54
болған кезіндегі иісі қамырдың иісіне ұқсайды, ал
кеуіп
қалғаннан кейінгі иісі жұмыртқаның ағының иісіне ұқсайды.
• Әйелден шығатын бұл су сары түстi әрi сұйықтау түрде
болады. Күшті әрi жігерлі әйелдерден бөлінетін судың өңі ақ
болуы да мүмкiн.
• Киімге тиген, бірақ әлі кеппеген мәниді жуып, ал кеуіп
қалған мәниді ысқылап тазалау керек. Айша анамыз (Аллаһ оған
разы болсын):
«Мен Пайғамбардың (с.а.с.) киіміне тиген мәниді
ысқылап тазалап беретiн едім. Ал ол кісі осы киімімен намаз оқи
беретiн-ді»
, – деген
1
.
• Еркек пен әйелден қосылу яки түс
көру жолымен немесе
басқа да жолдармен мәни шығатын болса, онда ғұсыл құйынудың
парыз екендігінде еш талас жоқ.
• Ұл баладан немесе қыз баладан да мәнидің шығуы – олардың
балиғат жасына жеткенін білдіретін белгі. Яғни бұдан кейін олар
намаз, ораза тәрізді шариғат бұйрықтарын орындауға дайын әрі
міндетті болады.
2. Мәзи
Мәзи дегенiмiз – түсі сары болып келетін сұйықтық. Бұл
құмарлығы қозған еркек пен әйелден ақырын сызып шығады.
Тіпті денесінен мәзидің бөлініп шыққанын адам аңғармай қалуы
да мүмкiн. Мәзи құмарлығы қозған кезде әсіресе әйелдерден көп
бөлінеді.
• Ғұламалардың ортақ пікірі бойынша мәзи нәжiске
жатқызылады. Ол киімге немесе денеге тисе, мiндеттi түрде жуу
керек. Мәзи бөлінген адамның дәреті бұзылады. Бiрақ ғұсыл
құйынуы парыз етілмейді.
3. Уәди
Уәди – ақ түстi, қоймалжың сұйықтық.
Көбінесе іш
қаталағанда немесе ауыр зат көтергенде зәрден кейін көрiнедi.
Бұл – үлкенге де, кішіге де, әйелге де, еркекке де тән құбылыс.
1
Әл-Бұхари, Муслим.
55
• Ғұламалардың ортақ пiкiрi бойынша,
уәди зәр секiлдi
нәжiске жататындықтан, дәретті бұзады. Дене мен киімге тиген
жерін жуу керек. Бiрақ ғұсыл құйыну парыз емес.
• Көптеген адамдар уәдидің мәниге ұқсастығына күмәнданып,
мәни деп ойлайды. Тіпті кейбіреулер ғұсыл құйынып та жатады.
Бірақ бұл дін үкімдерін толық білмегендіктен,
орын алған жайт
қана.
4. Зәр
Зәрдің нәжіс екендігіне еш дау жоқ. Ол дәретті бұзғанымен,
ғұсылды парыз етпейді. Кіші дәретке отырар кезде зәрдің киім
мен денеге тиіп кетуінен сақтану қажет. Абдуллаһ ибн Аббас
(Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын):
«Аллаһ елшiсi (с.а.с.) екі
қабірдің қасынан өтіп бара жатып:
Достарыңызбен бөлісу: