жарқ ете қалды. Бұл жұлдызды соғыстың басталғанының белгісі еді. Мұндай жерде екі елдің арасындағы соғысқа өзге ел араласпайды. Екі жақтың күшін сырттан бақылайды. Қажет деп санаса, жеңіліп бара жатқанына ғана көмек көрсетеді. Тәкен оны жақсы біледі. Сондықтан да ол қайта шапқан жауды күйретудің жоспарын іштей жасап та қойған. Жаңағы жарқ еткен кемеге келіп соқтығысып барып жарылумен аяқталды. Кеменің бүкіл қабырғалары қатты діріл қақты. Ол діріл ұзаққа созылып барып басылды. Темір адамдар ол дірілді елең де қылған жоқ. Әздерінің ұлудай ғана басшыларының бұйрықтарын күтіп отыра берген. Тәкен әлі де болса мына әрекетке сенбеді. «Жұлдызды соғысты шынымен-ақ бастайтын болдық па?» деген де ой түйды ол көкейінде. Бірақ, енді қанша ойланса да, жау жағадан алып, ол жақтан соғыстың басталғанын білдіретін алғашқы оқ та атылып үлгерген еді. Енді үнсіз қалудың да, әрекетсіз отырудың да жөні жоқ. Тәкенді бұл тұста қинаған бір ғана нәрсе - Жерден өте алыс кеңістіктің бір шоғырындағы сығылу аймағында екені. Содан ғана қауіптенген. Өйткені қай қайсысының да көкейінде Жерге жету деген арман бар. «Мына соғысқа араласамыз деп Жер-анамызға да жете алмай осы кеңістікте, мына кеменің ішінде о дүниелік болып кетер ме екенбіз» деп те іштей толғанған.
Дегенмен, »Қорыққан бұрын жұдырықтайды» дегендей, ана жақ оғын бірінші болып жұмсады. Сондықтан да қорғану әрекетіне көшудің жөні де бар еді. Тәкен өзінің ұқсасының иығында отырган бойда оған бұйрық беріп, экран арқылы алапат кемені қоршай ұшып жүргендерді тағы бір рет мұқият бақьшап алды. Содан соң Азаматқа қарай бұрылып:
- Алғырға бұйрық бер! Мына алапат кемемізді қоршай ұшып жүрген кемелер сақинасының бір шетін бұзсын! Шабуылшы кемелерді тарату- ыдырату кемесін жіберсін! —деді.
- Түсінікті! -деді Азамат әскери кейіпке көшкендей әдеттегісінен қатайып, әрі ширап.
Содан соң ол қажетті деген сөздерді айтып-айтып жіберген. Соның артынша темір адам - Алғыр басқару пульті панеліндегі қажет деген түимелерді басып-басып қалды. Алапат кеме солқ ете түсті. Бұл оның ырғасынан Үлкен бір қорғаныс кемесінің қарсы шабуылға ұшып шыкқанының белгісі еді. Азамат сол замат Алғырдың әрбір қимыл- Қозғалысын қадағалауға кірісті. Үлкен экранда алапат кеменің бар бейнесі -анық көрініп тұрды. Ол қолмен соққандай болып, жиіленіп, тұтастанып кемелердің бір бүйірінен соғуға бет алған. Шабуылшылар да қарап қалған жоқ. Алапат кеменің корғаныс кемесі жақындай бере оқтарын жаудырды. Олардың әрбір кемесінен шыкқан от кәдімгі сіріңкенің шырпы- сынан шыққан отпен бірдей еді. Сондықтан да кеменің үсті ғана шамалы бүлінді. Қабырғаларының кейбір жерлері ойықтанды. Оқ жауынша жауып жатты.
Тәкен де тынымсыз қозғалуда. Бейнебір сол қорғаныс кемесінің ішінде өзі де бара жатқандай. Кеме зулап ұшып барады. Бәрі де бір қарағанда жақын сияқтанғанымен, кеңістік болған соң талай жер. Қайта шапқан жаудың кемелері де тыныш қалған жоқ. Біршамасы енді қорғаныс кемесін қоршауға алған. Тәкен де ішінен; «Әуелі осы қорғаныс кемесін жойып алыңдар. Сонан соң қалғанын көрерсіңдер»деп қойды ішінен. Қорғаныс кемесінің ішінде адам баласының жоқ екені, оның тек осы алапат кеме ішінен басқарылып отырылғаны белгілі. Тек оның тағдыры енді Алғыр есімді темір адамның қолында.
