Жауаптары: Жүрек- қан тамырларының (ЖҚТ) биофизикалық функциялары, Гарвей моделі


Эластикалық тамырдағы қан жүруінің кинетикасы Тамыр соғу



бет2/3
Дата07.02.2022
өлшемі55,64 Kb.
#84280
1   2   3
Байланысты:
Биофизика 10 срс
Биофизика 10 срс, 109 сабақ М, 1, 2А ашық сабақ
2. Эластикалық тамырдағы қан жүруінің кинетикасы Тамыр соғу
Негізгі гемодинамикалық процесс ретінде тамыр соғу толқынының таралуы жатады.
Егер жүректен әртүрлі қашықтықтағы нүктелердегі артерия қабырғасының деформациясын тіркейтін болсақ, онда тамыр деформациясы нүктелерге кеш жетеді, яғни тамыр арқылы тамыр соғу толқындары тарайды.
Тамырдың жиі соғуы – пульсациялық тербеліс түрінде тарайтындықтан тамыр көлемінде бір-бірімен тығыз байланыстағы қысым және қан айналымының жылдамдығы өзгеріп отырады.
Тамыр толқыны – көлем өзгеруінің эластикалық тамыр бойымен таралуына сәйкес бір мезгілде қысым мен сұйық массасының өзгеруіне негізделген процесс.
Тамыр толқынының сипаттамасын қарастырайық – тамыр толқынының амплитудасы деп Р(х) (тамырлық қысым) тамырдың берілген нүктесіндегі қысымының Max және Min шамаларын айтамыз.
Аортаның басындағы нүктеде толқын амплитудасы Р0,max, систоликалық Рс және диастоликалық Рд қысымдарының айырмашылығына тең болады.
Р0,max= Рс – Рд (1)
Тамыр бойымен тараған тамырлық толқынның амплитудасының өшуі мына теңдеу бойынща анықталады.
Р(х) = Р0,maх e-βx (2)
Мұндағы: β - өшу коэфиценті, ол радиус кеміген сайын өседі.
Тамырлық толқынның таралу жылдамдығы тамыр мен қанның қасиетінде байланысты.
 (3)
Е – тамыр материялының Юнг модулі
Һ - тамырдың қалындығы
r - тамырдың радиусы
 - қаның тығыздығы
Тәжірибе арқылы өлшенген тамырлық толқынның таралу жылдамдығы Vт = 6-8 м/с бұл қан бөлшектерінің қозғалыс жылдамдығынан V= 0,3 - 0,5 м/с 20-30 мәрте көп.
Жүрек қарыншасынан қуылып шыққан уақыт ішінде t= 0,3с (систол уақыты) тамырлық толқын L = Vnt = 2 м ара қашықтыққа тарап үлгіреді, яғни барлық ірі тамырларды аорта және артерияларды толтырып үлгіреді.
Тәжірибе жүзінде тамыр толқындарының таралу жылдамдығын өлшеу тамыр мүшелерінің жағдай күйлерін анықтау үшін диагностиканың негізін құрайды Адам есейген сайын Юнг модулі Е-тамыр толқын жылдамдығының өсуіне байланысты 2-3есе өседі.
«Тамыр-қан» жүйесінде тамырлық толқынмен қатар-дыбыстық толқындарда тарай алады, олардың жылдамдығы қан бөлшектерінің қозғалыс жылдамдығы мен тамыр соғу толқындарының жылдамдығына қарағанда анағұрлым көп болады. Сонымен ЖҚТ- жүйесінде негізінен 3-процесті бөлуге болады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет