Тура потенциометрия әдісін буферлік ерітінділерді және олардың буферлік сиымдылығын анықтау үшін қолданады.
Өзімізге белгілі буферлік ерітінділер (әлсіз қышқылдар мен олардың тұздарының қоспасы немесе әлсіз негіз және олардың тұздары) рН-мәнінің тұрақтылығын сақтайды:
CH3COOH CH3COOH
+ HCl +KCl
CH3COOK CH3COOH
CH3COOH CH3COOK
+ KOH +H2O
CH3COOK CH3COOK
Буферлік қоспаның әрқайсысы буферлік сиымдылықпен, яғни рН өзгермейтін интервалдармен (қосылатын қышқылдар мен сілтілердің моль саны) сипатталады. Күшті электролиттердің әрі қарай қосылуы рН мәнінің өзгеруіне әкеледі де, буферлік қасиет тоқтайды. Буферлік сиымдылық мөлшері рН мәнін бірлікке өзгерту үшін 1 литр буферлік ерітіндіге қосылуы қажетті күшті қышқыл немесе сілтінің моль саны арқылы анықталады. Буферлік сиымдылықты қышқыл және негіз арқылы ажыратады:
Буферлік сиымдылықты анықтау үшін қосылған қышқыл немесе сілті көлемі арқылы рН тәуелділігінің графигін тұрғызады. Бұл тәуелділік 43 - суретте көрсетілген.
Сурет 43 – рН-тың көлемге тәуелділік графигі
Ордината осіне рН=1 интервалы белгіленеді және осыған сәйкес көрсетілгендей көлемнің өзгеруін табады. Күшті электролиттің моль санын анықтау үшін оның концентрациясын біле отырып, буферлік ерітіндінін аликвоттык бөлігінің катынасын колданады:
Сонда буферлік сиымдылық:
Буферлік сиымдылық буферлік қоспа конпоненттерінің концентрациясына тәуелді. Әлсіз электролиттің және оның тұзының концентрациясы неғұрлым көп болса, буферлік сиымдылықта соғұрлым көп болады.
Эксперименттік бөлім.
Достарыңызбен бөлісу: |