Алдын-ала дайындық. Буферлік сиымдылықты анықтауды кез-келген буферлік ерітінді үшін жүргізуге болады. Лабораториялық тәжірибеде көптеген қол жететін ацетаттық (СН3СООН + СН3СООК, рН=4,6) немесе аммонийлі (NН4ОН+КН4Сl, рН=3. 3) сиякты буферлік қоспаларды қолданады. рН- метрді ток көзіне қосады, тумблер арқылы рН өлшемінін буферлік қоспа рН-на тәуелділігінің диапазонын тұрғызады және оны 15-20 минут қыздыруға қалдырады.
Қышқыл арқылы буферлік сиымдылықты анықтау үшін бюретканы белгісіне дейін тұз қышқылының ерітіндісімен (Сэ(НСl)=0. 05 моль/л) толтырады. Көлемі 50 мл стаканға пипетка арқылы буферлік ерітіндінің (5-20 мл) аликвоттық бөлігін алып, 1/2 көлемге дейін дистилденген су құйып, араластырады.
Негіз арқылы буферлік көлемді анықтау үшін бюретканы сілті ерітіндісімен (Сэ(КОН)=0,05 моль/л) толтырады. Буферлік ерітіндіні дайындауды алдындағы тәжірибедегідей жүргізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |