1. Жүрек- қан тамырларының (ЖҚТ) биофизикалық функциялары, Гарвей моделі
2. Эластикалық тамырдағы қан жүруінің кинетикасы Тамыр соғу
3. Франк моделі 1 -2-ші фаза үшін Франк моделі
Жауаптары: 1. Жүрек- қан тамырларының (ЖҚТ) биофизикалық функциялары, Гарвей моделі Ағылшын дәрігері В.Гарвей 1628 ж тамырлар системасының
моделін ұсынды, бұл моделде жүрек қан тамырларына қан айдайтын
носос ролін атқарады. Оның есептеуі бойынша бірнеше сағат ішінде
жҥректің артерия бойымен айдаған қан массасы адам денесінің
массасына да артық болған. Осыдан кейін Гарвей жасаған қортынды
бойынша гидравликалық насос ролін атқаратын жүрекке көптеген
мәрте сол бір қан айналып келіп қайта тҥсіп отырады. Жүрекке қан
тамырлары системасын мынадай тұйық жүйе ретінде қарастыруға
болады. Осы жүйенің әрбір элементінің функциясын қысқа түрде қарастырайық.
1. ЖҚТ – негізгі функциясы – капилляр бойынша ҥздіксіз қан
қозғалысын қалыптастыру онда қан мен ұлпа (ткань) – арасында зат
алмасу жүреді.
2. Артериолдар – резистивтік тамырлар- өздерінің шамаларын
өлшемдік өзгерту арқылы олар капиллардағы қан ағымының
геомодинамика көрсеткіштерін реттейді.
Артериолдар – ЖҚТ – да кранның ролін атқарады.
ЖҚТ – жүйесі тұйықталған сондықтан онда қан айналымын
жүзеге асыру үшін периодты түрде жұмыс істейтін насос қажет. Бұл
рольді жүрек атқарады. Жүректен периодты түрде келіп түсетін қан
үлкен тамырлар арқылы майда тамырларға тарап, қайтадан жүрекке
айналып келеді. Үлкен қан тамырлары жүрек пен майда қан
тамырлары арасын қосатын элемент болып табылады. Бұл жерде
Аорта мен артериялар қан өткізуші ролін атқарады, оны дененің әр
түрлі мүшелеріне жеткізіп отырады. Вена арқылы қан жүрекке
қайтып келеді. ЖҚТ - жүйесінде бір-бірімен байланысты әр түрлі
процестер бір мезгілде жүреді жүректің сол қарыншасына шыққан
қан аортаға одан тамырларға таралады.
Тамыр қабырғасындағы механикалық кернеу мен қан
қысымының өзгерісі болады. ЖҚТ – элемент терінің формасы мен
көдем өзгеруі болып тұрады.