Бір қарағанда, шабуыл жасаушыларды жоқ ете салу ештемеге де тұрмайтын сияқты еді. Өйткені қорғаныс кемесінің өзіне де бірнеше майда кеменің әлі келмейді. Оның үстіне қорғаныс кемесінің ішінде қатерлі қарулар да бар. Олар қолданылатын болса, тіпті де қиын болмақ жағдайлары. Кеменің негізгі кілті Азаматта, одан беріде Тәкеннің өзінде. Тәкен арқылы жасалады бәрі де. Тәкен Азаматқа, Азамат Алғырға бұйрық береді. Әскери әрекет осылайша жүзеге асады. Қорғаныс кемесі сақинаның маңына жеткенде, жау жағынан оқ борату тоқтатылды. Өйткені, қорғаныс кемесіне қарай ұшқан от, оқ жанып жатқан су ағаштан ұшып шығып жатқан қызыл шоқтардай ғана әсер берген. Ол екі жаққа да қызық емес еді. Сондықтан шабуыл жасаушылар басқа амалға көшкен. Ол -радио- байланыс еді. Мұндағы ерекше радиотолқынды ғалым-ғарышкерлер ешқашан қолданып көрмепті. Сол толқын тараған бойда алапат кеме мен қорғаныс кемесінің арасындағы радиобайланыс жүйесі бұзыла бастады. Содан бір кезде қорғаныс кемесі Алғырға бағынбастан бері қарай жылжымасын ба. Күтпеген жерден болған бұл құбылыс Тәкеннің өзін де састырайын деген. Адам баласының құдіреттілігі де осындай болар-болмас, көзге шалынатын радиотолқындармен ғаламат қашықтықтағы темір денені басқара алатындығында болса керек. Мына көрініс те соның бір мысалындай еді.
Азамат Алғыр арқылы қаншама әрекет жасап көрсе де, ештеме шығара алмады. Қорганыс кемесі болса сол бұрылған бойда осы алапат кемеге қарай жақындап келеді. Уакыт откен сайын күмән мен қатер де күшейе түскен. Тәкен аналардың неге сеніп шабуыл жасамағандарын да енді ғана іштей түсінген. Жауды тек үлкендікпен, күшпен ғана жеңуге болмайтыны да дәл осы тұста дәлелдене түскендей. Бірақ мұндайда тағдырды ой мен идея емес, уақыт шешеді. Кеменің басқару пульті бар басқы бөліміндегі электронды сағаттың таблосындағы цифрлар да әдеттегіден жылдамырақ ауысқандай болады. Әлбетте, ғалым-ғарышкерлер кемені өз қолдарымен басқарғанда мұндай кешеуілдік болмас та ма еді. Енді қанша жылдам қозғалайын десе де, қанша айла жасаймын десе де тек темір адамдар арқылы жасамақ. Ең бастысы, олардың ми биотогымен басқарылатыны. Егер ана қорғаныс кемесі де дәл осындай жүйемен жасалғанда жағдай мүлдем басқаша болар ма еді. Енді амал не, бәрі де кеш.
Тәкен енді басқаша шешімге келді. Өздерінің бұйрығын тыңдамай, өздерінше шабуыл жасаған, қатер төндірген қорғаныс кемесінің не қажеті бар еді. Кеме басшысы сәлден соң Азаматқа қарады да;
- Мынаның көзін жою керек!-деді.
- Мен де соны ойлап тұрмын. Бұл осылайша кейін мына алапат кемемізге келіп соқтықса, шаруамыз бітті деген сөз!
- Расында да бұл өзімізге төнген қатер!-деді Сәлмен.
- Жою керек, көзін!-деп Жақан Тәкенге қарады.
Тәкен үшін де, басқалар үшін де осы пікірлер мен шешім жеткілікті еді. Ол Азаматқа қарады да;
- Бұйыра бер!-деді.
Азамат терең бір күрсініп алып, жанындағы алыптай көрінген Алғырға;
- Қорғаныс кемесін жою керек!-деді.
- Қорғаныс кемесін жою керек!-деп қайталады сол мезетте Алғыр да.
Артынша жау жақта күтпеген құбылыс болды. Алапат кемеден ұшып шыққан жойғыш кеме тіке атылып шығып, қорғаныс кемесімен соқтығысты. Бұл аралық алапат кеме мен әлгілердің сақина түзген кемелерінің тура орта аралығы еді. Әуелі жарқ еткен жарық көз тұндырды. Содан соң жұлдыз жарылысынан кейінгі құбылыстай жарық жан-жаққа тарай берген. Оның дыбысы мен жел екпіні сақина түзіп айнала ұшып жүрген жаулардың кемелерін шайқалтып жіберді. Олар қорғаныс кемесін дәл осылай жарылысқа ұшырайды деп мүлдем ойламаса керек-ті. Енді мына көрініс, мына жағдай оларды ойлантқан тәрізді. Егер мына алапат кеме жарылар болса, кіші әлемдегі кішкентай ғаламшарлардың айналымжолдық қозғалыстарына да ықпалын тигізбек.
Қорғаныс кемесінің жарылысы алапат кеменің өзіне де ықпал еткендей. Бірақ ғалым-ғарышкерлер онан еш сасқан жоқ. Бұл жағынан келген- де, бұл қорғаныс кемесі он екінің біреуі ғана еді. Әлі он бірі бар. Соңына түскен жауларды ойлантқан да осы болса керек. Жарылыстан кейін олардың бәрі де сақинасын жазып, бір тізбекке түсіп, ғаламшарларына қарай жөнеп берді. Бұл да бір үлкен жеңіс еді. «Қайта шапқан жау жаман» деген мақалдың күші де енді ене бастағандай. Қатер әлі алда еді. Өйткені, шабуыл жасаушылардың мұнымен де тынбайтыны белгілі. Сондықтан да қорғанысқа тағы да дайындық жасау қажет болды. Ғалым-ғарышкерлер енді соған кіріскен.