Жеңіл ақыл- ой кемістігі бар білім алушыларға арналған негізгі орта білім беру деңгейінің сыныптары үшін «Жалпы еңбек дайындығы»


- тарау. Оқу пәнінің 5 - сыныптағы базалық білім мазмұны



бет2/4
Дата26.05.2022
өлшемі47,71 Kb.
#145169
түріБағдарламасы
1   2   3   4
Байланысты:
145 Жалпы енбек дайындыгы
Педагогика точно келетін (1) (2), қмж тізім 04.07, таңдау курсы 10-11, 6- сынып Қонбаева А, Болатбек Д, 3-ОШ ФО Англ.яз 8кл Часть 1 1-2 четв (1), 1666965135
2 - тарау. Оқу пәнінің 5 - сыныптағы базалық білім мазмұны

14. Ағаш ұсталық ісі (22 сағат):


1) ағаш кесіндісін шектегіші бар стуслода белгіленген жерінен кесу;
2) тесікті станокта бұрғылау, қатар сызықтарды белгілеу;
3) жақ тәрізді арамен кесу, аралау түрлері;
4) сүргімен сүргілеу, қарындашпен белгілеу және сызғышпен, бұрыштықпен бақылау;
5) бөліктерді бұранда шегелердің және ойықтардың көмегімен біріктіру;
6) дайын бөліктерден жәшік жинастыру;
7) ағаштан және басқа материалдардан қуыршақ жасау.
15. Ағаш ұсталық, балташылық іс (22 сағат):
1) сүргімен сүргілеу;
2) жәшік жасау;
3) тесігі бар тақтайшалардан заттың астына салатын бұйым жасау;
4) шегемен және бұрандалы шегемен жинастыру;
5) қарапайым ауылшаруашылық құрал-сайманды және аспаптарды жасау.
16. Гүл шаруашылығы және сәндік бақ өсіру (22 сағат ):
1) гүлдік өсімдіктер, сан алуан түрі, сәндік қасиеттері; гүл өсіру үшін тегістелген топырақ және экологиялық талаптар;
2) тұқыммен көбейетін гүлдік өсімдіктер;
3) бір жылдық гүлдік өсімдіктердің тұқымын жинау, бастыру және бөлшектеп өлшеп қою;
4) гүлзардың топырағын қазу;
5) гүлзарды тұқым себуге дайындау, көшет отырғызу;
6) гүлзарды мезгілдік тазарту, жолды түскен жапырақтардан тазарту;
7) бөлме өсімдіктерінің күтімі: суғару, тыңайту;
8) бөлме өсімдіктерін көбейту;
9) интерьерді гүлмен көркем безендіру;
10) бөлме өсімдіктері үшін топырақтық қоспа дайындау;
11) бөлме өсімдіктерінің орнын ауыстыру.
17. Түптеу картонаж ісі (22 сағат):
1) геометриялық пішіндерді белгілеу, бөліктерді пышақпен немесе қайшымен пішу;
2) қалта мен хатқалталарды жасау;
3) қақпақты қораптарды жасау;
4) қағаз бен қатырмақағаздан шырша ойыншықтары мен бетперде жасау;
5) қағазды іріктеумен және сыммен тігумен бүктеу;
6) түптеу жұмыстарын орындау;
7) таза жазылған тауарларды жасау;
8) бауы бар қағаз қалталарды жасау.
18. Тігін ісі (23 сағат):
1) қол жұмысына арналған құралдар мен құрылғылар;
2) бұйымдарды қол тігісін пайдаланып тігу;
3) сәндік қол тігістерімен кестелеу;
4) шытыра моншақпен және пайеткамен кестелеу;
5) машина тану, тігін машинасының күтімі;
6) тігін машинасындағы жұмыс тәсілдері;
7) матамен жұмыс: айқас тігіс, ілмек тігіс, бүрмелеп, тепшіп, қайып, сырып, көктеп тігу, сәндік тігіс, бұрыштарды өңдеу, екі жақты тігіс, қайырып тігу, бау өткізу, жапырмақұрақ тігу;
8) үтікпен жұмыс;
9) бұйымның шынайы көлемінің (майлық), берілген өлшем бойынша (жастықтың тысы, сөмке) сызбасын жасау;
10) бұйымды үлгі бойынша пішу және тігу;
11) киімді қол жұмысын қолдана отырып жөндеу.
19. Слесарлық іс (23 сағат):
1) сыммен жұмыс;
2) қаңылтырмен жұмыс;
3) металды түзету және майыстыру;
4) металды қол қайшымен кесу;
5) металды арамен кесу;
6) тікбұрышты бөлікті берілген мөлшер бойынша белгілеу және кесу;
7) бұйымды егеумен және құм қағазбен өңдеу;
8) дөңес және ойыс пішіннің жазық бөліктерін қалып бойынша белгілеп, кесіп алу;
9) тесік тесу;
10) бөліктерді қалпақтары жасырын тойтарма шегемен біріктіру;
11) жұқа қаңылтырмен жұмыс.
20. Шаштараз өнерінің негіздері (23 сағат):
1) шаштараз өнерінің тарихы;
2) шаш туралы қарапайым мәлімет;
3) бас жуу;
4) басқа массаж жасау;
5) шашты қиюға және тарауға арналған құралдар мен жабдықтар;
6) шашты айырықтың көмегімен аймақтарға бөлу;
7) шашты бұрымды өру мен бұрау негізінде сәндеу;
8) ер адамдардың шашын қондырмасы бар машинкамен алу.
21. Сылақ-майлау ісі (23 сағат):
1) түсқағаз жапсыру жұмысы;
2) майлау жұмысы, ағаштың беткі жағын бояу;
3) сылау жұмыстары, ағаштың беткі жағын дайындау;
4) сылақ жұмысына арналған ерітінділер туралы жалпы мәліметтер;
5) ағаш бетін сылау жұмыстарының технологиясы;
6) металл беттерін сусыз құраммен бояуға дайындау;
7) майлау жұмыстарына арналған материалдар;
8) колер туралы қысқаша мәлімет;
9) трафарет бойынша бояу;
10) сылаудың негізгі кемшіліктері;
11) сыланған беткі жақты сулы құраммен бояу;
12) бұрын боялған терезе кәсектерін бояу.
22. Ауылшаруашылық еңбек (23 сағат):
1) көкөністік өсімдіктер, көкөністер мен картопты жинауға қатысу;
2) өнімді жинап алғаннан кейінгі қалдықтарды жинау;
3) көпжылдық гүлдік-сәндік өсімдіктер;
4) үй қояндарына бұтақты азық дайындау;
5) үй қояндарын асырау, күту, тамақтандыру;
6) үй құстары, үй құстарының күтімі;
7) органикалық тыңайтқыштар, тыңайтқышты дайындау;
8) негізгі егістік дақылдары (дәнді, бұршақты дақылдар, мал азығы дақылдары, зығыр);
9) картоп, таңдау, егу, өсіру және күтімі;
10) пияз, өсіру және сақтау.
23. ҮМИК жұмысшысы (аула сыпырушы) (23 сағат):
1) тазарту жұмыстары кезіндегі қауіпсіздік техникасы және арнайы киім;
2) құрал-жабдықтар: күтімі, қауіпсіз жұмыс тәсілдері және орын ауыстырып қою;
3) беті асфальтбетонмен жабылған территорияны тазарту;
4) қоқысты жинастыру және тасымалдау;
5) беті топырақты-газонмен жабылған территорияны тазарту.
24. Қызмет көрсетуші кіші қызметкер (23 сағат):
1) күз, көктем мезгілдерінде мектеп ауласын тазарту;
2) қатырмақағазбен және қағазбен жұмыс, «Тұрғын бөлме», «Мектеп» макеттері мен жапсырмақұрақтарын, ашық қорапты жасау;
3) қол тігісі пайдаланылатын матамен жұмыс, жиһазды сүртуге арналған майлықтарды тігу;
4) сүлгінің кесілген шетін қол тігісімен өңдеу;
5) киімді жөндеу: түйме қадау, сыртқы киімнің ілгектерін тігу;
6) электр үтігі: қолданысы, күтімі, пайдалану;
7) жайды тазарту түрлері, санитарлық-гигиеналық талаптар, мектептің еденін тазарту;
8) бөлме өсімдіктерінің күтімі;
9) мектеп территориясын қардан, мұздан тазарту.
25. Аяқ-киім ісі (23 сағат):
1) аяқ-киімді топтастыру;
2) аяқ киімді жөндеуге арналған материалдар, құралдар және құрылғылар;
3) резенке аяқ-киімнің күтімі;
4) аяқ-киімнің үстіңгі бөліктері мен олардың бөлшектерін желім пайдаланылып бекітілетін ұсақ жөндеу жұмысы;
5) аяқ-киімнің астыңғы бөліктері мен олардың бөлшектерін әртүрлі арнайы шегелермен бекітілетін жөндеу жұмысы;
6) аяқ-киімнің астыңғы теріден жасалған бөліктерін желімдеп жөндеу;
7) аяқ-киімнің тігісі сөгітіліп кеткен үстіңгі бөліктерін жөндеу;
8) аяқ-киімді жасауға жинақтаған кездегі үстіңгі бөліктерін өңдеу;
9) аяқ-киімнің табанын құрамды тәсілмен бекітілетін ұсақ жөндеу жұмысы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет