Жеке даму биологиясы


ОРГАНИЗМДЕРДІҢ КӨБЕЮ ТҮРЛЕРІ



бет3/39
Дата08.02.2022
өлшемі2,35 Mb.
#120113
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39
Байланысты:
Жеке даму биологиясы
Муз онер, Педагогикадагы статистика сурактары, Педагогикадагы статистика сурактары, Лекция ЦС каз , Жүрінов Ғ., AZhK3324 Ақпараттық жүйелер құрылымы, Аннотация, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Таубай.Б 5.4, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, оқу бағдарлама, Дефектология силлабус, Силлабус Мінез-құлық психологиясы
ОРГАНИЗМДЕРДІҢ КӨБЕЮ ТҮРЛЕРІ

Организмнің жеке дамуының биологиясы курсы жануарлардың, қарапайымдардың және адамдардың жеке дамуының барлық сатыларын басқаратын факторлар мен механизмдерді зерттейді. Оларда жүретін макро- және микроморфологиялық, физиология - биохимиялық, молекулалық және генетикалық процесстерді зерттейді. Сонымен қатар жалпы даму заңдылықтарын қарастырады.


Көбею өзіне ұқсас ұрпақ қалдыру, яғни тірі дүниенің өзіне тән сипаты болып табылады. Көбею немесе өздігінен үнемі өсу (түзілу)- органикалық табиғаттың ең маңызды сипаттамаларының бірі. Көбею бактериялардан бастап сүтқоректілерге дейін барлық тірі организмдерге жаппай тән қасиет. Жануарлардың және өсімдіктердің, бактериялар мен саңырауқұлақтардың кез-келген түрінің тіршілік етуі, ата-аналық особьтар мен олардың ұрпақтары арасындағы сабақтастық тек көбею нәтижесінде ғана қамтамасыз етіледі. Жер бетінде тіршілік иелері сан алуан жолдармен көбейеді. Алайда көбею жолдарының барлығын екі үлкен топқа бөлуге болады. Ол: жыныссыз және жынысты жолмен көбею. 
Жынысты көбею организмдердің маңызды эволюциялық жетістігі болып табылады. Екінші жағынан, ол гендердің қайта өңделуіне, организмдердің алуан түрлілігінің пайда болуына және олардың қоршаған ортаның тоқтаусыз өзгеріп отыратын жағдайларына бейімделуінің жоғарылауына ықпал етеді. Жынысты көбею кезінде барлығы өзгеше өтеді. Жыныс үдерісінің негізгі айырмашылық ерекшелігі - гаметалар қалыптастыру. Бұл арнаулы бағытталған жыныс жасушалары ежелден қосылу үдерісі - ұрықтану үшін жаралған. Ұрықтану үшін екі дарактың болуы міндетті емес, ұрықтанбай көбею- көбею түрінде ерекшелігі бар. Бірақ мұнда да гаметалар міндетті түрде дамиды.
Жыныстық үдеріс кезінде мүлде ұрпақсыз қалу қауіп-қатері көп екені сөзсіз. Өйткені ұрықтанудың орындалу төртібі күрделі. Бірақ нәтижесі жыныссыз көбею үдерісінен шындап ерекшеленеді. Ұрпактарының барлығы жеке болады, олардың әрқайсысында ата-аналарының ғана емес, кез келген ата тектерінен алуан түрлі белгілері мен барлық қасиеттері қайталанбас жаңа үйлесім де пайда болады. Жынысты кебею үдерісі эволюциялық жолмен жыныссыз көбеюден әлдеқайда кеш пайда болды және едәуір жас үдеріс. Жыныстық жолмен көбею бактериялардан сан алуан түрде әлдеқашан бұрын белгілі болды.
Жынысты көбеюдің тағы бір түрі - партогенез. Оның мәні организмнің ұрықтнбаған жұмыртқадан көбеюі. Партеногенезді факультативті және облигатты деп екіге бөлуге болады. Факультативті партеногенез кезінде ұрықтанбаған жұмыртқадан да, ұрықтанған жұмртқадан да организм дамитын болса, облигатты партеногенез кезінде организм тек ұрықтанбаған жұмытқадан ғана дамиды. Жануарлар дүниесінде партеногенез әсіресе насекомдарда және кейбір шаян тәрізділерде кеңінен кездеседі. Партеногенез көбінесе ұрықтануға байланысты әдеттегі көбеюмен сәйкес кезектесіп келеді де, кезеңді деп аталады.
Қосылу үдерісі (конъюгация). Бактериялардың қосылу (коньюгация) арқылы көбеюі. Бұл - бактериялардың генетикалық материалдар алмасу жолдарының бірі. Шартты түрде «аталық» деп есептелетін бір бактерия өз ДНҚ-сын шартты түрдегі екінші «аналык» бактерияға береді де өзі өледі. «Аналық» бактерия екі ДНҚ молекуласын құрамдастырып, соңынан қарапайым бөліну арқылы көбейеді. Қосылу арқылы көбеюге ұшыраған жасуша ұрпақтары ата-енелерінің екеуіне тән белгілерге ие болады. Бұдан келесі ұрпактардың өзгергіштігі және тіршілікке бейімділігі артады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет