Жексенбай н



бет94/135
Дата11.01.2022
өлшемі1,47 Mb.
#111125
түріОқулық
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   135
Байланысты:
АНАЛИТИКАЛЫҚ ХИМИЯНЫҢ ҚЫСҚАША КУРСЫ

Эксперименттік бөлім.

Алдын-ала дайындық Жұмыс істер алдында рН-метрді (потенциометр) қыздыру үшін 15-20 минут ток көзіне косады. Тумблерді рН өлшеудің (1-14) диапазонына орналастырады.

Көлемі 50 мл стаканға концентрациясы 0,1 моль/л жуық болатын алынған тұз қышқылының ерітіндісінің (5-10мл) аликвоттық бөлігін алады, 1/2 көлемге дейін дистилденген су құйып, араластырады.

Бюреткаға белгісіне дейін молярлық эквивалент концентрациясы 0,1 моль/л болатын сілтілердің (КОН немесе NаОН) стандартты ерітіндісін құяды.

Аналитикалық сигналды өлшеу

Титрленген ерітіндісі (НСІ) бар стаканды жұмыс істеуші электродқа орналастырып, оны тіреуге орналастырады, титрант қосылмаған ерітіндінің рН мәнін өлшеп, оны жұмыс журналына жазады. Содан кейін ерітіндісі бар стаканды электродтан босатып, бюреткадағы титрант (сілті) ерітіндісінен 1 мл қосып, жақсылап таяқшамен араластырып, тіреуге орналастырады. Қайтадан оған электрод орналастырып 1 мл титрант ерітіндісі қосылған кездегі рН мәнін өлшеп, мәнін жұмыс журналына жазады.

Алдындағыдай титранттың келесі үлесін қосқаннан кейін, яғни сілтілік ортадағы (рН > 7) рН көлемін өзгергенге дейін өлшейді.

3-4 жақын рН мәнінің күрт жоғарлағанынан кейін титрлеуді тоқтату керек. Титрлеу процесінде электродты дистилденген сумен жуу кажет емес.

Жұмыс аяқталғаннан кейін электродты жуып, дистилденген суы бар стаканда қалдыру керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   135




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет