Жексенбай н


Титриметриялық әдістерге арналған зертханалық жұмыстар



бет39/135
Дата11.01.2022
өлшемі1,47 Mb.
#111125
түріОқулық
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   135
Байланысты:
АНАЛИТИКАЛЫҚ ХИМИЯНЫҢ ҚЫСҚАША КУРСЫ

2.6.4. Титриметриялық әдістерге арналған зертханалық жұмыстар


Титірлеудің негізгі түрлері:

  • Қышқылдық – негіздік титірлеу тәсілі;

  • Оксидиметрия (тотығу – тотықсыздану) тәсілі;

  • Кешенді (комплекс )түзу тәсілі;

  • Тұнбаға түсу тәсілі.

Енді осыларды жеке – жек түрде қарастырамыз.

2.6.5. Қышқылды – негізді титрлеу (протолитометрия) әдісі


Қышқылды-негізді титрлеу болып саналатын протон беру реакциясы:

H+ + OH- →Бұл әдісте, жұмыс ерітіндісі (титрант) ретінде күшті қышқылдар (ацидиметрия) немесе сілті ерітінділері (алкалиметрия) қолданылады.

Қышқылды-негізді титрлеу әдісінің мүмкіндігі мол және көптегенжүйелерді зерттеуде пайдаланылады. Осы әдістің көмегімен концентрациясы белгісіз ерітінділерде күшті қышқылдардың, сілтіліредің, әлсіз қышқылдардың, негіздердің және гидролизденетін тұздардың мөлшерін (массаларын) анықтауға болады. Қышқылды-негізді титрлеу әдісі органикалық қышқылдарды, негіздерді анықтауда, сонымен қатар тамақ өнеркәсібінде кездесетін сірке, алма, лимон және т. б. қышқылдардың мөлшерін табуда кеңінен қолданылады. Судың кермектігін анықтауда осы қышқылды – негізді титрлеу әдісі қолданылады.

Қышқылды –негізді титрлеу әдісінде эквиваленттік нүктелерді табу, қышқылды-негізді индикаторлардың (айғақкердің) көмегімен жүзеге асырылады. Ал индикаторларды таңдап алу, ол жүретін реакцияның типіне, титрлеу қисығының секірісінің шамасына және индикатор көрсеткіштеріне байланысты болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   135




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет