Жексенбай н



бет40/135
Дата11.01.2022
өлшемі1,47 Mb.
#111125
түріОқулық
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   135
Байланысты:
АНАЛИТИКАЛЫҚ ХИМИЯНЫҢ ҚЫСҚАША КУРСЫ

Тәжірибелік бөлім

Хлорсутек қышқылының титрленген жұмыс ерітіндісін дайындау.

Тікелей титрлеу тәсілінің негізі болып табылатын ацидиметриялық және алкалиметриялық анықтау жұмыстарын жүргізу үшін біріншіден қышқылдың және сілтінің жұмысшы (титрант) ерітінділері керек.

Қышқылды –негізді титрлеу әдісін практикада қолданған кезде көбіне жұмысшы қышқыл ерітіндісі ретінде хлорлы сутек (тұз қышқылы) қышқылы қолданылады. Ал концентрлі тұз қышқылы ерітіндісі сұйылта отырып, сұйытылған тұз қышқылы ерітіндісінің дәл концентрациясын дайындау мүмкін емес. Сондықтан концентрлі ерітіндіден, шамалап CЭ(HCl)=0. 1моль/л болатындай етіп сұйытылған ерітінді дайындалады да, оның дәл концентрациясы стандартты заттардың ерітінділердің көмегімен титрлеу арқылы анықталады. Қышқыл ерітінділерінің концентрацияларын дәл анықтауда көбінде натрий тетраборатының ерітіндісі қолданылады.

Концентрациясы СЭ(Na2B4O7∙H2O)=0,1 моль/л, көлемі 250 мл натрий тетраборатының стандартты ерітіндісін дайындау.

Натрий тетрабораты (бура) суда еріген кезде гидролизденетіндіктен оның ерітіндісі сілтілі болады.

Na2B4O7 + 5 H2O → 2NaH2BO3 + 2H3BO3
2NaH2BO3 + 2 H2O → 2NaOH + 2H3BO3

немесе бір сатылы етіп жазғанда


Na2B4O7 + 7 H2O → 2NaOH + 4H3BO3
Сондықтан бураның сулы ерітіндісін қышқылмен титрлеуге болады. Титрлеу барысында ерітіндіде әлсіз орта бор қышқылы жинақталады. Сол себепті эквивалентті әрекеттесу нүктесінде ерітіндінің рН-ның мәні 7-ден аз болады. Титрлеу жұмысын жүргізу үшін индикатор ретінде метил сарғыш (метил оранжевый) немесе метил қызыл (метиловый красный) қосылыстары қолданылады.

Алдын-ала дайындық. Жұмысты орындау үшін, массасы алдын-ала тұрақты массаға дейін жеткізілген фарфор тигелі, стандартты ерітіндіге дайындауға пайдаланылатын сиымдылығы 250 мл өлшемді колба, воронка, ерітіндінің аликвотын алуға керекті пипетка, титрлеуде қолданатын 3 дана асты тегіс (плоскодонная) колба, бюретка, эквивалентті нүктені анықтауда қолданылатын индикатор ерітінділері қажет.


CЭ(Na2B4O7∙10H2O) = 0,1 моль/л болатындай, көлемі 250 мл ерітіндісін дайындау үшін оның керекті массасын төмендегі формуламен есептейді.

m(Na2B4O7∙10H2O)= C3(Na2B4O7∙10H2O)∙MЭ(Na2B4O7∙10H2O)∙V(еріт) мұндағы

m(Na2B4O7∙10H2O) – тұрақты зат массасы (г)

CЭ(Na2B4O7∙10H2O) – эквиваленттік молярлы концентрация (моль/л)

MЭ(Na2B4O7∙10H2O)–½ MЭ(Na2B4O7∙10H2O) г/моль, себебі экв. саны 2 – ге тең

V(ерітінді)- дайындалатын ерітіндінің көлемі(л)

Өлшемді өлшеу және оны еріту. Натрий тетраборатының есептеп табылған немесе соған жуық массасы алғаш техникалық таразыда, сонан соң аналитикалық таразыда өлшенеді (фарфор тигелін пайдаланып).

Осы масса құрғақ варонка арқылы көлемі 250 мл өлшемді колбаға шашпай – төкпей салынады. Тигельде және воронкада қалған бура қалдықтары дистелденген сумен шайылып өлшемді колбаға құяды. Натрий тетрабораты салқын суда нашар еритіндіктен өлшемді колбаның 2/3 бөлігіне дейін ыстық дистелденген су құйып, араластырып ерітеді. Бура толық ерігеннен кейін, ерітінді бөлме температурасына дейін салқындатылып, колбаға дистелденген су құйылып белгісіне дейін жеткізіледі. Сонан соң ерітіндіні жақсылап араластырады. Дайындалған натрий тетрабораты ерітіндісінің концен-трациясын есептейді.

Дайындалған бура ерітіндісінің концентрациясын есептеу. Дайындалған ерітін-дінің концентрациясы титр арқылы табылады.

мұндағы, T(Na2B4O7∙10H2O) – дайындалған ерітіндінің титрі (г/мл),

m(Na2B4O7∙10H2O) – бураның өлшенген массасы (г),

VK – ерітіндісі бар өлшемді колбаның көлемі (мл),





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   135




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет