Жеке даму биологиясы


ЭМБРИОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ДАМУЫ



бет2/39
Дата08.02.2022
өлшемі2,35 Mb.
#120113
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39
Байланысты:
Жеке даму биологиясы
Муз онер, Педагогикадагы статистика сурактары, Педагогикадагы статистика сурактары, Лекция ЦС каз , Жүрінов Ғ., AZhK3324 Ақпараттық жүйелер құрылымы, Аннотация, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Таубай.Б 5.4, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, оқу бағдарлама, Дефектология силлабус, Силлабус Мінез-құлық психологиясы
ЭМБРИОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ДАМУЫ

Жеке даму биологиясының барлық тараулары жалпы биология мәселелерімен тығыз байланысты келеді. Организмнің мүшелері мен ұлпаларының жіктелу кезіндегі жеке клеткалар немесе клетка топтарындағы жүретін процестердің ерекшелігіне байланысты даму биологиясын жеке жалпы биологиялық пән ретінде бөліп қарау қалыптасты. Бұл ғылымның негізгі объектісі болып табылатын - көпклеткалы жануарлар, оларда бұл процестер күрделі түрде сипатталынады. Көпшілікке мәлім даму биологиясын құрайтын ғылымдар жиынтыгының негізгі кілті - эмбриология болып саналады.


Эмбриология (гректің embryon – ұрық, logos – ғылым) ұрықтың дамуын зерттейтін ғылым. Жеке даму биологиясының негізі эмбриология болып табылады. Сондықтан жеке даму биологиясының тарихы эмбриологияның тарихымен тығыз байланысты. Эмбриологияның даму тарихындағы бірінші кезең сипаттамалық кезең деп аталады. Ол кезеңде ғалымдар өз зерттеулерінде дамушы организмдегі морфологиялық өзгерістерді суреттеумен ғана шектейтін. Сонымен бірге, алғашқыда ұрықтың түрлі кезеңдеріндегі жалпы құрылысы зерттелген болса. Кейінірек зерттеушілердің негізгі назары даму процесіндегі ішкі мүшелер мен олардың нәзік құрылымынын пайда болуы мәселелеріне көшкен. Бүгінгі күнде де классикалык сипаттамалық эмбриология өзінің маңызын жойған жок, себебі казіргі заманның электрондық және жарық микроскопияның жаңа әдістері қолданылып әр түрлі жануарлардың ұрықтық дамуы жүйелі түрде зерттелуде.
Жануарлардың ұрықтық дамуы туралы алғашқы деректер ертедегі өркениет орталықтары – Көне Мысыр, Вавилон, Ассирия, Греция, Үнді мен Қытай елдерінің тарихи құжаттарында кездеседі.
Көне Грециядағы жануарлардың эмбриондық дамуы туралы теориялық-философиялық көзқарастар мен практикалық деректер ерекше назар аудартады. Мысалы, философ-натуралист Эмпедокл (б.д.д. 490-430 жж. шамасы) ұрық еркек пен ұрғашы ұрықтардың араласу нәтижесінде пайда болады, ал ұрықтың жынысы даму кезеңіндегі температураға байланысты деп санаған. Демокрит (б.д.д. 460-370 жж.) ұрықтың құрамында дененің барлық бөлімдері мен мүшелерінен шыққан бөлшектер барын болжаған. Көне дәуірдің аса көрнекті емшісі Гиппократ (б.д.д. 460-377 жж. шамасы) ұрық дененің барлық мүшелерінен шығады деген идеяны қолдаған және қандай да болса зақым алған ата-анадан дені сау балалармен қатар, ауру балалар тууы мүмкін деп санаған. Ұрық, Гиппократтың көзқарасы бойынша, еркек пен ұрғашы ұрығының араласуынан пайда болады. Ұрықтың айналасында қапшық түзіледі, дем алатын кіндік қалыптасады. Ұрықтың барлық мүшелері бір уақытта құрылады. Яғни, ұрықта барлық органдар түгел, олардың кейінгі даму процесінде жай ғана көлемі ұлғаяды. Гиппократтың бұл ұғымы ХVІІ-ХVІІІ ғасырлардағы көпшілік мақұлдаған преформизм теориясымен үйлеседі. Бұл теория бойынша, қандай да ұрық болсын – ол ересек организмнің кішкентай көшірмесі, даму процесінде ол жай ғана өзгермей (дифференциациясыз) өседі. Дегенмен, Гиппократтың пайымдауынша. дамудың ең алғашқы кезеңінде мүшелер қалыптаса бастайды.
Орыс ғалымы М.М.Завадовский құстар мен сүтқоректілердің ұрық «бөлшектерінің» өзара әрекеттесу нәтижесінде әр түрлі жыныстық белгілердің пайда болу механизмдерін айқындауға тырысты. М.М.Завадовский алғашқы рет гаметогенез, эмбриогенез, метаморфоз, регенерация және басқа морфогенетикалық процестерінің гормондық реттелуін зерттеді.
Орыс эмбриологы Д.П.Филатов омыртқалылардың есту мен көру мүшелерінің дамуын зерттеді. Соның нәтижесінде жаңа микрохирургия әдістерін ұсынды.
Эмбриональдық кезеңде өте маңызды қалыптасу процестері жүреді, нәтижесінде бір клеткалы зиготадан ұлпалар мен мүшелер жүйесіне дифференциалданған күрделі көпклеткалы организм қалыптасады. Зерттеудің тәсілдері мен міндеттеріне байланысты эмбриологияны: жалпы, салыстырмалы, экспериментальдық және экологиялық деп бөледі. Даму биологиясының мазмұнына шолу жасау ыңгайлы болу үшін, оны төмендегідей бөлімдерге бөліп, қарастыруға болады:
- организмнің қалыптасу жолдарына, олардың тіршілік циклі мен мекендеу ортасына морфологиялық және биологиялық сипаттама беру. Айтып өткеніміздей, бұл бөлім биология дамуының негізін құрайтын зоология мен ботаника пәндерінде карастырылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет