Сабақ жоспары Реті: №52



Дата28.01.2018
өлшемі117,95 Kb.
#35145
Қысқа мерзімді сабақ жоспары


Реті: № 52

Күні: 16.03.2016

Пән: биология

Сынып: 6

Сабақтың тақырыбы:

Мәдени өсімдіктердің шығу тегі және алуантүрлілігі. Практикалық жұмыс №1. Бөлме өсімдіктерін күтіп баптаудағы көктемгі жұмыстар

Мақсаты:


Мәдени өсімдіктердің шығу тегі және алуан түрлілігімен танысу; оларды күтіп, баптау туралы алған білімдерін өмірмен ұштастыру.


Күтілетін нәтижелер:


  • мәдени өсімдіктер туралы алған білімдерін еске түсіріп, айта алады.

  • мәдени өсімдіктердің шығу тегі және алуан түрлілігімен танысады

  • сарамандық жұмыс арқылы алған білімдерін өмірмен ұштастырады.




Жетістік критерийлері:

  • мәдени өсімдіктердің шығу тегі мен алуан түрлілігін сипаттай білу;

  • жабайы өсімдіктер мен мәдени өсімдіктерді ажырата алу;

  • мәдени өсімдіктерді шыққан отанына қарай топтастыра алу;

  • сарамандық жұмыс арқылы бөлме өсімдігін қайта отырғыза алу;




Түйінді идеялар/бөліктері (подход):

Сыныпта диалог пен зерттеушілік әңгімен қолдану нәтижесінде балалардың білім алу сапасы мен ынтасы артады;

Топпен жұмыс және сарамандық жұмыс жасау арқылы оқушылардың қызығушылығы артады.





Оқулық:

(ҚР ББҒМ ұсынған)



Биология 6- сыныпқа арналған оқулық

Сабақ барысы:

Уақыт

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеттері

Ресурстар

3 минут

5 минут

4 минут

12 минут


4 минут

10 минут


5 минут

І. Кіріспе

Топқа бөліну:



  1. Көкөністік: картоп, сәбіз, орамжапырақ, қызанақ, қияр, қызылша

  2. Жеміс- жидек дақылдары: алма, алмұрт, шие, өрік, құлпынай, жүзім

  3. Май алынатын өсімдіктер: күнбағыс, соя, зәйтүн, зығыр, рапс, қыша

  4. Дәнді дақылдар: бидай, сұлы, арпа, күріш, жүгері, қарабидай

Психологиялық дайындық (психологиялық тренинг)

Көзімізді жұмып, ішімізден мына сөздерді қайталайық:

«Мен ойымды тез жинақтаймын, жаңалыққа, білімге қызығушылығым жоғары, терең ойлап, нақты жауап беремін, қиялға да берілемін. Мен өз біліміме, өз күшіме сенімдімін. Бүгінгі сабақта бәріне сәттілік тілеймін.» Көзімізді ашып сабағымызды бастаймыз.


ІІ. Тұсаукесер

Үй тапсырмасы:

ІІ. Түрлі – түсті хат қалта.

І топ

  1. Ашық тұқымдылардың арғы тегі қандай өсімдіктер болған?

  2. Көпжасушалы балдырлардың пайда болуына қандай жағдайлар әсер еткенін атаңдар.

ІІ топ

  1. Алғашқы тірі ағзалар қай кезде пайда болған және қалай қоректенген?

  2. Жабық тұқымды өсімдіктердің арғы тегі қандай өсімдіктер?

ІІІ топ

  1. Тұқымды өсімдіктердің споралы өсімдіктерден қандай айырмашылығы бар?

  2. Осыдан 4,5 миллиард жыл бұрын әлемдік мұхитта қандай процестер жүрген?

IV топ

  1. Жабық тұқымды өсімдіктердің жер бетінде кең таралу себебі не?

  2. Өсімдіктердің құрлыққа шығуына табиғаттың қандай жағдайлары әсер еткен?

ІІІ. Негізгі бөлім:

Ой қозғау

Оқушылардың мәдени өсімдіктер туралы не білетіндерін анықтау.



  • қандай өсімдіктерді мәдени өсімдіктер деп атайды?

  • мәдени өсімдіктер туралы не білесіңдер?

Сабақтың мақсатын оқушы мен бірге қою



  • бүгінгі сабақтан не білгілерің келеді?

Дәптермен жұмыс:

Қазақша Орысша: Ағылшынша

Мәдени өсімдіктер Культурные растения Cultivated plants

сорт сорт grade

сұрыптау селекция selection


Топтық жұмыс

Мағынаны тану: оқулықпен жұмыс

І топ: Мәдени өсімдіктердің шығу тегі

ІІ топ: Мәдени өсімдіктердің іріктемелері

ІІІ топ: Мәдени өсімдіктердің алуан түрлілігі

IV топ: Мәдени өсімдіктердің шыққан орталықтары.


Сәйкестендіру тесті

Мәдени орталықтар Өсімдік атаулары

1. Жерорта теңізінің жағалауы А. тары 2.Алдыңғы Азия Ә.лимон 3. Орта Азия Б.жержаңғақ 4. Үнді - Бирма ауданы В.сәбіз 5. Қытай, корея Г.күріш 6. Үндіқытай Ғ.Үрмебұршақ 7. Орталық Америка Д.асқабақ 8. Оңтүстік Америка Ж.сұлы
Практикалық жұмыс орындау.

Практикалық жұмыс №1. Бөлме өсімдіктерін күтіп баптаудағы көктемгі жұмыстар

Практикалық жұмыстың мақсаты: Бөлме өсімдіктерін көктемде күтіп баптаудағы көктемгі жұмыстармен танысып, тамырланып кеткен гүл көшеттерін гаршогқа қайта отырғызуды үйрену.

Құрал – жабдықтар: гүл горшогы (2 дана) , қалақша, қара топырақ,

Жұмыс барысы:


  1. Гүл горшогын дайында

  2. Гүл горшогының ішіне дренаж салып, оның үстінен қара топырақты аз мөлшерде сал

  3. Ауыстыратын гүлдің көшетін жібіту үшін су құю керек

  4. Төңкергенде гүлдің көшеті тез түсу үшін гүл горшогының сыртынан жан – жағынан жайлап қысу керек

  5. Бір қолыңмен гүл көшетінің сабағының түп жағынан ұстап тұрып, екінші қолыңмен гүл горшогын төңкер

  6. Түскен гүл көшетін үлкен гүл гаршогының ішіне тура ортасына салып, жан – жағына қара топырақ толтыр.

  7. Гүл көшетіне аз мөлшерде су құйып, гүлді суар

«Түйінді сөздер» стратегиясы

Сорт Селекция

Қазақстандық селекционер Мәдени дақылдар

Мәдени өсімдіктердің

шығу тегі



IV. Қорытынды бөлім

Үйге тапсырма беру

Рефлексия: «Бес саусақ»

Бағалау



Мәдени дақылдарға жататын өсімдіктердің топтарының аттары арқылы топқа бөлінеді.

Мұғалімнің нұсқаулықтарын тыңдап, сабаққа кірісу.Сабаққа психологиялық дайындық жасайды.


Оқушылар конверттің ішіндегі сұрақтарға жауап береді.

Оқушылар мәдени өсімдіктер туралы бұрыңғы алған білімдерін еске түсіреді.

Сабақтың мақсатын қояды.

Дәптерлеріне жаңа ұғымдарды жазып алады.

Әр топ бөлінген тақырып бойынша өз тақырыпшаларын қорғайды.

Мәдени орталықтарды өсімдік атауларына қарай сәйкестендіреді.

Оқушылар практикалық жұмысты орындайды.

Түйінді сөздер арқылы сабақ қорытындыланады.

§52 оқу, деңгейлік сұрақтарға жауап беру

Кері байланыс арқылы сабақтан бүгінгі алған әсерлерін жазады.

Топ басшылары топ мүшелерін бағалайды.




Қағаз қиындылары

музыка


Әр түрлі конверттер

А3 форматтағы қағаздар, маркерлер, стикер


А4 парақтар, флипчарт

Таратпа материалдар, бөлме өсімдігі, гүл горшогы, қара топырақ, , дренаж, су

флипчарт

Таратпа материалдар



Бағалау парақшалары



Орталық атаулары

Географиялық орны

Шығарылған іріктемелер

%

1. Оңтүстік Азиялық тропиктік орталық

Үндістан Үндіқытай, тропиктік Азия

Күріш, қант қамысы, көптеген жеміс және көкөніс дақылдары

50

2. Шығыс Азиялық орталығы

Орталық және Шығыс Қытай, Жапония, Тайван аралы, Корея

Соя, тары, жеміс және көкөніс дақылдары

20

3. Оңтүстік Батыс Азиялық орталығы

Кіші Азия, Орта Азия, Иран, Ауғанстан, Солтүстік-Батыс Үндістан

Бидай, қарабидай, көптеген астық тұқымдастар, бұршақ тұқымдастар, жүзім, жеміс дақылдары

14

4. Жерорта теңіз орталығы

Жерорта теңізі жағалауына орналасқан елдер

Көптеген мал азықтық өсімдіктер (жоңышқа, біргүлді жасымық), көптеген көкөніс дақылдары, зәйтүн.

11

5. Абиссина орталығы

Африка материгінің шағын ауданы

Дәндік құмай, бананның 1 түрі, бидай мен арпаның ерекше формалары

1

6. Орталық Америкалық орталық

Оңтүстік Мексика

Жүгері, ұзын түкті мақта, какао, асқабақ, үрмебұршақ, қызыл бұрыш, темекі.

3

7. Анд (Оңтүстік Америкалық орталық)

Оңтүстік Американың батыс жағалауын бойлай созылған Анд таулы жотасы ауданының бөлігі

Картоп, қызан, жержаңғақ, ананас, кейбір дәрілік өсімдіктер

1






Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет